Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Спринттік жүгіруді жетілдіру



бет100/193
Дата15.11.2022
өлшемі7,08 Mb.
#158294
түріСабақ
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   193
Байланысты:
9 сынып ҚМЖ
11, 80 1643979304, Әуезхан Н 13 срс, Лабораториялық жұмыс, 5 лекция, =фиброзды альвеолит-emirsaba.org, аза стан Республикасында акушерлік-гинекологиялы к мек к рсету, 251339
Ортасы

(Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.

  1. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.

  2. Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.

  3. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.

  4. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.

  5. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.

  6. Ұзындыққа , биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.

  7. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

  8. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.

  9. Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.


«Дақ түсіру» ойыны. Оқушылар жан-жаққа тарайды, жүргізуші «дақ түсіруші» дақ түсіргісі келген ойыншының атын дауыстап атайды да, қуып жетуге тырысады. Қалғандары бір орында тұрмай алаңның ішінде қозғалады. «Дақтаушы» қуып бара жатқан кезде басқа ойыншыны көрсе, сол ойыншының атын атап, ол ойыншыны қуып дақтауға болады. «Дақталған» ойыншы ойыннан шығады. «Дақтаушы» алдымен ойыншының атын атайды, содан кейін оны қуып «дақтайды». «Дақтаушы» ойын кезінде жағдайға байланысты өзінің шешімін бірнеше рет өзгерте алады (оқушының жаңа атын айта алады). Ойынның келесі түрлері ретінде: екі «дақтаушы» немесе жүргізушу тигізген ойыншы «дақтаушы» болады.
Дескриптор:
ойынның ережесін біледі;
қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады;
ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет