Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары Дағды Айтылым және оқылым



бет65/164
Дата27.01.2023
өлшемі3,05 Mb.
#166586
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ

Сабақтың тақырыбы

Мысық, әтеш түлкі (1-тоқсан.2-бөлім.)
31-сабақ

Дағды

Оқылым, грамматика

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1.бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.
4.3.4.1.мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бағалауға бағытталған сұрақтар(неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру.
4.3.1.1. мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып белгі қойып оқу.
4.5.1.3.(қосымша)өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану.

Тілдік міндеттер

Достық, құтқару, шыдамсыз, себебі , бұршақ

Алдыңғы білім

Қайырымды қойшы

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Оқушыларға «Миға шабуыл» ретінде мұғалім бірнеше сұрақтар қояды.
1.Достық дегеніміз не?
2.Сен досыңа қандай жақсылық жасайсың?
3.Сенің досың кім?
4.Сенің досың қандай?
Оқушылар өз достары туралы пікір алмасады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды. Достық, дос туралы қысқаша түсінік береді.

2 мин

Мұғ-Сынып

Достардың суреті




«Көрсет және айт» айдарындағы тапсырмада оқушылар суреттерге мұқият қарайды, суретте не көріп тұрғаны туралы баяндайды. Оқушылар сурет бойынша ертегіні болжайды. Тапсырма топта орындалады. Оқушылар өзара топта ақылдасып, әр топ өз болжамдарын айтады. Мұғалім оқушыларды тыңдайды.







оқулық

Негізгі бөлім

«Оқы» айдарындағы тапсырмада оқушылар ертегіні оқиды. Алдымен мұғалім ертегіні бір рет оқиды, оқушылар тыңдайды. Мұғалімнен кейін бір оқушы ертегіні оқиды. Әр топтан ертегіні рөлге бөліп оқиды. тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға, ертегінің мазмұнын меңгеруге бағытталған. Оқылымнан кейінгі тапсырмада мұғалім оқушыларға ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қояды.
1.Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
2.Ертегі не туралы?
3.Ертегіде кімдер дос болыпты?
4.Әтеш қандай уәде береді?
5.Түлкі әтешті қалай алдайды?
6.Әтеш неден көмек сұрайды?
7.Ертегі қалай аяқталады?

5 мин

Жеке

Сұрақтар жазылған түрлі түсті қима қағаздар



«Оқы және жауап бер» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтін мазмұнына сәйкес тест сұрақтарына жауап береді. Тест сұрақтарына бірнеше жауаптар нұсқасы берілген. Оқушылар осы нұсқалардың ішінен бір дұрыс нұсқаны белгілейді. Тапсырма ауызша орындалады. Әр оқушыға тест тапсырмасы жазылған парақшалар үлестіріледі. Оқушылар сан және әріпті белгілеу арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Оқушылар бір-бірінің тест парақшаларымен ауысып, бір-бірінің жауаптарын тексереді. Барлық оқушы бір-бірінің жұмыстарын тексеріп болған соң, мұғалім дұрыс нұсқаны оқиды, оқушылар тексереді.










«Жаз» айдарындағы тапсырмада оқушылар оқушылар ертегідегі мысық пен әтешті салыстырады

Мысық

Әтеш

..............
.............
..............
Себебі,..............

..............
.............
..............
Себебі,..............



5 мин

Мұғалім - сынып

«Мысық пен әтешті» салыстыруға арналған кесте



Қор. бөлім

Сабақты қорыту мақсатында оқушылар «Ойлан» айдарындағы тапсырманы орындайды. Бұл тапсырмада шатасқан сөздерді орнына қоя отырып, сөйлемдер құрастырады. Тапсырма жазбаша орындалады. Тапсырма оқушылардың сөйлем дұрыс құрастыра білу дағдыларын дамытады.
Саралау тапсырмасы ретінде оқушыларға рөлдік ойын ойнатуға болады. Тілді жақсы білетін, білім деңгейі жоғары оқушылар ертегіге өз сөздерін қосып дамыта көрсетеді. Білім деңгейі төмен оқушылар кітаптағы тірек сөздерді пайдаланып, ертегінің қысқаша мазмұын бойынша рөлдік ойын көрсетеді.
Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы, оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Рефлексия
«Білім себеті» бүгінгі сабақтан үйренген, есте қалған 3 нәрсені стикерге жазып, білім себетінің ішіне салады.


3 мин



Сынып-мұғалім

Рөлдік ойынға қажетті кейіпкерлердің суреттері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет