Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары Дағды Айтылым және оқылым



бет163/164
Дата27.01.2023
өлшемі3,05 Mb.
#166586
түріСабақ
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ
Ашық тәрбие сағаты, Ата-ана 9 Б
Сабақтың тақырыбы

Қайталау сабақ
63-сабақ

Дағды

Айтылым және жазылым

Оқыту мақсаттыры

О. 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру.
4.5.1.2 көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану;



Тілдік міндеттер


Алдыңғы білім

Спортшы

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
«Мен саған сенемін» жаттығуы.Әуен ойнап тұрады. Оқушылар жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін, өйткені сен жақсы адамсың» деген сияқты сөйлемдермен жалғастырады.
Бұл сабақта оқушылар «Мамандықтар» бөлімі бойынша өткенді қайталайды, еске түсіреді.Өткен тақырыптарға байланысты 4 тапсырма берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

3 мин

Мұғ-Сынып

суреттер
Оқулық.



Негізгі бөлім



1-тапсырмада оқушылар. Оқушылар алдыңғы білімдерін еске түсіріп, мамандық атауларының іс-әрекетін білдіретін сөйлемдерді суретпен сәйкестендіріп сипаттап айтады.Оқушылардың алдына сөйлемдері бар карточкалар беріледі. Әр шаршының ішінде мамандық иелерінің суреттері берілген.
Үлгі:
1. Оның қызметі – ғимараттардың жобасын жасау.
2. Оның қызметі – ағаш өңдеу.


2-тапсырма.А) Бұл тапсырмада айтылым және жазылым дағдысы қалыптасады. Оқушылар алдыңғы білімдерін еске түсіріп, мамандық атауларының іс-әрекетін білдіретін сөздерге септік жалғауын жалғап, ауызша/жазбаша түрде қолданады.


3-тапсырмада сынып жұппен жұмыс жасайды. Оқушылар алдымен оқулықтағы берілген суретке назарын аударады. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы айтылым дағдысы қалыптасады.Мамандыққа қатысты құралдардың кімге тиесілі екенін тауып, құралдардың атауын жазады.
Құралдардың атауын жаз.
4-тапсырма. Оқушылар жұптарға бөлінеді. Жұптарға 4-тапсырмада берілген мәтін бойынша суреттер беріледі. Сұрақтарға жауап бере отырып, сұхбаттасады. «Жұптық әңгіме» әдісі топта өзін сенімсіз сезінетін оқушылардың өзін еркін ұстауына, өз ойын ашық білдіруіне көмектеседі. Бірін-бірі белсенді тыңдап, жауап беруге жетелейді.
Диалог құрастырады. Суреттегі тауарларды сатушыдан сатып алу керек.

10 мин

жұптық жұмыс

Суреттер
Оқулық



«Табыс сатысы» әдісі.Оқушыларға сатының суреті беріледі.
Бірінші баспалдағы – мен ... білемін
Екінші баспалдағы – мен ... түсінемін
Үшінші баспалдағы – мен ... жасай аламын.






3 мин



Сынып-мұғалім






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет