Ақуыздың екінші реттік құрылымы - полипептидтік тізбектің кеңістікте ширатылуы. ақуыздың екінші реттік кеңістік құрылымының 3 типін ажыратады.
Альфа-орам - белгілі бір сипаттамалары бар: - ені, екі орам арасындағы ара қашықтық. Ақуыздар үшін оңға қарай ширатылу тән. Ақуыздың 10 орамына 36 амин қышқылының қалдығы сәйкес келеді. Барлық пептидтерде альфа - орам бірдей болып келеді. Альфа-орам өзара бір орамның NH- тобы мен екінші орамның СО - тобы арасында сутектік байланыстың түзілуі арқылы жасалады. Бұл сутектік байланыстар орамның осі бойымен параллельді орналасады және көп қайтара қайталанады, сондықтан ақуыздың орамды құрылымы берік сақталады.
Ақуыздың альфа-орамы
Бета- қатпарлы құрылымы- немесе жапырақ қатпарлы құрылымы. бұл құрылым да амин қышқылдарының СО және NH- топтарының арасында сутектік байланыстың түзілуі арқылы жасалады. Сутектік байланыс полипептидтік тізбектің екі бөлігінде түзіледі. бұ тізбектер параллельді немесе антипараллельді болып келеді.
Ақуыз молекуласының бета-қатпарлы құрылымы
Тұрақсыз құрылымы - ақуыз молекуласының екінші реттік құрылымының типі, бір-біріне тұрақты байланысы жоқ полипептидтік тізбектің әртүрлі бөлігінде орналасады.
Ақуыз молекуласының альфа- орамы (сол жағында) және бета-қатпарлы құрылымы (оң жағында)
Достарыңызбен бөлісу: |