Сабақтың тақырыбы: Ақуыздар. Ақуыздардың бірінші реттік құрылымы. Ақуыз молекуласының құрылымдық сипаты


АҚУЫЗДЫҢ ТӨРТІНШІ РЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ



бет6/11
Дата03.01.2022
өлшемі1,54 Mb.
#108845
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
5 ЗПС амин қышқылдары

АҚУЫЗДЫҢ ТӨРТІНШІ РЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ

Ақуыздың төртінші реттік құрылымы - барлық ақуыз молекуласына тән емес, тек кейбір ақуыз молекулаларында ғана кездеседі және екі және одан да көп полипептидтік тізбектен тұрады. Әрбір осындай тізбектер суббірлік (протомер) деп аталады. төртінші реттік құрылымы бар ақуызды олигомерлі ақуыздар деп аталады. Ақуз молекуласының құрамына бірдей немесе әртүрлі суббірліктер кіреді. мысалы, гемоглобин "А" бір типті екі суббірліктен және екінші типті екі суббірліктен тұрады және тетрамер деп аталады. ақуыздың төртінші реттік құрылымы әлсіз байланыстармен, дифсульфидтік байланыстармен байланысады.

Ақуыз молекуласының құрамында болатын байланыстар:

1. КОВАЛЕНТТІ БАЙЛАНЫСТАР - мықты химиялық байланыстар

-       пептидті байланыстар (екі амин қышқылы қалдықтарының арасында түзіледі: бірінші амин қышқылының амин тобы мен екінші амин қышқылы қалдығының карбоксил тобы арасында түзіледі).

-       дисульфидтік байланыс (может возникать между разными участками одной и той же полипептидной цепи, тогда она удерживает эту цепь в изогнутом состоянии)

2.КОВАЛЕНТТІ ЕМЕС (ӘЛСІЗ) БАЙЛАНЫСТАР. Ортаның физикалық - химиялық жағдайларына өте сезімтал. Олар арнайы маманданбаған, яғни, әртүрлі химиялық топтар білгілі бір талаптарға жауап беретін белгілі бір химиялық топтар бір-бірімен әлсіз байланысады.

-       Сутектік байланыс (сутегі атомы арқылы теріс зарядталған атом екінші теріс зарядталған атоммен ковалентті байланысу арқылы түзіледі).

-       иондық байланыс ( оң және теріс зарядталған топтар арасында пайда болады)

-       гидрофобты әрекеттесу (амин қышқылдарының гидрофобты радикалдары арасында арнайы маманданбаған тартылыс).





Молекулаларының құрамында амин- NН2 және карбоксил тобы –СООН топтарынан тұратынн органикалық қосылыстарды амин қышқылдары деп атайды. Амин қышқылдары ақуыз молекуласын құрайтындықтан маңызы өте зор. Табиғатта 150 жуық амин қышқылдары анықталған, бірақ соның 20 ғана ақуыз құрамына кіреді. Ақуыз құрамына кіретін амин қышқылдарын протеиногенді амин қышқылдары деп атайды. Шамамен жартысы алмастырылмайтын амин қышқылдарына жатады. Себебі олар адам мен жануарлар ағзасында синтезделмейді.

Амин қышқылдарының жалпы формуласы:





Құрылысы. Бұл қосылыстардың құрылысы олардың атауларында бейнеленген. Олар көмірсутек радикалында амин тобы бар карбон қышқылдары болып табылады. Амин қышқылдарының молекуласындағы екі функционалдық топ бір-бірімен салыстырғанда әр түрлі орналасуы мүмкін, мысалы:

Ақуыз құрылысында молекуласындағы карбоксил тобы мен амин тобы өте жақын орналасқан α – аминқышқылдары ғана болатынын айта кету керек.

Табиғатта амин қышқылдарының L және D стереоизомерлері кездеседі.

Көміртегі тізбегінің соңында амин тобы орналасқан аминқышқылдар қатары 1 – кестеде келтірілді.

1– кесте. Амин қышқылдарының кейбір өкілдері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет