5. Шаршы сан бұлшықеті m. guadratus femoris.
Отырықшы сүйегінің томпағынан басталып, санның үлкен ұршығына бекиді.
Қызметі: Санды сыртқа айналдырады.
Санның алдыңғы топтағы бұлшықеттері.
1. Санның төрт басты бұлшықеті m. guadriceps femoris.
Санның бүкіл алдыңғы және аздап бүйір бетін алып жатады және өзара байланысқан 4 бастан тұрады. Санның тік бұлшықеті. Санның алдыңғы төменгі қырынан, ал қалған латераль, медиаль және аралық бастары, сан сүйегінің алдыңғы бетінен басталады. Барлығы бірігіп, мықын сіңірі пайда болады. Санның 4 басты бұлшықетінің сіңірі тізе тобығын жауып, оның меншікті байламына айналып, балтыр сүйегінің үлкен шыбығының бұдырына барып бекиді.
Қызметі: Балтырды тізе буынында жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |