Сабақтың тақырыбы: Қазақ елі менің Отаным Мақсаты



бет2/2
Дата20.10.2022
өлшемі17,43 Kb.
#153982
түріСабақ
1   2
Байланысты:
25 қазан

Оқушылардың жыр шашулары:
1-оқушы:
Ассалаумағаликум, халқым менің,
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?!
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,
Ендігі елдігіңнен тартынба елім.

2-оқушы:
Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың жиналған топ үлкен, кіші,
Армысың айналайын халқым менің.
3-оқушы:
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

Мұғалім: 1990 жылыдың 25 – қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлтық мереке, Республика күні.
Жүргізуші: Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға түсті.
Балалар қазір топтық тапсырма беремін. Яғни, үш қатар үш топ болып есептеледі. Әр топтың алдына А3 бет және түрлі түсті бояулар беремін. Оқушылар алдындағы қағазға мақта таяқшалар арқылы «Қазақ елі менің- Отаным» тақырыбында суреттер салады. Бір оқушы салып бастайды уақыт тоқтағанда екінші оқушы сол суретті ары қарай жалғастырып кетуі керек.

4-оқушы: Ту.
Желб…іре туым желбіре,
Көргенде сені қуанам.
Мақтан қып сенің сәніңді,
Атманмен алыс атанам.
Желбіре туым, желбіре,
Әлемге жетсін шуағың.
Өзіңді ұстап қолыма,
Қасқайып төрде тұрамын.

5-оқушы: Елтаңба
Алтын қанат көмкерген.
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бине сен қыран,
Жай бине емес ұғып ал.
Көгілдір түс аясы.
Бейбіт дала елесі.
Шаңырық жұрт панасы,
Уықтан күн сәулесі.
Аңызға ұшқыр төзімді,
Пырақ халық арманы.
Жоғары да түсер көз,
Бас бармақты жұмуға.
Ал, Қазақстан деген сөз.
Таныс барлық ұл, қызға.
Маған, саған қымбатты
Ел таңбасы ол – Елтаңба.

6-оқушы: Теңге.
Шыныменен Алла рахым берді ме?
Қазғымның көз жасын ол көрді ме?
Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз.
Қолды жаймас, кезегіне келді ме?

Мұғалім: Тәуелсіз елдің өз Парламенті, мемлекетіміздің айшықты белгісіндей Ата заңымызды қабылдып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл дәрежесін алды.
Жүргізуші: Біз Қазақстан халқы, қазақ жерінде мемлекет құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік, татулық, бейбітшілік, азаматтық қоғам деп, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілікті негізге алып, Ата заң – Конститутцияны қабылдадық.
Астана қаласы 1997 жылы желтоқсанның 10 – нан бастап қазақстан мемлекетінің елордасы атанды.
Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы жүздеген ұл пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет.


7-оқушы:
Елім менің!
Қазақстан – менің туған анамсың,
Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.
Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,
Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.
Елім менің атыңды атап ер жеттім,
Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің.
Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,


8-оқушы:
Тек өзіңе тең биікпен сөйлетің.
Соның бәрін көрскттірген өзіңсің,
Ғажаптармен жол шектірген өзіңсің.
Қазақстан, менің Қазақстаным!
Сөзімсің де жұртқа қарар көзімсің!


Қорытынды:
Қазақстан – туған Отан алтын бақ, Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!


Абай облысы білім басқармасы Аягөз ауданы білім бөлімінің
«№5 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ


Қазақ елі менің – Отаным
(25 қазан «Республика күніне» арналған тәрбие сағаты)


Сынып: 4 «Б»
Сынып жетекшісі: Абсадыкова А.С


2022-2023 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет