Сабақтың тақырыбы: Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау
Дата 10.04.2017 өлшемі 14,05 Kb. #13566 түрі Сабақ
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында білім алушы оқушыларымыз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Сабақтың тақырыбы: Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау Қару жарақ туралы оқушы ұғымын тереңдете отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екендігін ұғындыру. Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, іздендіру. Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.дене тәрбиесі САБАҚ ЖОСПАРЫ: І. Ұйымдастыру ІІ. Жаңа сабақ. ІІІ. Топ сайысы: 1. Тест. 2. Ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру. 3. Автоматты бөлшектеу, жинақтау. 4. Мақал – мәтелден жарыс ІУ. Бағалау У. Үйге тапсырма САБАҚ БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру. а) Взвод командирі сапқа тұрғызады, оқытушыға баянат береді. б) Амандасу , түгелдеу әскери форманы , сырт көріністі тексеру. в) Оқушыларды екі топқа бөлу. ІІ. Жаңа сабақ. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау Автоматты орналастыру Түрлері: а) толық бөлшектеу , жартылай бөлшектеу. Михаил Темофеевич Калашников АКМ автоматының арналу мақсаты, ұрыстық қасиеттері жалпы құрылысы 1919 жылы10 қарашада Алтай өлкесі, Курья селосында туылған. Калашников 19 жасында 1938 жылы әскер қатарына шақырылды. Міне осы кезден бастап Калашниковтың соғыс қаруына деген қызығушылығы артып , қару құрастыруды ойластыра бастайды. 2. Оқшантайда патронның бар жоғын тексеру 3. Керек – жарағы-мен пеналды алу 7. Қайтарма механизмді алу 8. Бекітпемен қоса бекітпен жақтауын алу 10. Ұнғы бастырмасы газ түтігін алу Бөлшектеу үшін 18 секунд – 5 20 секунд – 4 25 секунд - 3 3. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу 4. Қайтарма механизмді қосу. 5. Ұңғы қорабының қақпағын қосу. 6. Шүріппені босатып сақтандырғышқа қою 7. Жалын сөндіргішті қосу 9. Пеналды дүмбі ұясына салу Жинақтау үшін 30 секунд -5 35 секунд -4 40 секунд -3 АКМ, АК-74 автоматының ұрыстық қасиеттері. Ұңғы калибрі . Жарақталған оқжатармен қосқандағы салмағы. кг Сүңгі пышақтың салмағы. Гр Оқжатардың сиымдылығы. Оқтың шеткі ұшу алыстығы. Оқтың қиратқыш әрекеті сақталатын қашықтық. метр Оқтың бастапқы жылдамдығы.м/с Автоматтың негізгі бөлшектері мен механизмдері. Автоматты бөлшектеудің неше түрі бар? 1)Толық және жартылай бөлшектеу 2)жартылай бөлшектеу 3)бүтін бөлшектеу Автоматты бөлшектеудің уақыты“5”ке ? 1) 21секунд 2) 18 секунд 3) 24 секунд АКМ автоматының калибрі ? 1) 5,45мм 2) 7,62мм 3) 5,49мм АК-74 оғының бастапқы жылдамдығы? 1) 900 м/с 2)960 м/с 3) 715 м/с АКМ оғының қиратқыш әрекеті сақталатын қашықтық ? 1) 1500м 2) 1350м 3) 3000м Ерлік елге мұра , ұрпаққа ұран! Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран! Ел намысын ер қорғайды, Ер ерлігін ел қолдайды. БАҒАЛАУ Жауаптарына қарай топқа және жеке оқушыларға қағаздан қиылған шекаралық белгі таратылады. Шекаралық белгіні көп иеленген топ “Шекарашы мықты, мызғымас, білімді, патриот ел ” , ал оқушы мықты шекарашы деп аталып , “Үздік” бағалар қойылады. Үйге тапсырма: №3 тапсырма №16 орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Махамбет Талғат . Мамандығы: АӘД пәнінің мұғалімі Өтілі: 12 Санаты: 2 Достарыңызбен бөлісу: