Сөздік жұмыс:Сәнгер, мата, сән үлгісі, сән үйі, тапсырыс 1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру:
4. Сөйлемдер құрастыру.
5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.
Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!»
3 мин
Мұғ-Сынып
суреттер
Оқулық.
Негізгі бөлім
«Тыңда» айдарымен берілген тапсырмада мәтінді алдымен тыңдап және оқиды. Диалогтан «не істеймін?» сұрағына жауап беретін сөзді тап. Келер шақты қолданыстық тұрғыда ажыратады. Мысалы, аламын, аралаймын, дайындаймын.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма «Тыңда және жауап бер» айдарымен ұсынылған тапсырмада оқушылар мәтінді тыңдап, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою арқылы сөйлемді аяқтап жауап береді.
Дескриптор:
Мәтін мазмұны бойынша етістіктің келер шақ формасын ажыратады.
«Ойлан» айдарымен ұсынылған тапсырмада мәтін мазмұны бойынша айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар қимылды білдіретін сөздерді табады.
Тапсырма Берілген сөздерді оқы. Бұл сөздерді айтқанда қандай дыбысты қолданамыз? Жазғанда қай әріппен жазамыз? Сөздерді дұрыс айт.