2. Башпайдың қысқа бүккіші б.е. m. fiexor hallucis.
Сына тәрізді сүйектің медиаль шетінен басталады, үлкен башпайдың проксимальды бунағының негізіне бекиді.
3. Башпайды келтіруші б.е. m. adductor hallucis.
Екі басы бар. Бір басы куб тәрізді сүйекпен, сына тәрізді сүйекпен II-IV табан сүйегі негіздерімен басталады.
Екінші басы II-V табан бунақ буынынан басталады.
Екеуі бірігіп. Үлкен башпайдың латеральды тобық сүйегіне бекиді.
Латеральды (кішікене башпай б.е.)
1. Кішкене башпайды әкететін б.е. m. abductor digiti minimi.
2. Кішкене башпайдың қысқа бүккіш б.е. m. digiti minimi brevis.
Ортаңғы топ б.е.
1. Башпайлардың қысқа бүккіш б.е. m. flexor digitorum brevis.
2. Шаршы табан б.е. m. flexor accessorior.
3. Құрт тәрізді б.е. m. lumbricoles.
Сабақтың тақырыбы: Асқорыту жүйесінің құрылысы.
1.Ас қорыту жүйесінің жалпы құрылысы;
2. Ауыз қуысы мен оның мүшелері (тіс, тіл) құрылысы, сілекей бездері.
3. Жұтқыншақ құрылысы мен қызметі, өңештің құрылысы мен қызметі;
4. Асқазанның құрылысы мен қызметі;
Асқорыту жүйесі.
Асқорыту жүйесі (пищеварительная система) тамақ заттарын механикалық және химиялық өңдеп, тамақтың өңделген бөліктерін сіңіріп, өңделмеген бөліктерін сыртқа бөліп шығаратын мүшелер комплексі болып табылады. Асқорыту жолының ұзындығы 8-10 м және ол ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек және тоқ ішек деген бөлімдерге бөлінеді.
Асқорыту жолының жекелеген бөліктерінің әр-түрлі қызметтеріне қарай үш қабықшасының – шырышты, бұлшық етті және дәнекер тканьды құрылысы асқорыту түтігінің түрлі бөлімдерінде әр-келкі болады.
Жалпы асқорыту түтікшесінде шырышты қабатының құрылыс ерекшелігі бар эпителий клеткаларының кейбірі қарапайым бір клеткалы бездер болып келеді, олар әр-түрлі мүшелердің әр-қайсысына тән сөл бөліп шығарады (мысалы сілекей, асқазан сөлі, ішек сөлі); Екіншіден, шырышты қабатында лимфоид ұлпасы кездеседі, бұл жерде лимфоциттер болады қорғау функция атқаратын. Лимфоид ұлпасының үлкен ошақтарын бадамша без деп атайды.
Бұлшық ет қабаты сызықшасыз бұлшық ет түрінен тұрады, оның талшықтарының жартысы мүше бойымен орналасқан, ал келесі жартысы көлденең сақына тәрізді келген. Талшықтарының жиырылғанынан перистальтика қимылы пайда болады.
Сыртқы серозды қабаты бүкіл кеуде және іш құыстарындағы мүшелерді бүркейді, мысалы кеуде қуысында плевра және перикард деп аталады, ал іш құысында – ішастар (брюшина), бұлар аталған құыстарды төсей отыра (астарлап), мүшелерге ауысады да бүркейді, олардың сыртқы жағынан
Ауыз қуысы.
Ауыз қуысы (полость рта, cavitas oris) екі бөлімге бөлінеді: ауыз алды vestibulum oris және нағыз ауыз қуысы cavitas oris propria.
Ауыз алды деп сыртынан еріндер мен жақтар арасындағы, іш жағынан тістер мен қызыл иектер арасындағы кеңістікті айтады. Ауыз тесігі, rima oris, арқылы ауыз алды сыртқа ашылады.
Нағыз ауыз қуысы алдыңғы жағында тістерден бастап, арт жағында жұтқыншақтың кіреберісіне дейін созылады. Ауыз қуысы жоғарғы жағынан қатты таңдаймен және жұмсақ таңдайдың алдыңғы бөлігімен шектелген; оның түбін ауыз диафрагмасы түзеді. Жұмсақ таңдай бүйірлері жағынан доғашықтарға айналады. Олардың алдыңғысы тілдің бүйір жағына келеді, ал артқысы жұтқыншақтың бүйір қабырғасымен біраз созылады. Алдыңғы және артқы доғашықтардың арасында таңдай бадамша безі орналасқан шұқыршақ жатады. Әрбір таңдай бадамша безі лимфа тканінің сопақ пішінді жиыны болып табылады. Бадамша без доғашықтар арасындағы үшбұрышты ойыстың көбін алып жатады.
Тілше (кішкене тіл), uvula, дененің тік қалыптағы кезінде жақтың төмен салбырауына кедергі болатын ауыз қуысында саңылаусыздық жасау қажеттігіне байланысты тек адамға ғана болады.
Ауыз қуысының шырышты қабаты бүткіл қуысты астарлап шығады, осы мүшенің функциясына сай шырышты қабатында ерекшеліктері бар: біріншіден – қарапайым микроскопты сілекей бездері бар; екіншіден – шырышты қабатының әр жерде жанасатыны әр-түрлі, мысалы ұрттарда, қызыл иектен еріндерге және ұртқа қарай ауысатын жерінде – жылжымалы болып келген, ал қатты таңдайда, қызыл иекте – жылжымайтын. Адамға тіршілігінде осы ерекшеліктің тәжірибелі мәні бар (стоматологияда). Үшіншіден – ауыз қуысында кейбір жерінде қатпарларын құрайды, мысалы тіл асты, жоғарғы, төменгі ерін жүгеншіктері. Төртіншіден – шырышты қабаты жабысқақ келген, бұл ерекшеліктің де тәжірибелі мәні бар.
.
Тістер (зубы, dentes).
Тістер тамақты механикалық өңдеуге арналған сүйектенген ісінділері болып табылады.
Адамда бүткіл тістің саны 28 ( 7 х 4 ), ал кейбір адамдарда 18 жасында жарып шығатын «ақыл тістері» кездеседі, үшінші үлкен азу тістер, онда 32 тісі болады. Аталған тістер тұрақты тістерге жатады, ал кішкентай балаларда сүт тістер болады, саны 20 ( 5 х 4 ), сүт тістер алты айдан жарып 2,5-13 жасқа дейін түгелі шығады, тұрақты тістердің шығуы бірінші үлкен азу тістен алты жаста басталып, 12-13 жаста шығып болады. Стоматологиялық практикада бірінші күрек тістен бастап соңғы үлкен азу тіспен аяқтап нөмірлейтін, ыңғайлы формуланы пайдаланады: 1, 2 (күрек тістер), 3 (иттіс), 4, 5 (кіші азу тістер), 6, 7, 8 (үлкен азу тістер). Тағы да бір белгі: сүт тістер 1-5, тұрақтысы 1-7, 8.
Бар тістер өзара топқа бөлінеді:
күрек тістер
иттістер (сойдақ)
кіші азу тістер
үлкен азу тістер
Әрбір тістің анатомиялық құрамы мына бөліктерден тұрады:
тіс сауыты (коронка зуба);
2. тіс мойыны (шейка зуба);
тіс түбірі (корень зуба);
Тіс сауыты қызыл иектен шығып тұрады, мойын (тістің сәл қысыңқы бөлігі) қызыл иектен қаусырылады, ал түбір тіс ұяшығында орналасып, тіс төбесімен, apex raditis, аяқталады, онда жай көзбен – ақ төбенің кішкене тесігі – foramen apecis, көрініп тұрады. Тіс сауытының ішінде қуыс болады, тіс түбіріне қарай бұл қуыс тарылады да түбір өзегін құрайды. Өзек тіс төбесінде жоғарыда аталған төбе тесігімен ашылады.
Тістің қатты заты мыналардан тұрады:
эмаль (тістің сауытын бүркейді);
дентин (эмаль мен цементтің астында) бүткіл тісті бүркейді;
цемент (тістің түбірін бүркейді).
Тістің жұмсақ затына тіс ұлпасы (пульпа) жатады.
Тісті жақтағы тіс ұяшығында периодонт ткані ұстайды.
Тістер қабысқанда (біріне бірі тиіскенде) жоғарғы күрек тістер төменгі жақтағы сәйкес тістердің үстінен келіп, ішінара оларды жауып тұрады – ортогнатия. Осыған байланысты прогнатия және прогения жағдайлар адамда кездеседі.
Тіл (язык, lingua, грекше glossa).
Тіл – бұлшықетті мүше. Оның формасы мен қалпының өзгеруінің шайнау және сөйлеу, жұтыну үшін маңызы бар, ал оның шырышты қабықшасындағы арнаулы нерв ұштары арқасында тіл дәм сезу және сипап мүшесі болып табылады. Тілде ұшын, денесін, түбірін ажыратады, тағы басқадай жоғарғы дөңес беті, тіласты, екі бүйірі.
Тілдің шырышты қабатында көптеген бүртіктері болады:
жіп тәрізді – тілдің алдыңғы бөлімінің жоғарғы бетін алып жатады;
саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер тілдің ұшы мен жиектерінде орналасқан;
науашық тәрізді, ең ірілері, тілдің түбіріне қарай орналасады;
жапырақ тәрізді, бұларда тілдің түбіріне қарай орналасқан.
Осы төртеуі дәм сезу бүртіктері.
Тілдің бұлшық еттері: екі топқа бөлінеді:
меншікті тілдің бұлшық еттері;
тіл асты сүйегіне байланысты бұлшық еттері.
Меншікті бұлшық еттердің талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан: тілдің ұзынымен, көлденең және желпуіш тірізді. Бұлырдың сөйлеуге, шайнауға қатысы бар, ал екінші тобы жұтынуға қатысады.
Ауыз қуысы бездері: ауыз қуысында үш жұп үлкен сілекей бездерінің шығару өзектері: төменгі жақасты, тіласты және құлақ маңы безі (околоушная железа, құлақ жанындағы без) жатады. Құлақ жанындағы бездің шығару өзегі жоғарғы жақтың екінші үлкен азу тісінің қарсысында ауыз алдында ашылады.
Сілекей бездері. Өзектері ауыз қуысына ашылатын көптеген бездер, ішіндегі ең ірісі құлақ маңы, төменгі жақ асты және тіл асты бездер. Олардың сөлін сілекей сөлі деп атайды.
1.Құлақ маңы безі (glandula parotidea) құлақ қалқанының алдыңғы жағында, тері астында, шайнау бұлшықетін жауып орналасқан, сыртынан қатты қапшықпен қапталған. Оның өзегі жоғарғы үлкен азу тістің түбіне, ауыз қуысына ашылады.
2.Төменгі жақ асты безі (glandula submandibularis) жақасты етінің астында орналасқан. Бұл бездің өзегі ауыздың бұлшықеттерінен өтіп, тілдің астына ашылады.
3.Тіл асты безі (glandula sublingualis) тілдің астында, жақ-тіл асты бұлшықетінің үстінде шырыш қабатпен жабылып тұрады. Бірнеше өзектері бар. Ең үлкен өзегі – тілдің астына төменгі жақасты безінің өзегімен бірге ашылады. Тіл асты безінің сөлі шырышты, ақуызды болады.
Жұтқыншақ (pharynx). Ауыз қуысы мен өңешті жалғайтын түтікше. Ас қорыту жолының бір бөлігі. Ұзындығы 12-15 см. Жұтқыншақ жоғарыда бас сүйегінің негізіне бекіген, төменінде VI-VII мойын омыртқаларының аралығында орналасқан.
Қызметі: 1.Ауаны мұрын қуысынан көмекейге өткізеді.
2.Жұтыну уақытында тағамды ауыз қуысынан өңешке өткізеді.
Жұтқыншақта тыныс алу жолымен ас қорыту жолы айқасады. Жұтқыншақ ауыз бен мұрын қуыстарының және көмекейдің артында орналасқан. Ол омыртқа жотасындағы мойын омыртқаларынан омыртқа алды шандары және борпылдақ май ұлпасы арқылы бөлініп тұрады.
Жұтқыншақ 3 бөліктен тұрады: 1.мұрын (носоглотка)
2.ауыз (ротоглотка)
3.көмекей бөлігі (гортанная часть)
Жұтқыншаққа 7 тесік ашылады. Төрт тесік хоаналар, екі тесік есту түтігі, бір тесік ауыз қуысы. Жұтқыншақ хоаналар арқылы мұрын қуысымен, есту немесе «евстахи тесігі» арқылы, ортаңғы құлақ қуысымен жалғасады. Дыбыс түтігінің тесігі жұтқыншақтың екі бүйірінен ашылады. Оның айналасында дөңестер бар. Бұл түтік миндалиналары жұтқыншақтың көмекей бөлігі, көмекейдің кірібіресінен, өңеш түтігінен тұрады. Бұл бөліктің алдыңғы қабырғасында көмекейдің кіреберісі орналасқан. Жұтқыншақтың қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі шырышты қабаты, оның негізі тығыз дәнекер ұлпа, бұлшықетімен айқасып кеткен. Шырышты қабатында қатпарлар болмайды. Жұтқыншақтың мұрын бөлігі «жыбырлағыш» кілегеймен, ауыз және көмекей бөлігінің шырышты қабаты көп қабатты түлемейтін кілегеймен қапталған. Бұлшықет қабаты ұзынынан және көлденеңінен орналасқан.
Өңеш (esophagus) ұзындығы 25-30 см, алдынан артына қарай бағытталып, қысылған бұлшықетті түтік. Ол мойын аймағынан басталып, кеуде қуысына өтіп, одан көкет (диафрагма) арқылы іш қуысына өтеді. X-XI кеуде омыртқасы тұсында асқазанға жалғасады.
Үш бөліктен тұрады:
1.Мойын бөлігі VI мойын омыртқасының тұсынан, ІІ кеуде омыртқасының тұсына дейін созылады. Ол артында омыртқа алды шандырымен, алдында кеңірдек, екі бүйірінде жалпы ұйқы артериясы және көмекейдің жүйкелерімен шектескен.
2.Кеуде бөлігі алдыңғы жағында жоғарғы, кейінгі жағында артқы көкірек аралығымен өтеді. ІV кеуде омыртқасының тұсында, жоғарғы кеуде аралығында кеңірдекпен қатар орналасқан. Артқы кеуде аралығында перикардпен шектеседі.
3.Іш бөлігі. Ұзындығы 1-3 см. болып асқазанның кардиал бөлігімен жалғасады. Алдыңғы және оң жағында бауырмен, сол жағында асқазанның түбімен шектеседі.
Өңеш үш жерден тарылады:
- VI-VIІ мойын омыртқаларының тұсында немесе жұтқыншақтың өңешке өткен жерінде.
- ІV- V кеуде омыртқасының немесе кеңірдектің бифуракциясының тұсында.
- Диафрагмадан өткен жерінде.
Өңештің қабырғасы үш қабаттан тұрады:
Ішкі шырышты қабаты, көп қабатты кілегеймен қапталған.
Бұлшықет қабаты, өңештің жоғарғы бөлігінде көлденең жолақты бұлшықеттен, төменде біріңғай салалы бұлшықеттен тұрады.
Сыртқы адвентиция қабаты. Мойын және кеуде бөлігінде болады. Ал іш бөлігін вицерал шарбы жауып тұрады. Вена қантамырларының торы көп болады.
Асқазан (gaster) – ас қорыту жолының кеңейген бөлігі, асты сақтайды, қорытады және асты қорыту үшін сөл бөліп шығарады. Асқазан іш қуысының жоғарысында көкет пен бауырдың астында орналасқан. Оның үлкен бөлігі омыртқа жотасының сол жағында орналасқан. Асқазанның пішіні адамның дене бітіміне, тамақтың көлеміне байланысты. Сыйымдылығы 3 л. Асқазанның кардиал, пилорик бөлігі, денесі, түбі, алдыңғы, артқы қабырғасы бар. Алдыңғы, артқы қабырғаларының шектесуінен кіші және үлкен иірімдер пайда болады. Асқазанның кардиал бөлігі Х-ХІ кеуде омыртқаларының тұсында орналасқан. Асқазанның кардиал бөлігіне өңеш жалғасады және осы бөліктің сол жағында асқазанның түбі орналасқан. Асқазанның орта бөлігі, оның денесі төмен қарай бағытталып, асқазанның пилорик бөлігіне өтеді. Пилорик бөлігі 12 елі ішекке жалғасады.
Асқазанның қабырғасының құрылысы 3 қабаттан тұрады:
1.Ішкі шырышты, шырыш асты қабаты.
2.Бұлшықет қабаты.
3.Сір, сір асты қабаты.
Асқазанның шырышты қабаты – бір қабатты цилиндр тәрізді кілегеймен қапталған. Шырышты қабат көлденең және ұзыннан жатқан иірімдерден тұрады. Асқазанның шырышты қабатында қатпарлардан басқа дөңестер мен ойықтар бар. Дөңестер 35 млн жуық асқазан бездерінің өзектері.
Асқазан бездерінің 3 түрі кездеседі:
1.Кардиал.
2.Меншікті кардиал.
3.Пилорик бездер.
Бездер бас, қосымша, париетал жасушалардан тұрады. Бұл жасушалар пепсиноген ферменттерін, париетал жасушалар тұз қышқылын, ал қосымша жасушалар мукоид ферменттерін бөледі. Тұз қышқылы пепсиногенді активтендіреді. Пепсин ақуызға әсер етеді, оны қорытады.
Шырыш асты қабаты – қан тамыр мен жүйке ұштарына өте бай.
Бұлшықеттер қабаты – ұзына бойына, қисық және оралып айнала орналасқан біріңғай салалы бұлшықеттен тұрады.
Сір қабаты – асқазанды тұтастай қаптап тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |