Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары Дағды Айтылым және оқылым


Бурабайда (1-тоқсан.1-бөлім.) 2-сабақ Дағды



бет3/164
Дата27.01.2023
өлшемі3,05 Mb.
#166586
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ
Ашық тәрбие сағаты, Ата-ана 9 Б
Бурабайда (1-тоқсан.1-бөлім.)
2-сабақ

Дағды

Айтылым, грамматикалық норма

Оқыту мақсаттыры

4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу.
4.5.1.2 . көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Тілдік міндеттер

аудан, орталық, алыс, еркін

Алдыңғы білім

Қазақстан қалалары

Сабақтың барысы

С.кезең.і



Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Кел,ойнайық!» тапсырмасы алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру және білім мен түсінікті жетілдіру ретінде оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырма жұпта орындалады. Тапсырманы орындату барысында «Кім білгір?» әдісін қолдануға болады. Қағаз қиындысына 1-ден 16-ға дейінгі сандар жазылып, оқушылар санға сәйкес сұраққа жауап береді.
1.Сен қайда тұрасың?
2.Сенің көшеңде ескерткіш бар ма?
3.Кемені қай қалада жасайды?
4.Сенің ата-әжең қай қалада тұрады?
5.Қай аймақта түйені көп өсіреді?
6. «Медеу» мұзайдыны қай аймақта орналасқан?
7.Атырау қаласы қайда орналасқан? т.б
Сұрақты бір оқушы жұбына қояды, екінші оқушы сұрақты мұқият тыңдап, сұраққа жауап береді. Сұраққа барынша жылдам әрі қатесіз жауап берілуі керек.
Мұғалім оқушылардың жауаптарын бақылап отырады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Жақсы!», «Нашар», «Талпын», «Жауабыңды толықтыр!» т.б. (мұғалімнің қалауы бойынша)

2 мин

Мұғ-Сынып

Бурабай тауының суреті

Оқулық

Сөйлемнің шаблондары, қима қағаздар


«Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім грамматиканы қолданыстық тұрғыда меңгертеді. Алдымен оқушыларға –да/-де, -та/-те жалғауларының дұрыс жалғану реті көрсетілген кесте көрсетіледі. Мұғалім кестедегі ережені басшылыққа ала отырып, «Сәйкесін тап» әдісі бойынша оқушылар сөздер мен жалғауларды сәйкестендіреді.

-да

-де


Қайда?
Астана
Атырау
Шымкент
Оңтүстік
Шығыс
Орал
Өскемен
Өлке

-та

-те


Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуына жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, кестені қолдана отырып, білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді.

3-мин



Топтық жұмыс

Жалғаулар жазылған үлестірмелі кестелер

Негізгі бөлім

Мұғалім оқушыларға «Бурабайдың» суретін көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қойылады: Бұл қай жер? Бұл жер туралы не білесіңдер? Сендер Бурабайда болдыңдар ма? Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң, Бурабай туралы қысқаша мәлімет береді.
Қосымша мәлімет:
Бурабай Көкшетаудағы ең әсем жер. Бурабай көлі емдік қасиетімен танымал. Суы таза, жұмсақ, тұщы. Бурабайда демалыс орындары көп. Бурабай аудан орталығынан алыс. Адамдар Бурабайға демалу үшін барады.

5 мин

Жеке

Бурабай көлінің таулардың орманның, демалыс орындарының


суреттері.

Оқулықта ұсынылған «Жаттығайық» айдары бойынша диалогтегі сөздерге «Қайда?» сұрағын қойып, тиісті жалғауды жалғайды. Мұғалім оқушылардың «Қайда?» сұрағына дұрыс жауап беруі мен, тиісті жалғаулардың дұрыс жалғануын бақылайды, оқушылардың қателерін өздеріне түзеттіреді.

5 мин

Мұғалім - сынып

оқулық

«Кел сөйлесейік!» айдары бойынша оқушылар оқулықтағы суретке назар аудара отырып, рөлдік ойынға қатысады және Еркін ағаймен танысады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар өздерінің алдыңғы алған білімдерін қолданады. Оқушылар Еркін ағайдың пәуескесіне отырып, өздерін таныстырады.
Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Тапсырма ауызша орындалады және оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған.

3 мин

Мұғалім-сынып

сурет , оқулық

«Тыңда» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтінді тыңдайды. Мәтінде оқушылар өздерін қалай таныстырды? Тапсырма оқушылардың сабақ барысында алған алған ақпаратын өздері білетін мәліметтермен салыстыра отырып, қорытындыға келуге бағытталған. Мұғалім әр тапсырманы орындауда саралауды ескеруі қажет. Ол үшін өзін ерекше таныстырған оқушыларды ескеріп, қосымша сұрақтар немесе түрткі беретін, қайта бағыттау сұрақтарын беруіне болады. Оқушылардың жауаптары ұжымда немесе мұғалімнің мадақтауы арқылы бағаланады.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.
Сынып




«Тыңда және жауап бер» айдарында оқушылар тыңдалған мәтіннің мазмұны негізінде сұраққа жауап береді, кестені толтырады.

7 мин

Жеке ж.

Сынып


оқулық

Сыныптың білім деңгейіне қарай оқушыларға қосымша тапсырма беріледі. Оқушыларға тірек сөздер беріледі,оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырады. Тапсырма ауызша орындалады.
Тірек сөздер: Қош келдіңдер!, сұлу жер, қонақтар, атарба, қыдырту.

2 мин

Жеке ж.
Жұптық жұмыс

Тірек сөздер жазылған үлестірмелі қағаздар

Қор. бөлім

Оқушылар тақтадағы кері байланыс парағына стикерлер жапсырады. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде қалыптасқаны бағаланады.

3 мин



Сынып-мұғалім

Кері байланыс парағы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет