Сұрақ: Өздерің картадан көрсеткен жер бедері қалай қалыптасты деп ойлайсыңдар?
Ол үшін Жердің геологиялық даму тарихын білу керек. Геология, тектоника ұғымдарына түсінік беріледі, салаларымен танысады.
Геология саласы:
тарихи геология
геотектоника
палеонтология
минерология
петрография
Осы сала ғалымдарының зерттеу нәтижелері геохронологиялық кестеде бейнеленген.
Геохронологиялық кестемен жұмыс.
Оқушыларға кесте таратылып, таныстырылады.(қосымшада)
Кесте төменнен жоғары оқылады.
Эра, дәуір, қатпарлардан тұрады
Протерезой эрасында қандай жағдай орын алды?
Қай эра ең ұзаққа созылды?
Қай эра ең қысқа?
Алғашқы өсімдіктер қай дәуірде пайда болды?
Қай дәуірде құрғақ, қай дәуірде ылғалды болды?
Қашан динозаврлар жойылып кетті?
Мәтінмен жұмыс.Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихы мен тектоникалық құрылымымен танысады
Картамен жұмыс.Геологиялық карталарда сапалық түс әдісімен және әріп белгідерімен (индекс) шөгінді тау жыныстарының түзілген уақыты, олардың құрамы көрсетіледі.
Тектоникалық карталарда платформалардың және геосинклинальды аймақтардың, жер қыртысындағы жарылулардың, шеткі иіндердің орны, олардың жасы сапалық түс әдісімен және арнаулы белгілермен көрсетілген.
№
|
Жер бедері түрі
|
Қалыптасқан эра
|
Дәуір
|
Тектоникалық құрылым
|
Пайдалы қазбалар
|
1
|
|
|
|
|
|
Тектоникалық және физикалық картаға қарап жер бедері қандай платформалар мен қатпарларға сәйкес келетінін анықтап, кестеде көрсетеді, қорытынды жасайды.
(Д) Кескін картаға Қазақстанның тектоникалық құрылымын бейнелейді.
Ашық қызғылт - түспен ежелгі платформаларды, кембрийге дейінгі
Көгілдір түспен - каледон қатпарлығын
Қоңыр түспен - герцин қатпарлығы
Жасыл түспен - палеозойлық тақталарды (жас платформаларды)
Сары түспен - альпі қатпарлығын
Бағалау критерийі:
Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды
|
Дескриптор
|
Геохронологиялық кестені оқи біледі
|
Қазақстанның тектоникалық құрылымын картадан анықтай алады
|
Физикалық және тектоникалық картаны сәйкестендіре алады, оқи біледі, кескін картаға түсіре алады.
|
Геохронологиялық кестені құру.
Мәліметтерді жинақтайды және өз ойлары туралы қысқаша тізім жасайды. Жұппен жұмыс жасау, топпен жұмыс жасау.
І топ Қазақстанның геологиялық даму тарихы
ІІ топ Тектоникалық құрылым
|