Ортасы
|
; Қызығушылықты ояту:
Адами капиталдың көрсеткіші –білімде деген тұжырымдаманы қалай түсінесіңдер?
Бүгінгі сабаққа қандай байланысы бар деп ойлайсыздар?
Оқушылар жауап беру арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
Адами капиталдың Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауындағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» тарауында білім беру мәселесі кеңінен көрініс тапқан. Адами капитал деген не? Әдетте, капитал десе ойымызға қаржы, байлық, ақша, құн, мұнай, газ, алтын мағынасында түсінік келеді. Ал бүгінгі күні адам капиталы дегеніміз – адамның бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі, бәсекелестік замандағы оның адамдық, кәсіби құндылығы. «Адам капиталы» терминінің өзі алғаш рет Нобель сыйлығының иегерлері, америкалық макроэкономистер Теодор Шульц пен Гарри Беккердің ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы еңбектерінде пайда болды. Т.Шульц нашар дамыған елдердің қиын жағдайын зерттей келе, кедей адамдардың әл-ауқатын жақсарту жерге, техника немесе олардың күш-жігер жұмсауына емес, бәрінен де білімге байланысты деген қорытындыға келді. Ол экономиканың мұндай сапалық қырын адам капиталы деп атады. Г.Беккерге келетін болсақ, ол адам капиталының теориялық моделін жасап және осы мәселе бойынша «Адам капиталы» кітабын жарыққа шығарды. Адам капиталының теорияшылары экономикалық өсу үшін оған салым салуға назар аударады. Бұл жерде жұмыспен ұтымды қамту, еңбек нарығының оңтайлы қызмет етуі ерекше маңызға ие. Білім беру мен денсаулық сақтауды, еңбек өнімділігі мен табыс деңгейлерінің байланысын, кәсіпкерлік қызметті уәждеуді экономикалық қамтамасыз етуге дәлелі жетік көзқарас қажет. Адам капиталы – мемлекеттің, сондай-ақ, экономикасы мен оның еңбекке жарамды азаматтарының бәсекеге қабілеттігін арттырудың қажетті ресурсы. Қазақстанда 2050 жылға қарай дүниежүзінің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруге бағытталған курс өзіндік адам капиталын дамытуға орасан мол инвестициялар салуды талап етеді. Өйткені тек біліктілігі жоғары қызметкерлер ғана постиндустриялық қоғам, яғни «Білім мен жалпыға бірдей еңбек қоғамы» жағдайында қызметтің барлық түрлерінде жоғары тиімділікке қол жеткізуге қабілетті. Осыған байланысты білім, енді, экономикалық категорияға айналды. Ақшалы адам емес, білімді адамның мәртебесі жоғары болады. Қазір «Білім экономикасы», «Парасатты экономика», «Ақылды экономика» деген тіркестер пайда болды. Әлемдік қауымдастық бірнеше онжылдықтар бойы әр мемлекеттердегі адам дамуының деңгейін, негізгі өткір үрдістерін талдап келеді. Осы сараптамалар негізінде Адам Дамуының Индексі (АДИ) ғылыми есептері дайындалады. АДИ мемлекеттердің білім беру, денсаулық жағдайы және жан басына есептегендегі табыстары бойынша үш бағытта жіктейді: болжамды өмір жасының ұзақтылығына қарай денсаулық және ұзақ өмір сүру; ересектердің сауаттылығымен және жалпы біліммен қамту коэффициентіне қарай білімге қол жеткізу деңгейі; жалпы ішкі өнім деңгейіне сәйкес лайықты өмір сүруге болатын жан басына есептегендегі табыс АҚШ долларымен өлшенеді. Осы деңгейлерге сәйкес әлем мемлекеттері төрт категорияға бөлінеді: АДИ өте жоғары елдер; АДИ жоғары елдер; АДИ орта елдер; АДИ төмен елдер. Қазақстан АДИ деңгейі бойынша жоғары елдердің қатарына жатады. Біздің елдің негізгі көрсеткіштері: болжамды өмір жасының ұзақтығы – 71,62 жас; орта есеппен білім алу ұзақтығы – 14,5 жыл (мектеп, университет: бакалавриат, магистратура, докторантура); жалпы ішкі өнім бойынша адам басына есептегендей табыс-девальвацияға дейін 15219 доллар, теңгемен қазір – 2 миллион 287 мың теңге. Қазақстан 188 елдің ішінде 56-орынға ие болды. Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттер ішінде АДИ жоғары Ресей және Белоруссия 50-орынды бөліседі. Грузия –76, Әзірбайжан –78, Украина – 81 және Армения – 85-орындарда. Басқа посткеңестік елдер АДИ бойынша көрсеткіштері төменгідей: Молдова – 107-орында (Еуропадағы ең төменгі көрсеткіш), Түркіменстан – 109, Өзбекстан – 114, Қырғызстан – 120 және Тәжікстан – 129-орында. Бұрынғы Балтық жағалауындағы елдер ғана адам даму деңгейі бойынша ең жоғары топқа кірген: Эстония – 30, Литва – 37, Латвия – 46-орында. Рейтингілердің соңында кенже қалған, даму деңгейі өте төмен елдер тұр. Бұл елдер Африкада, Сахараның Оңтүстігінде орналасқан: Бурунди, Чад, Эритерия, Орталық Африка Республикасы және Нигерия. Олар тәуелсіздік алғанмен бірақ даму жолына төселмеген, болжамды өмір жастарының ұзақтығы 40 пен 50 арасы, ал әлеуметтік-экономикалық жағдайлары өте күрделі дағдарыста. Халықтың сауаттылығы да төмен, тек 30-40 пайызы оқи және жаза біледі, адам басына есептегендегі табыс жылына мың доллар. Кейбір жеке саладағы табыстарына қарамастан, олар кедейліктен, білім алуға мүмкіндіктің жоқтығынан, ауру-сырқаудан, әсіресе, безгектен, иммунитет тапшылығынан азап шегіп отыр
Адами капитал дегеніміз – адамның бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі, бәсекелестік замандағы оның адамдық, кәсіби құндылығы
|
Достарыңызбен бөлісу: |