Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау


Окушы білімін бағалау, көтермелеу, мадақтау



бет22/37
Дата25.01.2022
өлшемі1,19 Mb.
#114179
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
001175fc-bb926125

Окушы білімін бағалау, көтермелеу, мадақтау.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу , Сымнан жасалатын өрнектердің суретін салып келу.

Сымдарды түзету әдістері 

   



0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20

Материалдарды өлшеу, белгілеу құралдары

Слесарлық қол қайшылары (а, 6) и тістеуіктер

 



 

16 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу.



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру. 

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру. 
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ. 
Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу. 
Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам. 
Жоспары: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
- Ағашты өркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: СТД – 120 м станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек. 
Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді. 
Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. 
Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. 
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. 
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. 
- Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау. 
Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау. 
Өрнектерді кесу. 
Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау. 
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау. 
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 
Жұмысқа дейін 
Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат) 
Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер (верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін т.б) 
Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. 
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. 
Жұмыс кезінде 
Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт. 
Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын. 
Нұсқау карта бойынша әр амалдары (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар. 
Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр. 
Жұмыс кезінде алаңдама. 
Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал. 
Жұмыстан кейін 
Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр. 
Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. 
Өзіңді ретке келтір. 
Шеберханадан мұғалімнің рұхсатымен шық. 
Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 
Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері: 
Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты; 
Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты
Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты; 
Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан: 
Жұмысқа дейін 
Жұмыс киіміңді дұрыс кейін (фартук, халат) 
Станогті тексер (қайысты берілістің қорғаныш бөліктері, жермен жалғанысты) 
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. 
Дайындаманы мұқият тексеріп (көз, жарық т.б.) станокқа дұрыс бекіт. 
Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2 – 3 мм. болсын. 
Жүзін тексер. 
Станокті бос айналдырып тексеріп көр. 
Көзге көзәйнек ки. 
Жұмыс кезінде 
Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста. 
Пышақты (кескішті) дайындамаға күш түсірмей, аздан тос. 
Пышақты (кескіш) тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2 – 3 мм.) 
Жарақат алмас үшін: 
а) станокқа қатты басты еңкейтпе; 
ә) станок үстінен алыс – беріс жасама 
б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң орында; 
в) қолыңмен тоқтатушы болма; 
г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе. 
Жұмыстан кейін 
Жұмыс орныңды ретке келтір. 
Станокті тазалап мұғалімге тапсыр. 
Өзіңді ретке келтір.

17 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Темір илек түрлерін егеу. Қаупсіздік ережесі.








Сабақтың мақсаты:

А) Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетіп, жұмысты шығармашылықпен жобалап       көрсетуге ықпал ету. Жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу

Ә) Оқушылардың кәсіптік бейімділігін, шығармашылық шеберлігін, еңбекке икемділігін дамыту. Тұрмысқа қажетті заман талабына сай жаңа бұйым жасау.

Б) Еңбектене білуге , тиянақтылық деңгейін көтеруге баулып, эстетикалық талғамын ұштау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, дайын бұйымдар, қоржын, асықтар.

Құрал- жабдықтар: балға, егеу, шапқы, бұрғы, керн, тістеуік, іскенже, сызғыш, темір кесетін қайшы, қыспақ.

Пәнаралық байланыс: сызу, математика.

Сабақтың әдісі: ойын, тірек сызба, тест, сөзжұмбақ, түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.

А) Қоржындағы асықтардың нөміріне сәйкес сұрақтарға жауап беру.

Темірдің жиектерін қандай құралдармен  өңдейміз және қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Темірді қай белдікпен  тесеміз және қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Киім жөнінде қауіпсіздік техника ережесін айтып беру. Қаңылтырды түзеткен кезде қандай құралдарды қолданамыз және қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.?

   Ә) Тест сұрақтарына жауап беру

1. Тоқ өткізбейтін материал:

А) резеңке                  ә) болат                   б) мыс                                 г) су

2. Тоқ өткізетін материал:

А) Пластмасса                             ә) Алюминий               б) ағаш

в) Шыны                                       г) Шомот қағазы

3. Қара металл:

А) жез                         ә) қорғасын                   б) алюминий

В) шойын                   г) мырыш

4. Түсті металл:

А) болат                      ә) көміртегі болат                  б)мыс                в) темір              г) шойын

5.Металл бетін өңдеу кезінде белгі соғатын құрал:

А) бұрыштық                         ә) қадаубас                                   б) тескіш

В) сызғыш                              г) циркуль

6. Қаңылтырды тегістейтін балға:

А) дөңгелек табанды балға                                б) Кішкене балға

Ә)  Пұт балға                                                           в) шаршы табанды балға

Г) ағаш балға

7. Ара қайрайтын егеу:

А) үш қырлы егеу                                                  ә) жалпақ егеу

Б) төрт қырлы егеу                                               в) түрлі

Г) Жұмыр егеу

8. Шеге суырғыш қышқыш:

А) Плоскогубцы                           ә) Құс тұмсық қышқыш        б) тістеуік

В) Кемпірауыз                              г) ат ауыз қысқыш

9. Металл кесетін араның қайрау бұрышы қандай?

А) 30                    ә) 60                          б) 75                     в) 90                 г) 65

10. Темір жонатын белдік

А) Фрезерлеу белдігі                 ә) бұрғылау белдігі

Б) токарь- винтті белдігі           в) сүргілеу белдігі

Г) шлиптеу белдігі

11. Металл бөлшектері мен тесіктерін өлшейтін құрал:

А) Кронциркуль                           ә) микрометр                  б) шуптер

В) штанциркуль                           г) Индикатор

12. Токарь винтті белдігіндегі беріліс:

А) ременді беріліс                       ә) фрикциялы беріліс

Б) шынжырлы беріліс                 в) тісті беріліс

Г) Шлиптеу белдігі

13. Металды қандай құралмен шабады?

А) қашау                                 ә) шапқы                        б) балта

14. Ішкі резьбаны немен салады?

А) Метчик                               ә) плашка

15. Қандай металл шорт сынады?

А) Мыс                                    ә) шойын                             б) алюминий

- Ал балалар технология сабағында темірді шауды, кесуді, тесуді, қосуды және басқа өңдеу техналогияларын үйренгенбіз. Енді осы үйренгенімізді іске жаратайық. Қазір қыстың суық кезеңі оқушылардың  жылы сырт киімі және екінші аяқ киімдері болады.

Біздің оқушылардың  саны өсіп келе жатыр, оны өздерің де білесіңдер. Сондықтан біз осындай білімімізбен, өнерімізбен мектеп өміріне өз үлесімізді қосып, әр сыныпқа темір ілмектер жасап берейік. Сондықтан бүгінгі жасайтын бұйымымыз жұқа темірден ілмек жасау.

V.Аяқтау кезеңі.

Оқушыларға жұмыс кезіңіндегі кемшіліктерді және  нәтежелерді ескерте  отырып, жұмысты аяқтаймыз. Жұмыс орнын жинап, Құрал- жабдықтарды кезекшіге тапсырамыз.

VI.Қортындылау кезеңі.

Кезекші орындаған жұмыстарын жинап әкелген соң нәтижелеріне қарай бағалау.

VII.Үй тапсырмасын тексеру:Металға байланысты шығарған ребустарын тексеру. VIII.Ұйге тапсырма.Ілгектің басқа түрін және басқаша әдістеу,қарастыру

18 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Эскиз арқылы металды шекімелеу.



  • Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ағаш жону білдегімен танысу және оны қолдану; жұмыс амалдарын, бұйымның ішкі беттерін жону үшін кескіш аспапты таңдай білуге, дайындамаларды бекітетін айлабұйымдарды таңдауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды көркемдік жұмыстарды орындауда эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдармен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.


Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс-тәсілдері
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.
Құралдары: ағаш жону білдегі, жону құралдарының жиынтығы, айлабұйымдар, өлшегіш құрал, дайындамалар.
Пайдаланған әдебиет: Технология 8,9 сынып оқулықтары «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенов, А.Балғожаев Қызылорда 2006ж
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушы назарын сабаққа аудару.
«Бағдаршам» әдісі:
әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-тсті стикерлер арқылы белгі береді: «жасыл» – дайын, «сары» – күмәнді, «қызыл» – дайын емес.
Жеке оқушылармен жұмыс. Үлестірмелі парақтар.
Қызығушылықты ояту кезеңі
Ағаш жону білдегінде қандай бұйымдар жасалады?
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ағаш жону білдегі.
«Кім біледі?» ойыны. ТСД-20 ағаш жону білдегінің бөліктерін слайд арқылы сұрау «беске» білетін оқушы 1 сұраққа жауап беріп, қалғаның оқушылардан «кім біледі?» деп сұрайды.
Жону дегеніміз не?
III. Үй тапсырмасын бекіту

Сөйлейтін сандар

56 81 30 42 32 18 72 63 28 36 27 20 45 16 48
 

IV. Жаңа сабақ..


Жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар.
Ой қозғау. Жонғыш құрал-саймандардың қандай түрлерін білесіңдер?
Жоңғыш құрал-саймандар кескіш қашаулар құрылымы бойынша өте алуан түрлі, олардың әр түрлі болуы білдектің құрылымдық ерекшелігіне және қолданылуына байланысты болады. Олар қолмен – білдек асты тірегі бар білдекте жұмыс істеуге арналған және құралкүймешікті – механикалық беріспен жұмыс істейтін білдекке арналған болып екіге бөлінеді.
Фасонды кескіштерді бұйымда фасонды пішіндер қыру үшін қолданады. Әр түрлі пішінді бұранда ою үшін арнайы кескіштерді қолданады.
Бекітуші айла бұйымдарға: қысқұрылғы, үшаша, қысқы жатады. Қысқы және үшашамен осьтік жонуда дайындаманың бір шетін ұстатады. Сонымен бірге қысқыны ұсақ тетіктердің ішкі жағын қырғанда бекітуші айла бұйым ретінде қолданады.
Қысқұрылғы үлкен өлшемді дайындамаларды өңдегенде және жалпақ тұтас дискілерді қырғанда бекітуші айлабұйым ретінде қолданылады.
Үш жұдырықшалы қысқы дайындаманың центрін қыспақ жұдырықшалары
Сергіту кезеңі.
Интерактивті тақтаның көмегімен жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар туралы видео ролик көрсету.
Не көрдіңдер, не қызықтырды?
Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:
1. Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;
2. Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;
3. Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;
4. Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығын дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан:
Жұмысқа дейін:
1. Жұмыс киіміңді дұрыс киін. Жең, галстук, белбеу т.б. киімдеріңді ретте.
2. Станокті тексер (ременді берілістің қорғаныш бөліктері, заземление т.б.).
3. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.
4. Дайындаманы мұқият тексер (көз, жарық, т.б.).
5. Пышақ тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келтіріп, арақашықтығы 2-3 мм болсын.
6. Пышақтың жүзін тексер.
7.Станокты бос айналдырып тексеріп көр.
8. Көзіңе көзәйнек ки.
Жұмыс кезінде:
1. Кесу жұмысы станок толық күшімен айналған соң баста.
2. Пышақты дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.
3. Пышақ тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр.
4. Жарақат алмас үшін:
а) станокқа қатты жақындама; ә) станок үстінен алыс-беріс жасама;
б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң жүргіз;
г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе.
1. Көркемдеп жону жұмыстарының күрделілігіне байланысты ағаш жону білдегінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауға ерекше назар аудару.
2. Технологиялық карталарды тарату.
3. сызбаларды оқып-үйрену және тиісті құрал-саймандар мен айлабұйымдарды таңдап алу.
4. Тетіктерді жонып үйрену.
Видеоролик (ағаш жону білдегі)
V. Жаңа сабақты бекіту
«Өзіндік мысал» ойыны:
Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен жорамалдарын дайындайды.
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру

18 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Металды слесарлық арамен кесу.



  • Білімділік: Мектеп шеберханасында  еңбек құралдарын пайдалана  отырып, металлды өңдеуге , бұйымды  нұсқау карта  бойынша жасауға  үйрету.

Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде  дамыту, шығармашылық  іскерлігін  шеберлігін  дағдыларын  нығайту. Ежелден  келе жатқан  мета өңдеу техникасы  арқылы  ата кәсіпті  дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды  іскерлікке жауапкершілікке  белсенділікке   ұсталыққа  қазіргі  өндіріс пен техниканың  жетістіктерін  адам  өмірінде  темірдің алатын  қызметін  ел байлығын сақтай  білуге  ұсталық  қолөнерді  қастерлеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың  типі:  Қорытындылау  сабағы.

Сабақтың  түрі: Сайыс  сабағы

Сабақ  көрнекілігі:  Технологиялық  көрнекі бұйымдар, плокаттар үлгі тест сұрақтары сұрақтар, диафилм.

Сабаққа қажетті  құрал – саймандар:  қаңылтыр,  балға, егеу түрлері,  шапқы, қысқыш, сызғыш,  белгі салғыш.

Пән  аралық  байланыс: Тарих , география, химия, сызу, сурет .

Сабақтың  барысы:

1. ұйымдастыру  кезеңі.  Оқушылардың  жұмыс  орындарын  және  сабаққа дайындығын  тексеру.  Оқушыларды 5 топқа бөлу.


  1. Алтын

  2. Қола

  3. Болат

  4. Шойын

  5. Темір.

Сабақтың  мақсатын жүргізілу жоспарын  түсіндіріп  өту. Балалар  біз  бүгін  метал  туралы  алған  білімімізді  қорытындылайыз.  Қазіргі  замандағы  метальдың  ролі. ¦сталық  өнер,  тұрмыстағы  метал  бұйымдар  туралы  айтылады. Металмен  жұмыс  істеу  кезінде  қауіпсіздік  ережелеріне  баса  наза  аудару  керек.  Бүгінгі сабақта  әр  топ  метал  туралы  білімдерін  шеберліктерін ортаға  салады.Бүгінгі сайыстың б бірінші  тапсырмасы  бойынша  әр топ  өзін  таныстырып  аттарын  қорғайды.

 

2. Білім  сайысы: тест  сұрақтары.



Тест сұрақтары

 

1) Қара  металл



А)  жез

Б)  қорғасын

В)  шойын

Г) Мырыш


Д)Алюминий

2. Түсті метал

А)Болат

Б)Темір


В)Көміртекті болат,

Г)Шойын,       

Д)Мыс

3. Метал бетін өндеу кезіңде белгі соғатын құрал:



А)Бұрыштық,

Б)Сызғыш,

В)Қадаубас(кернер),

Г)Циркуль,

Д)Тескіш.

4.Қаңылтыр тегістейтін балға

А)Дөңгелек табанды балға,

Б)Квадрат табанды балға,

В)Пұт балға,

Г)Ағаш балға,

Д)Кішкене балға.

5.Ара қайрайтың егеу

А)үш қырлы егеу,

Б)Түрпі,


В)Төрт қырлы егеу

Г)Жұмыр егеу,

Д)жалпақ егеу.

6.Шеге суырғыш қысқыш,

А)Плоскогубцы,

Б)Кемпірауыз,

В)Құс тұмсық қысқыш,

Г)Ат ауыз қысқыш,

Д)Тестеуік.

7.Метал кесетің араның қайрау бұрышы қандай

А)30,

Б)90,


В)60,

Г)65,


Д)75,

8. Темір жонатың станок:

А)Фрезерлеу станогі,

Б)Сүргілеу станогі

В)бұрғылау станрогі,

Г)шилиптеу станогі,

Д)Токар винтті станогі.

9. Машина детальдары мен тесіктнерін өлшейтің құрал:

А)кронциркуль,

Б)штангенциркул,

В)микромктр,

Г)Индикатор,

Д)Щуптер.

10.Токарь виннті станогыңдағы беріліс:

А)Ременді беріліс,

Б)Тісті беріліс,

В)Фрикциялы беріліс,

Г)Червякті беріліс,

Д)Шынжырлы беріліс. 


  1. Шапқы мен  балғаны пайдаланып металды өңдеу операциясы (Метал кесу).

  2. Слесарлық қыспақтың бөліктерін ата. (жылжымайтын  еріндік тұрық, жылжымалы еріндік, қыспақ бұранда, сабы бар жылжымалы еріндік)

  3. Егеудің негізгі қызметін ата. (метал бетін тегістеу)

  4. Металдың  бетіне  белгі салу  үшін  қолданылатын  құрал. (кернер).

  1. Жұқа қаңылтырды  кесіп  қиюға  арналған  құрал (қайшы)

  2. Металды  ұруға майыстырып  түзеуге арналған  құрал (балға).

  3. Металды  қысып  ұстауға  бұрауға  майыстыруға  арналған  құрал (кемпірауыз.)

  4. Метал бұйымдарын  тесуге арналған  құрал. ( қадаубас).

  1. Бұрғылау станогындағы қауіпсіздік  ережесі.

  2. Темір кескендегі қауіпсіздік  ережесі

  3. Темір аралағандағы қауіпсіздік  ережесі.

  4. Оқу шеберханасындағы  қауіпсіздік  ережесі.

 

 


  1. «Шапқы» сөзжұмбағын  шешу

 

 

 

 

Ш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

П

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ы

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жұқа қаңылтырды кесіп, қиюға арналған  құрал. (қайшы)

  2. Металды ұруға  майыстырып  түзетуге  арналған  құрал. (Балға)

  3. Металды  қысып ұстауға  бұрауға, майыстыруға  арналған  құрал. (Кемпірауыз)

  4. Металл бұйымдарын тесуге  арналған  құрал (қадаубас)

  5. Металл бұйымын әдемелеп тесуге  арналған құрал. (Бұрғы.)

 

  1. шеберлер сайысы:Әр топ  үйге берілген  жұмыстарын  көрсетеді. Металдан  әр түрлі бұйымдар жасайды сол бұйымның нұсқау картасын, жасалу жолдарын бұйымды жасау барысында қолданылған  метал өңдеу операцияларымен  және  құралдарымен  таныстырады.

 

6. Рефераттар қорғау:Бұл бөлімде әр топ төмендегі тақырыптар бойынша  рефераттар дайындаған



  1. Түсті металдар

  2. Темір өңдейтін құралдар

  3. Болат өндірісі.

  4. Шойын  өндірісі.

  5. Темір рудасы.

  6.  

7. Қорытынды:Бұл бөлімде  бүгінгі сабақта  әр топтың  алған балдары есептелініп сайыс қорытындылады. Жеңімпаздар атап өтіледі.

20 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет