Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары Дағды Айтылым және оқылым



бет67/164
Дата27.01.2023
өлшемі3,05 Mb.
#166586
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ

Сабақтың тақырыбы

Қайталау сабағы (1-тоқсан.2-бөлім.)
32-сабақ

Дағды

Айтылым, грамматика

Оқыту мақсаттары

4.2.2.1.берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру
4.5.1.5.сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру.
4.4.1.1 шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтыру.

Тілдік міндеттер




Алдыңғы білім

Мысық ,әтеш, түлкі

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім сабақтың басында оқушыларға бүгінгі сабақтың қайталауға арналған сабақ екенін, өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды қайталайтындығын түсіндіріп, сабақ барысында ауызша және жазбаша жұмыс істейтіндіктерінен хабардар етеді. Оқушылардың назары өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған тапсырмаларға аударылады. Қайталауға арналған тапсырмаларды мұғалім өз шеберлігіне қарай түрлендіріп, дамытып отыруына болады. Кез келген қайталауға арналған тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға, тілдік бағдар бойынша сауатты жаза және айта білуге негізделген. Бөлім бойынша қайталау тапсырмалары арқылы оқушылардың есте сақтау қабелеттері артады, алған білімдері бекиді және қолдану аясы кеңейеді.
«Сөйлемді құрастыра аламын» тапсырмасын орындауда оқушыларға сөйлемнің бірінші бөлігі беріледі, оқушылар екінші бөлігін өздері ойларынан құрастырып жазуы керек. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың сөйлемдердегі ойды дұрыс жеткізе білу дағдысы дамиды. Оқушылар ауызша сөйлем құрастырып, сондай-ақ сөйлемді аяқтау арқылы сөздік қорлары молаяды. Тапсырма ауызша орындалады. Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған парақшаларды таратып береді, оқушылар өздеріне берілген сөйлемді оқи отырып, мағынасына қарай жалғастыру керек.
Мысалы: Інім тәтті сұраса, ......

5 мин

Мұғ-Сынып

Үлестірмелі қима қағаздар, түрлі түсті маркелер

Негізгі бөлім

«Болып өткен оқиға туралы жаза аламын және айта аламын» айдарындағы тапсырмада оқушылар өтіп кеткен оқиға туралы айтады немесе жазбаша орындайды. Тапсырманың қалай орындалатындығы мұғалімнің шеберлігіне, сыныптың білім деңгейіне, уақытты тиімді пайдалануына байланысты. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар өткен шақтың жұрнақтарын қолданыстық тұрғыда қайталайды, тілдік бағдар бойынша алған білімдерін бекітіп, естеріне түсіреді. Сондай-ақ оқушылар біршама қимылды білдіретін сөздерді меңгереді, лексикалық тақырып арқылы грамматиканы қайталайды. Оқушылар бір-бірін «басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды, қателерін оқушылардың өздеріне түзеттіруге әрекет жасайды.



5 мин

Жеке


«Ертегі құрастырып жаз» тапсырмасын орындау арқылы оқушылардың қиялы, ойлауы, дүниетанымы дамиды. Оқушыларға бірнеше тірек сөздер беріледі. Тірек сөздердіпайдалана отырып оқушылар ертегі құрастырады. Топтық жұмыс ұйымдастыруда әр топқа әртүрлі ертегі беруге болады. Әр ертегінің мазмұнына сәйкес тірек сөздер ұсынуға болады. Немесе оқушылардың барлығына бірдей ертегі беріп, ергені қалай аяқтағысы келсе, солай аятатып түрлендіруге болады. Оқушыларға ертегі құрастыру үшін тірек сөздер жазылған А3 парағын, суреттер, сызбалар таратуға болады. Оқушылар өз ертегілерін құрастырып болған соң, сыныпта қорғайды. Оқушылар топтарды мұқият тыңдайды. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. Тапсырма жазбаша орындалады.

10 мин

оқушы

А3 парағы, қажетті суреттер, түрлі түсті маркерлер

«Сөздерді өзгертіп жаз» тапсырмасын орындауда оқушыларға қимылды білдіретін бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздерді болымсыз мағынада өзгертіп жазады. Уақытты үнемдеу мақсатында тапсырманы ауызша орындатуға да болады. Бұл тапсырманы орындау үшін «Кім жылдам?» ойынын жүргізуге болады. Оқушыларға бірнеше сөздер беріледі. Белгіленген уақыт ішінде оқушылар жылдам сөздерді болымсыз мағынада айтуы/жазуы керек.Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Мысалы: шаршаймын-шаршамаймын, ойнаймын-ойнамаймын.

5 мин




Болымсыз етістіктің жұрнақтары

«Сөйлемдердің мағынасын болымсыз мағынада жаз» тапсырмасын орындауда оқушыларға болымды сөйлемдер беріледі. Оқушылар сөйлемнің екінші жартысын болымсыз мағынада жазады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар болымды/болымсыз мағынаны түсінеді, болымсыз етістіктің жұрнақтары туралы білімдері бекиді. Тапсырма жазбаша, жеке орындалады.
Мұғалімнің кері байланысы: тапсырманы орындауда Не қиын болды? Не оңай болды?

5 мин

Жеке тапсырма







«Адамның жағымды қасиеттерін сипаттай аламын» тапсырмасы сабақты қорытындылау үшін беріледі. Оқушылар адамның жағымды қасиеттерін сөзжұмбақты шешу арқылы орындайды. Оқушыларға сөзжұмбақтың сұрақтары беріледі. Оқушылар тігінен және көлденеңінен сөздерді дұрыс жазу арқылы, адамның жақсы қасиеттерін сипаттап береді. Сөзжұмбақыт шешу арқылы оқушылардың логикалық ойлауы дамиды. Оқушыларға үй жұмысы ретінде өздерінің сөзжұмбақтарын құрастырып келуге тапсырма беруге болады.
Рефлексия «Бес саусақ» әдісі.


10мин

Мұғалім-сынып

«Бес саусақ»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет