Сабақтың басы
7 минут
|
Ширату «Сәлемдесу»
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
-Салем достым! (амандасады)
-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)
-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)
-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)
-Сен келдің! (қолдарын жаяды)
-Жақсы болды!(құшақтайды)
«Пазл» әдісі
(өлең жазылған қағаз қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінеді)
Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.
Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді.
Нағыз қазақ –қазақ емес,
Нағыз қазақ –домбыра.
Үй жұмысы Оқушылар «Шеңбердегі әңгіме»әдісімен ұлттық аспаптар туралы оқып келген мәліметтерін айтады.
Бағалау критерйиі:
1.Ұлттық аспаптар туралы өз ойын айтады.
2.Тұйық етістіктерді қатыстырып сөйлейді.
ҚБ Мұғалім қошеметі
Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.
|
Кеспе қағаздар
Ұлттық аспаптар
|
Сабақтың ортасы
20 минут
|
1-тапсырма
«Домбыра-қазақтың ұлттық музыкалық аспабы» бейнебаян көрсетіп, тақырыпты болжатамын.
Қазақтың қандай аспабымен таныстыңыздар?
Домбыраны кім жасайды?
Дескриптор:
Бейнебаян мазмұнын түсінеді.
Өз ойларын жинақтайды.
Ойларын болжам түрінде айтып сипаттайды.
ҚБ «Қол шапалақтау» арқылы
Тыңдалым және айтылым алдындағы тапсырма.
2-тапсырма
Мәтінді мұқият аудиотыңдалымнан тыңдату.
Домбыра
Домбыра-қазақтың ең көп тараған ішекті, көп пернелі музыкалық көне аспабы.Дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай,дыбыс жаңғырту қасиеті күшті тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді ағаштардан,негізінен, екі түрлі әдіспен құралып не ойылып жасалады.Сыртқы нұсқасына,бөлшектеріне,ішек санына, дыбыс ауқымы мен ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «желбезекті», «тұмар», «қуыс мойын», «қос мойын», «бүктемелі», «қос шанақты», «үшем»аталатын түрлері бар.
Домбыраның құрылыс бөліктері: басы, екі құлағы, пернелері, мойын, шанақ, бетқақпақ, ішек, ілгек; қосымша бөліктері: үш түрлі тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік.
Ән,жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8-9,көп болғанда 14-15 ,күй тартуға арналғандарында перне саны жиырмадан асады. Ішек қағыстары да түрлі: сермеп ойнау, іліп ойнау, шертіп ойнау.Құлақ күйі әуен сазына сәйкес оң және теріс бұрау арқылы түсіріледі.
Дескриптор:
- негізгі ойды анықтайды.
- сөйлеушінің сөйлеу мәнерін ажыратады;
- өз әсерімен бөліседі:
ҚБ «Мұғалім мадақтауы»
Саралау жұмысы: Жетекші сұрақтар, тірек сөздер ұсынамын
ТЖ. «3 сұрақ» әдісі
1. Домбыра қандай аспап?
2.Домбыраның қандай түрлері бар?
3.Домбыраның құрылыс бөліктері қандай?
4.Домбыраның неше пернесі бар?
5.Домбыра аспабы қандай ағаштардан жасалады?
Дескриптор:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
Сұрақтар құра алады;
Сұрақтарға дұрыс жауап береді;
ҚБ "Үш шапалақ" арқылы бағалау.
Тыңдалым және айтылым кезіндегі тапсырма
3-тапсырма ТЖ
«Маңыздылық аймағы» әдісі Берілген бөліктерге мәтіннің тақырыбы,негізгі идеясы,стиль түрі,тілдік ерекшеліктерін тауып жазады.
1-топқа «Домбыра – қазақтың халық аспабы»
2 -топқа «Ақсақ құлан»
Бағалау критерйиі:
- мәтіннің тақырыбын анықтайды;
- стиль түрін анықтайды;
- тілдік ерекшеліктерін ажыратады;
-мәтіннің негізгі идеясын анықтайды.
ҚБ 2жұлдыз,1ұсыныс әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды;
4-тапсырма
«Балық қаңқасы»
Берілген сөздерді түрлендіріп,сөйлемдер құрап, тұлғалық мәнін ажыратып,балық қаңқасын толтырыңыз.
Басына тұйық етістіктерді,үстіңгі қаңқаға тұйық етістіктерді түрлендіреді,астыңғы қаңқасынатұлғалық мәнін табады.,құйрығына сөйлемдер жазады
1-топ:шерту, үйрену, ойнау
2-топ:байлау, күмбірлеу,күркіреу
Бағалау критерийі:
1.Берілген тұйық етістіктерді түрлендіреді.
2.Тұйық етістіктерге сөйлемдер құрайды.
3.Тұлғалық мәнін табады.
ҚБ: «Бас бармақ » әдісі арқылы
|
Бейнебаян ғаламтор желісінен алынды
|