Сабақтың барысы:
Қысқаша конспект.
|
Балалар! Ұлттық мерекелердің ішіндегі ең басты мейрам Наурызды (парс. Жаңа жыл дегенді білдіреді) қарсы алу болды.Бұл – Азияның көптеген халықтарына ортақ мереке.Наурыз көктемгі күн мен түннің теңелген күнінде мерекеленді. Наурыз мерекесінде ең маңызды нәрсе – міндетті түрде жеті дәмнен (су, ет, тары, тұз , май, бидай, айран) тұратын наурызкөже дайындалады. Сонымен қатар Наурызда айтыс.ұлттық ойындар (көкпар, күрес, арқан тарту, алыс және жақын қашықтықтарға атжарыстар, қыз қуу т.б.) мен басқа да салттар (ұйқыашар,селтеткізер т.б.) өткізіледі.
Этностың рухани мәдениеті саласына фольклор (халық әндері ,ертегілер , мақал –мәтелдер ғана емес , сондай – ақ наным- сенімі , ырым-тыйымдар және т.б. кіреді), есептеу жүйесі (сандар магиясы), халықтық астрономия (күнтізбелер мен Күн , Ай , жұлдыздар шоғыры ) және халықтық медицина (емшілік )жатады .
|