Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы Сабақтың мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі231,32 Kb.
#25360
түріСабақ
Мерзімі: 27.04.2017ж

Сыныбы: 7 б

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Қазақ хандығының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіре отырып оқушыларды өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Оқушылардың тарихи – танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу, тіл байлығын дамыту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, бейнелеу
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, тірек - сызбалар, кестемен жұмыс.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Көрнекілік құралдар: оқулық, карта, сызба, электронды оқулық, видео материалдар, интерактивті тақта, слайд, карта, тірек схемалары, қазақ хандарының портреттері.
Күтілетін нәтиже:
• Қазақ елінің тарихын терең білу;
• Тарихи тұлғаларды үлгі тұту;
• Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады.
• Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады.
• Сыни тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады.
• Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақпен танысу
ІҮ. Қорытынды кезең
Ү. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын тексеру. §35. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғы шарттары
І тапсырма «Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғы шарттары»
ІІ тапсырма “Кім тапқыр?”
1. Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай дәрежеде еді?
2. Әбілқайыр хан өз қол астындағыларға қандай қысым көрсетті?
3. Қазақ сұлтандарының Әбілқайырға қарсы шығуының себебі неде?
4. Қазақстандағы ру - тайпалардың негізгі этникалық құрамы қандай болды?
5. Сауда - саттық қандай қалаларда жақсы дамыды?
6. Халықтың жалпы тұрмысы қандай болды?
Жаңа сабақ: § 36 Қазақ хандығының құрылуы
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Хандықтың негізін салушы Керей мен Жәнібек.
2. Хандықтың аумағы.
3. Халқының этникалық құрамы.
4. Көрші елдермен қарым - қатынасы.
Қазақ мемлекеттігін қалыптастырған басты себептер:
1. Қазақ халқының құрылуы
2. Қазақ халқының жүдері айқындалуы
3. Әлеуметтік қатынастардың нығаюы
І. Қазақ хандығының негізін қалаушылар
• Жәнібек хан (Әбусайд) Орыс ханның ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы.
• Керей хан - Орыс ханның немересі, Болат ханның ұлы Қазақ хандығының алғашқы ханы
Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған себептер
XVғ. орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған ішкі феодалдық қырқыстар үдей түсті.
Әбілқайыр ханның 1457 жылы ойраттардан жеңілуі оның беделін түсірді. Осы жеңілістен кейін хан өзің қолдамаған сұлтандарды қуғын - сүргінге ұшырата бастады. Бұл жағдай Керей мен Жәнібек сұлтандарға да әсерін тигізді.
Керей мен Жәнібектің соңынан ерген қазақ тайпалары батыс Жетісуға көш бастады.
Сұлтандардың Жетісуға бағытталу мақсаты: Орталық және Оңтүстік Қазақстан қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіріп, Қазақ хандығын құру еді.
Керей мен Жәнібек сұлтандарға Моғолстан ханы Есен – бұға Шу бойынан Қозыбасы жерінен құтты мекен берді. 1465 - 1466жж. Қазақ хандығы құрылды.
Моғол ханы Есен - Бұғаның қазақ сұлтандарына жер беру себептері:
Есен - Бұға өз бауыры Жүністентен қауіптенді;
Есен - Бұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды Батыс шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құшақ жая қарсы алды.
“Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, 1465 - 1466 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды” – деп халқымыздың тұңғыш көрнекті тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулати жазған.
1458 жылы көктемде Керей сұлтан хан сайланып, қазақ хандығы құрылған.
ІІ. Қазақ хандығының аумағы.
Үшқоңыр жайлауы – Керейдің қыстауы
Хантау жайлауы – Жәнібектің қыстауы
Хандықтың құрылған жері – Батыс Жетісу, Шу бойы, Қозыбасы
ІІІ. Этникалық құрамы.
• Қоңыраттар – Түркістан мен Қаратау аралығы
• Арғындар Ертістен батысқа, Орталық Қазақстанда
• Керейлер - Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі, Обь, Тобыл өзендері маңы
• Дулаттар - Іле, Шу, Талас бойы, Ыстықкөл маңы Оңтүстүстік Қазақстан
• Жалайыр – Қаратау, Жетісу, Сырдария
• Қаңлылар – Қаратау бауыры, Сырдария, Жетісу
• Наймандар – Ұлытаудан Есілге дейін
ІҮ. Көрші елдермен қарым - қатынасы.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:
«Ерлік – ел есінде» (қазіргі өмірде осы қайраткерлердің алатын орны (ескерткіштер)
Керей мен Жәнібек ескерткіші 2010 жылы қай қалада ашылды?
Керей мен Жәнібек ескерткіші, Астана қаласы, 2010 жылы ашылды. Авторы астаналық жас мүсінші Ринат Әбенов¬. Ескерткіштің ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі – 12 метр. Орналасқан жері – ҚР алғашқы президенті Н. Назарбаевтың мұражайының алаңында.

М. Х. Дулатидің ескерткіші қай қалада ашылды?
Ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығына арналып салынған. Ескерткіштің биіктігі 3 м.
Мұхамед Хайдар Дулати – көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист. М. Х. Дулатидің бас еңбегі «Тарих және Рашиди» Орта Азия халықтарының тарихы туралы.
І тапсырма Кластерді толтыр (кесте)
ІІ тапсырма «Қашан? Қайда? Не болды?» (кесте)
ІІІ тапсырма «Ерлікті таба білу, ерді тани білу» (ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін табу)
Жәнібек хан –...........................................
Керей хан –...............................................
ІҮ тапсырма
«Толған ел тарихын таспен жазады, Тозған ел тарихын жаспен жазады»
1. Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Ол мемлекеттер: (Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан)
2. Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстанға көшуі қай ғасырда болды? (XV ғасырдың ортасы)
3. Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігі қай хандықтан бөлініп кетті? (Әбілхайыр хандығынан)
4. Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан қайда көшті? (Моғолстанның батыс аймағына)
5. Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру - тайпалардың алғашқы атауы. («өзбек - қазақтар»)
6. XV ғ. 50 - 70жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны. (200мың)
7. Моғолстан билеушісі Есен Бұға Жәнібек пен Керей одағына ене отырып, олардың көмегімен неге үміттенді? (өз шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге)
8. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы. (Есен Бұға)
9. Қазақ жеріндегі ру - тайпалардың XV ғ. басында басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары. (ру - тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін)
10. XV ғ. жаңадан құрылған Қазақ хандығының билеушілерінің алдында тұрған міндет. (Қазақ тайпаларының басын қосып, этникалық аумағын біріктіру)
11. Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (XV ғасырдың ортасы)
12. Қазақ хандығы құрылуы жайында жазған тарихшы. (М. Х. Дулати)
13. М. Х. Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығы қашан құрылды? (1465 - 1466жж.)
14. Қазақ хандығының негізін салушылар. (Жәнібек пен Керей)
15. Жәнібек ханның шын есімі. (Әбусаид, халық Әз - Жәнібек деп атаған)
16. Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі территориясы. (Шу мен Талас өзендері маңы)
17. Алғашқы Қазақ хандығы құрылған жер. (Жетісу)
18. Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер. (Қозыбасы)
19. Хандықтың нығаюымен байланысты кімдерге қараған халықтың бәрі қазақтар деп атала бастады? (Жәнібек пен Керейге)
20. XV ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар. (Созақ, Сығанақ)
21. Қазақ хандығы қай жылдары құрылды? (1465 - 1466жж.)
Ү тапсырма “ Т а р и х и м о з а й к а ”
1. Керей
2. ұлы
3. қазақ
4. екі негізін
5. хан -
6. хандығының
7. тарихи
8. қалаушы
9. Тұлғаның
10. алғашқы
11. ханы
12. бірі,
13. қазақ
14. болатын.
Жауап: Керей хан – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы болатын.
ҮІ тапсырма “ С а н д а р с ө й л е й д і ”
728 х 2 + 9 = 1465 Қазақ хандығының құрылған жылы
458 х 2 + 540 = 1456 Дайырқожа би Әбілқайыр ханның қолбасшысы Қобыланды батырдың қолынан қаза табады
112 х 7 + 673 = 1457 Керей мен Жәнібек сұлтандар Қозыбасы мен Шуға қоныстанады
382 Х 2 + 694 = 1458 Керей сұлтан хан сайланып, қазақ хандығы құрылған.
ҮІІ тапсырма
Рефлексия
Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойы халықты отанына деген сүйіспеншілікке, бірлікке, табысқа және гүлденуге нығайта түсті. Қазақ хандығының құрылуы біздің халқымыздың тәуелсіздікті алуға деген табанды ұмтылысының және шынайы патриотизмнің көрінісі болды. Қазақ хандығының 550 жылдық мерекелік тойының нәтижесін айтар болсақ. Азаматтардың өз тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттыра түсті, қоғамның рухани - мәдени жағынан біріге түсуіне, қазақстандықтардың бойында мемлекеттілік пен тәуелсіздік құндылықтарының нығаюына. Олардың жасампаздыққа және жаңа биіктерге ұмтылуына ықпал етті.

Қорытынды
“Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды. Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы” деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу, өткенге көз салу, оны келер ұрпаққа жеткізу баршамыздың парызымыз.

Ү й т а п с ы р м а с ы
1. §36 Қазақ хандығының құрылуы
2. Кескін картаға Қазақ хандығын түсіру
3. «Егер мен хан болсам…..» тақырыбында эссе жазып келу

Бағалау.

Мерзімі: 14.04.2017ж

Сыныбы: 5ә

Сабақтың тақырыбы:  Мал шаруашылығы

Сабақтың мақсаты: Мал шаруашылығы туралы түсінік беру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ойлау әрекетін дамыту.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО, топтастыру, синквейн.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қима суреттер, топшамалар, ырымдар мен тыйымдар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру:


  • Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, Бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Хормен:                Жақсы оқып сабақты

                               Әдеп сақтау сәніміз,

Сәлем бердік сіздерге

 Басты  иіп бәріміз.

Психологиялық танымдық:


  • Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мен міндеті.

Мақсаты: Білім алу

Міндеті: еңбек ету. Еңбектену арқылы 5-ке қолды жеткізу.



  • Балалар сабағымызды жаңашыл педагог Шерхан Әленовтың тәлім сәтінен бастайық.

  • Әрбір бала?       Туысым, досым,жанашыр

  • Әрбір сабақ? Үйрену,ұғу,іздену

  • Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық

  • Әрбір сөзің ? Шындық, бірлік, адалдық.

Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызда білімімізді көрсетейік.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

«Кім көп біледі?» ойыны. Сұрақтар қойылып, жауаптар алынады.


  1. Адамның өмір сүруі үшін ең бірінші  не қажет?

  2. Көкжиектің неше негізгі тұсы бар?

  3. Жердің өсімдік өсетін құнарлы , үстіңгі қабаты              

  4. Жануарларды аулап, етпен қоректенетіндерді не деп атаймыз?

  5. Жемін түнде аулайтын құстар?

  6. Қазақстан Республикасының рәміздері?

  7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

  8. Жедел жәрдем көлігі қандай көлік?

  9. «Ұлы Жібек жолы» қай қала арқылы өткен?

  10. Жапыраққа жасыл түс беретін зат?

  11. Егіс далаларында не өсіріледі?            /астық/

  12. Дәнді дақылдардың ішіндегі ең бастылары қайсы?          /Бидай мен қарабидай/

  13. Еліміздің оңтүстігінде не өсіріледі?    /күріш пен мақта/

  14. Ттарының қауызынан тазартылған  түрін не дейміз?                       /сөк/

  15. Жеміс-жидектерде адамға қажетті не бар?        /дәрумендер/

  16. жеміс ағашы отырғызылғаннан кейін оларды кім күтеді?                              /бағбан/

  17. Қарбыз, қауын және асқабақ қайда өсіріледі?                   /бақшада/

  18. 18.Біздің ауылда егін шаруашылығы бар ма?                   /жоқ/

 

ІІІ.Жаңа сабақ:  Жұмбақтар жасыру арқылы сабақ тақырыбын ашу.

Қояды екен әр шаруа

Қазығына құт байлап.                                                                                                                                      

Қанша құйып алсаңда,

Сарқылмайды сүт, қаймақ.                  /сиыр/

Қос қанжар мүйізі бар,

Күн тисе жалтыраған.                                          /Ешкі/

Келеді бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.                                            /Түйе/

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.                             /қой/

Көкке шаншып құйрығын

 Келеді  шауып жүйрігім.                     /жылқы/

 

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.



а/түсіндіру.

Қазақстанда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Республикамызда мал жайылатын жайылымдар көп.

Сиыр – ірі қара малға жатады. Одан ет,сүт, тері өнімдері алынады. Терісінен киім, аяқ киім тігетін былғары иленеді. Сиыр жылына бір бұзау туады. Содан кейін барып, ірі мал жейтін азыққа ауысады.

 

 



Қой мен ешкі /ұсақ мал/ барлық жерде өсіріледі. Қойдан ет, май, сүт, жүн,тері алынады. Қойдың жүнінен жіңішке жіп иіріледі. Жіптен жүн мата тоқылады. Жүн көрпеге салуға, киіз, текемет басуға пайдаланылады. Киізден сырмақ сырады.

Ешкінің түбіті иіріліп,одан киімдер, бөкебай тоқылады. Қой бір немесе екі қозы туады. Ешкі де бір-екі лақ туады. Қозы мен лақ алдымен енесінің сүтімен қоректенеді, содан кейін барып жемшөп жей бастайды.

                Қазақ халқы ежелден жылқыға үлкен құрметпен қараған. Оны көлік ретінде пайдаланған, жүк тасыған, атқа мініп, елді жаудан қорғаған.

Жылқы шаруашылығында   жылқының әртүрлі тұқымдары өсіріледі. Олардың еті мен сүтін пайдаланады. Аңыз – жырлардағы  батырлардың тұлпарлары оларды қиын – қыстаудан алып шығатын сенімді серігі болған. Қобландының Тайбурылы, Қамбар батырдың Қарақасқасы, Ақан есірінің Құлагері – сондай қасиетті жылқылар.

                Түйенің  бір және қос өркешті түрлері бар. Бір өркешті түйені нар деп атайды. Түйелер күні бойы шөп пен жантаққа жайылады. Түйе екі жылда бір рет боталайды. Ботасы әлсіз болып туады. Оған көп күтім керек. Ол енесін 18 ай бойы емеді. Адам түйеден шұбат, түбір ,ет алады. Ертеде адамдар әрбір түліктің иесі бар деп түсінген. Сондықтан төрт түліктің иелерінің әрқайсысына «Малымызға ауру, індет жіберме, одан сақтай гөр, малымызды өсімтал ет» деп өлең сөзбен тіл қатады, тілек айтады

Жылқы – қамбар ата,сиыр – зеңгі баба, қой-шопан ата,түйе-ойсыл қара,ешкі –сексек ата.

 

ә/Оқушыларға тізбектей оқыту.



 

 «Үй жануарларының кереметі»

Халқымыз ертеден ақ ауа-райын бақылаудың қарапайым әдіс  тәсілдерін білген. Далада қой бағып, қой мен бірге ой бағып жүрген қазақтың қариялары ауа – райының өзгерістерін аң – құс, жайылым шөп алдында жүрген малының мінез – қарекетін бақылап, салыстырып ой – түйген.

Үй жануарлары ауа-райы құбылыстарына  келгенде тым аңғарымпаз екен.  Кешке малдың барлығы бір бағытта күйсеп тұрса, келер күні сол жақтан боран тұрады. Мал қай жаққа арқасын салып жатса, жел сол жақтан соғады.

 

Жылқы бір жылдық ауа-райын, қой жарты жылдық, сиыр екі – ш күндік ауарайын болжай алады.-дейді.



Жылқы:

  • Сәуірде жылқы ықтаса, келер жылы қыс қатты болады.

  • Жылқы басын шұлғыса да келер қыстың жайсыз боларын білдіреді.

  • Жылқы қарға аунаса, күн жылы болады,тұрса аяз болады.

  • Боран болар алдында қорылдайды.

 

Түйе:


  • Мизам айында түйе басын батысқа қаратып жайсыз жатса, немесе түнде ұйқысы бөліне берсе, келер қыс қатты болады.

Қой:

Сүмбіледе су салқындайды. Осы кезде қойлар топтанып жайылады.



  • Түсте үйіріліп тұрса- келер қыстың қаталдығының хабары.

  • Егер  өрістен қайтқанда қой күн сайын аузына бір тал шөп тен тістеп қайтса, ол жылы жұт болады.

  • Ал өрісте шашырап жайылып, қорада солай жатса – келер қыстың аязының аз болатындығы.

  • Қыста қойлар сүзіссе, келесі күні боран болады.

  • Жаңбыр жауарда қойдың жүні ылғал тартады.

Сиыр:

  • Егер сиыр қорадан өріске шықпай қойса, немесе өрістен қалып келсе, сол күні ауа- райы бұзылады..

  • Кең тыныс алып жатса, көп ұзамай жаңбыр жауады, жөтелсе, күн суық болады.

  • Мүйізін шайқаса – боранды күте бер.

 

Ешкі:


Суыққа шыдамсыз бақылдауық сексек тұқымды ешкіні өріс танитындығы, дәрілік шөптерді таңдай тауып жеп, отар-отра қойларды бастай алатындығы үшін бағалаған. «Ешкі майы тез қатады» деп қанша қашқақтаса да, дәрілік шөптерді теріп жейтін ешкінің еті де, майы да, сүті де шипа. Сол себепті жас нәрестелерге көбіне ешкі сүтін береді.

 

Шығармашылық тапсырма:



Оқушыларға топшама үлестіру. Адасқан сөздерді орнына келтіріп, оқу.

№1

Малды, өріске,атам,жайды.



№2

Лақ ,тастан-тасқа,енесіне,секірді,еркелеп.

№3

Өте, қымызы, пайдалы,жылқының. 



№4

Шыдамды,түйе,мал,шөлге.

№5

Момын, қой, мал.



№6

Әдемі, біздің, қошақан, бар, үйде.

№7

Өркешті, нар,дейміз,бір,түйені.



№8

Қыста, жем-шөп, малды,баптайды,беріп.

№9

Жүйрік,жылқы,мал,өте.



 

Қазақы ырымдар мен тыйымдар:



  • Малды теппе.

  • Сиыр ала бұзау туса, екі оймен не көбейтем, не құртам деп келеді.

  • Буаз малды төлдер алдында, өрістен қайтқанда, өріске айдарда қуаламайды;

  • Мал қораның сыртында болмаса ішінде ысқырмайды;

  • Қой қоздағанда қойдың шуын жерден айыруға болмайды, оны сүйретіп апарып тастаған жөн, әйтпесе қозы қашаған болады;

  • Қойқырқатын қайшыны иесіне қайтарғанда «Мұны мен емес, жер беріп отыр»деп қайшыны жүнге орап береді, бос беруге болмайды;

  • Малшының көктем уақытында далаға жалаң аяқ, жалаң бас шығуына  болмайды;

  • Ұрлық жасаған, өтірік айтқан адамға мал бағуға болмайды;

  • Тума малдың алғашқы сүтін ешкімге бермейді;

  • Мал қораға түн ішінде ошақтан шала жанған от алып кіруге болмайды;

  • Бөгде адамның отар ішінде жатуына болмайды;

  • Сойылған малдың қанын /әсіресе сиырдың/көзінше төгуге болмайды;

  • Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды, малға бас киім лақтыруға болмайды.

  • Ауылға атпен шауып кірмейді;

  • Малды жыңғылмен айдамайды,

  • Ырысқа зиянды деп.

  • Кендірмен байламайды,

  • Ширығып қияды деп.;

  • Малдың құлағына ен салғанда, құмырсқа илеуіне қояды екен. Мал құмырсқаша көбейеді деген де ырым бар.

 

Сергіту сәті.

Сәйкестендіру:

Сиыр                     Ойсыл қара

Жылқы                 Сексек ата

Түйе                      Зеңгі баба

Қой                        Қамбар ата

Ешкі                      Шопан ата

 

«Кім зерек» тұжырымдама айту келіссе – қол көтеру, келіспесе-екі жаққа созу.



1.Сиыр – ірі қара мал.

2.Қазақстанда мал шаруашылығы дамымаған.

3.Қой мен ешкі – ұсақ мал.

4.Екі өркешті түйені нар дейміз.

5.Жылқы сүті – қымыз.

6.Түйе шөлге шыдамсыз.

7.Қой –өте момын.

8. Түйе ботасы енесін ембейді.

9.Жылқыны көлік ретінде жүк тасыған, атқа мініп, елді жаудан қорғаған.

10.Сиырдың баласы – лақ

11.Қойдың баласы қозы.

12. Түйе сүті – шұбат.

13.Үй жануарларының  өте пайдалы.

14.Қой бір немесе екі қозы туады.


Мақал – мәтелдер:

 


  1. Жылқы құлыннан өседі,

Теңге тиыннан өседі.

  1. Ер қанаты – ат,

Сөз қанаты – хат.

  1. Жер – ана,

Мал – бала.

  1. Даланың көркі – мал,

Өзеннің көркі тал.

  1. Аттың жүйрігі –

Азаптан құтқарады. 

  1. Аттан тай озады,

Атадан бала озады.

  1. Түйе атасы – нар,

Ағаш атасы – шынар.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

  1. Сиырда аунамақ жоқ,

Жылқыда күйсемек жоқ.

  1. Малды бақсаң сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.

  1. Сиырды теппейді,

Ақты төкпейді.

  1. Қойдың сүті қорғасын.

  2. Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.

  1. Асық ойнаған азар,

Доп ойнаған тозар

Бәрінен де қой бағып,

Құйрық жеген озар.


  1. Аттың бәрі тұлпар болмас,

Құстың бәрі сұңқар болмас.

  1. Нар жолында жүк қалмас.

«Бұл қай жануар?» суретпен жұмыс.

IV. Қорытынды:      Синквейн:

Не? Мал

Қандай ? Пайдалы,шипалы



Не істейді. Өседі, жүгіреді,көбейеді.

Сөйлем: Мал асыраған пайдаға кенеледі.

Сөз: Жануар.

 

Үйге тапсырма:  Мал шаруашылығы



 

Қимақтар қағанаты (ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы)

                                                        Үйренеді, адам білімі артады

Ақыл түбі  тым тереңге  тартады. 

                      Ж.Баласағұн. 

Сабақтың мақсаты: 

1. Білімділік: ІХ ғасырдың соңы  - ХІ ғасырдың басында  Қазақстанның солтүстік шығыс, орталық аймағын мекендеген қимақ қағанатының тарихымен таныстыру; 

2. Дамытушылық: Оқушыларды  қимақ қағанаты мен  өзге түрік  халықтарының қоғамдық-саяси  тарихы, шаруашылығы, қолөнеріндегі ұқсастықтар ерекшеліктерін  анықтап, өздігінен  жұмыс жасап, қорытындылауға дағдыландыру; 

3. Тәрбиелік:  Қимақтардың темір  өнімдері  мен зергерлік бұйымдар жасаудың  шеберлері  болғандығын түсіндіре  отырып, шеберлікке,  еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 

Сабақтың негізгі ұғымдары: қимақ қағанатының тайпалық құрамы,  құрылуы, қағанаттық қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы,  шаруашылығы, қолөнері. 

Көрнекі құралдар: карта, кесте, суреттер, тест, мультимедия. 

Сабақтың түрі: аралас сабақ. 

Сабақтың әдісі:  сын тұрғысынан ойлау стратегиясын  пайдалану.

Сабақтың жүрісі: 

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 

     Миға шабуыл. 

 

ІІІ. Жаңа сабақты оқыту жоспары:



 

 Қимақ қағанатының тайпалық құрамы, құрылуы

 Қоғамдық құрылысы

 Саяси жағдайы

 Шаруашылығы

 Қолөнері

 Мәдениеті

 

Қимақтар қай жерді мекендеген?  Карта арқылы көрсету. 



Қимақтар

Өмір сүрген уақыты Аумағы

VII ғас. басы Монғолияның солтүстік- батысы

VII ғ. ортасы Алтайдың солтүстік аудандары, Ертіс өңірі

766-840 жылдары Батыс Алтай, Тарбағатай, Алакөл ойпаты

ІХ ғ. соңы Солтүстік-Шығыс, Орталық Қазақстан

 

Қимақтардың құрамына  қандай  тайпалар кірген? 



 

Қимақтардың  астанасы:  Имақия ,  екінші астанасы – Карантия туралы айту. 

 

Сыныпты 2 топқа бөлу.   



 І топқа арналған  тапсырма. 

  Тарихи құжаттармен  жұмыс жасау. 

Қимақ қағанатының құрылуы мен тайпалық құрамы туралы мәліметтер қандай жазба деректерде кездеседі?

 

Қытай жылнамалары Қытай тарих 



Сыма Цянь Парсы тарихшысы Гардизи Араб жазба лары

 

 



 

ІІ топқа арналған тапсырма. 

Қимақ қағанатының қоғамдық құрылысы қандай? Термин сөздерді түсіндір.

 Қаған ______________________

 Ябғу  ______________________

 Шад- түрік __________________ 

 Ұлы қаған, кіші қаған, ябғу шад_______________________________

 Әскерлер ____________________

 Жатақтар ____________________

 

Мультимедия арқылы М.Қашғаридың суреті көрсетіледі,таныстыру. 



Әл-Идрисидің жасаған картасы көрсетіледі,картамен жұмыс. 

І топқа берілетін сұрақ. 

Қимақ қағанатының  күшеюіне әсер еткен жағдайлар. 

 

ІІ топқа берілетін сұрақ. 



Қимақ қағанатының құлауына  әсер еткен жағдайлар. 

 

2 топ Венн диаграмасы бойынша жұмыс жасайды. 



І топ тапсырмасы

Шаруашылығы, қолөнері 

 

ІІ топ тапсырмасы 



Тайпалық құрамы, қоғамдық құрылысы 

 

Беркіту. 



Тест сұрақтары

1. Қимақтардың VII ғасырдың басында мекендеген жері:

        А) Монғолия          В) Алтай

Б) Қытай Д) Сыр бойы

2. Қимақ қағанатының астанасы:

А) Отырар            В) Жанкент

С) Имақия Д) Суяб

3. Қимақтар туралы жазған парсы тарихшысы

А) Әль-Якуби            В) Әль-Фараби

С) Бируни Д) Гардизи

4. Қимақ шонжарларының ислам дінін қабылдай бастаған кезі:

А) IX ғасыр В) Х ғасыр

С) ХІ ғасыр Д) ХІІ ғасыр

5. Қимақтардың жеке дара тайпа көсемінің атағы:

А) Ябғу В) Қаған

С) Шад- түтік Г) Ұлы бе

Қорытынды.  ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың бас кезіндегі  қимақтар мемлекеті өзіндік  өсіп өркендеу жолы бар, қалыптасқан алғашқы  патриархалдық-феодалдық мемелкет болған. 

Үйге тапсырма:





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет