Сабақтың тақырыбы Қазақстандық географтардың зерттеулері



бет211/249
Дата08.11.2022
өлшемі24,61 Mb.
#157074
түріСабақ
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   249
Байланысты:
КМЖ 9 сынып География

Кері байланыс:
Оқушыларға рефлексия парағын ұсынамын.Сабақ барысында алған білімдері туралы кері байланыс жазады.
«3.2.1.»
3 факт
2 көзқарас
1 тұжырым
.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы


Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  1. .


Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Ақпарат іздестіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау



Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы



Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.5.4.2 халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің мәнін анықтайды

Сабақтың мақсаты



Шаруашылық салаларын анықтайды
Халықаралық мамандану бойынша талдайды

Бағалау критерииі

халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің мәнін анықтай алады

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

  • Сабақты бастамас бұрын топқа бөліп алу

  • Сыныптағы бала санына қарай бөлу

  • Әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады

  • Суреттерінде не бейнеленгенін сипаттайды

  • Берілген суреттерді біріктіріп, мәтін құрастырады.

Өткен сабақты пысықтау:
Ширату жаттығуы: Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландырту үшін «Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақ қоямын. Осы сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын айқындаймын.



Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Ұялы телефон
Және интернет желілері
Кітап



Ортасы

Халықаралық еңбек бөлінісі – адам қоғамының дамуы туралы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке аумақтардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол айырмашылықтар біріншіден, халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында, екіншіден, табиғат жағдайлары мен байлықтарында, үшіншіден, әлеуметтік – экономикалық жағдайларында, даму деңгейінде, шаруашылық құрылымында, еңбек қорларында, тарихи дәстүрінде және т.с.с. Мұндай айырмашылықтар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген түрлерінің белгілі бір аумаққа бекітілуіне әкеп тірейді.
Бұл жекелеген экономикалық аудандарға қатысты, сондай-ақ халықаралық еңбек бөлінісінің арқасында өзара байланысқан тұтас елдерге де қатысты.Ол ежелгі кезде туған, бірақ, дүниежүзілік шаруашылықтың шығуына байланысты дүние жүзін қамтыды.
Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің өнімінің белгілі бір түрлерін өндіруге белгілі бір қызмет көрсетуге оларды айырбастауға мамандануынан көрінеді. Халықаралық еңбек бөлінісі уақыт ішінде өзгереді.
Жеке елдердің, өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге және белгілі бір қызмет көрсетуге мамандануы өндіруші елдің оларды өз қажетінен артық өндіруін қажет етеді. Ол халықаралық мамандану салаларының, яғни көбінесе өнімді экспортқа шығаруға бағытталған және халықаралық еңбек бөлінісінде елдің “келбетін” бірінші кезекте айқындайтын салалардың қалыптасуынан нақты көрініс табады.
1-мысал. Жапония электроника жасау жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Бүкіл шығарылатын электрониканың шамамен алғанда жартысын ол басқа елдерге экспортқа жібереді. Электроника өнеркәсібі оның халықаралық мамандану саласы.
2-мысал. Канада дәнді –дақылдарды жинау жөнінен дүние жүзінде бесінші, ал экспортқа шығару жөнінен екінші орын алады. Астық шаруашылығы оның халықаралық мамандану саласы. Өз кезегінде, халықаралық мамандану тауарлар мен қызметтің халықаралық айырбасын қажет етеді. Бұл айырбас халықаралық экономикалық байланыстардың дамуынан, жүк тасқындарының саны мен қуатының артуынан көрінеді, оның үстіне, өндіру орны мен тұтыну орны арасында қашанда үлкен немесе кіші аумақтық алшақтық түзіледі.
Дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық еңбек бөлінісі дүние жүзінің барлық елдерін қамтып болғаннан кейін, соңғы онжылдықтарда тереңге қарай өсуде. Олар күрделеніп, жаңа формалар табуда. Халықаралық маманданудың және айырбастың тереңдеуі бірқатар елдердің ұлттық шаруашылығының ерекшеленуіне себепші болады. Сөйтіп, халықаралық еңбек бөлінісінің жаңа, жоғарғы сатысы - халықаралық экономикалық интеграция пайда болды. Ол жеке елдер тобының олардың мемлекет аралық келісім саясаты негізінде тым терең және тұрақты өзара байланыстарда дамуының заңды процесі болып табылады.
Ал,1973-ші жылы төрт мемлекет қосылды: Англия, Дания, Исландия, Греция, 1986-шы жылғы қаңтардан бастап Испания, Португалия қосылып - “Еуропа он екілігі” дүниеге келді. Ұлттық Еуропа парламенті құрылып, өз мәжілісін Страсбург (Франция) қаласында өткізеді. Қызмет саласына қауымдастықтың бюджет-қаржы істерін бақылау жатады. Министрлер Кеңесі ЕЭҚ-тың үкіметаралық органы болып Министрлер Кеңесінің шешімі серіктес- мемлекеттің заңдарымен пара-пар саналады. Кеңес жұмысының аясына қауымдастық қызметінің негізгі сұрақтары толық енеді. Әр мемлекеттің басшысы Кеңес мәжілісіне жарты жыл төрағалық жасайды. Төрағалықтың алмасуы алфавиттік ретпен ауыстырылады.
Еуропалық экономикалық қауымдастық аумағына енген елдерден кеден салығы алынбайды. Сондықтан, тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өзара еркін қозғалып отырады.
Жан басына шаққанда азық-түлік өндіруден Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері АҚШ-ты басып озды. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, автомобиль шығаруда Жапония мен АҚШ-қа басты бәсекелес болды.


"Еске түсіру ойыны" жеке жұмыс. дәптерге орындалады.

Шаруашылық салалары

Мемлекеттер

Отын-энергетика




Мұнай өнеркәсібі




Көмір өнеркәсібі




Машина жасау




Жеңіл өнекәсіп




Көлік желісі




«Халықаралық еңбек бөлінісі» ұғымын түсіндіру.

Халықаралық еңбек бөлінісінің қолайлы және қолайсыз жақтарын қарастыру.


Қолайлы жақтарының көрінісіне қоюға болады:

  • табиғат ресурстарының үнемделуі;

  • авангардты салалардың дамуы;

  • еңбек ресуртарының даму деңгейі. т.б.

Қолайсыз салдардың көрінісі ретінде қоюға болады:

  • мономамандану;

  • халықаралық маманданудағы экспансия;

  • дамыған және дамушы елдер арасындағы айырмашылықтар;

  • еңбек бөлінісіндегі гегемония;

  • дамушы елдердің «шикізат базасы» рөлінен арылмауы




  • 1 тапсырма. Жұптық жұмыс.Жұмысты орындауға 4 минут, ал қорғауға 1 минут уақыт беріледі.

Кесте бойынша тапсырманы орындаңыз. Таңдауыңыз бойынша 3 мемлекеттің маманданған саласын зерттеу



Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

Халықаралық географиялық еңбек бөлінісін талдау

1

Таңдалған мемлекеттердің сол салада манмандануын аргументпен дәлелдейді




2

еңбек бөлінісінің қолайлы жағына талдау жасайды




3

еңбек бөлінісінің қолайсыз жағына талдау жасайды




4

Қорытынды жасайды




Бағалау: Жұмысын қорғаған топты отырған оқушылардың кез келгені дискриптор арқылы бағалайды.



Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды


Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет