Сабақтың тақырыбы Қазақстандық географтардың зерттеулері



бет65/249
Дата08.11.2022
өлшемі24,61 Mb.
#157074
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   249
Байланысты:
КМЖ 9 сынып География

Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның климаттық ресурстары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.2.3 Қазақстанның климаттық ресурстарын бағалайды

Сабақтың мақсаты



Барлық оқушылар:
Қазақстан аумағында желдің, атмосфералық қысымның түрлерін біледі Оқушылардың басым бөлігі:
Климат картасы арқылы ауа массаларының қозғалыстырына сипаттама беру арқылы картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Кейбір оқушылар:
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерииі

Топ бірігіп жұмыс істейді;
Дәлелдер келтіреді.

Оқушылар қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде қолдануын біледі.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

.
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.
Қызығушылықты ояту.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Үй тапсырмасы: «Кім жылдам?» І қатар оқушыларына қойылатын сұрақтар

  1. Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

  2. Әр жерде неге күн радициясының түсу ұзақтығы әртүрлі.

  3. Жиынтық күн радиациясының келуі қандай факторларға байланысты болатынын ата.

  4. Жұтылған радиацияға ықпал ететін негізгі факторларды ата.




Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды


«Кіру билеттері»





http://bestreferat.kz/extra_rkd/show/59

Ортасы

Мағынаны таңу. Ой шақыру.
Қазақстан аумағының созылып жатуына, сондай-ақ жер бедерінің әртүрлілігіне байланысты температураның таралуы да әркелкі. Ауа температурасының тәулік ішінде, сондай-ақ жыл ішінде ауытқып тұруы бүкіл республикаға тән. Сонымен бірге жазық, аласа таулы бөлікте жылдық және айлық орта температура солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай өзгерсе, биік таулы аймақтарда биікке көтерілген сайын өзгереді. Ауаның орташа жылдық температурасы республиканың жазық және аласа таулы бөліктерінде жылы, солтүстікте температура 0,4сС-тан, қиыр оңтүстікте 13,70С-қа дейін көтеріледі. Қазақстандағы ең суық ай – қаңтар. Қаңтардағы орташа температура Солтүстікте (Петропавлда) –190С, ал оңтүстікте (Дарбаза) -1,50С. Республиканың солтүстік-шығысы төмен температурасымен ерекше, кейбір күндері аяз -540С-қа дейін барады, ал оңтүстігінде -300С-тан төмен болуы сирек кездеседі. Қазақстанның ең суық жері – Атбасар өңірі. Мұнда ауа температурасы бір жылдары -570С-қа дейін жеткен.
Биік таулы аймақтарда қаңтар айының орташа температурасының таралуы, жазықтарға қарағанда өзгеше. Қыста Қазақстан ауық әрі құрғақ континентті арктикалық және қоңыржай ендік ауалары мен Сібір антициклоны басым болады. Ауаның төменгі қабатында теріс температуралы жоғары қысым орнайды.Тау алдында, тау аралық қазаншұңқырлар мен өзен аңғарларында құрғақ және ашық ауа райы қалыптасады. Ал салқын төменгі ауаның әсері тимеген тау беткейлерінде биіктеген сайын қыста температура жоғарылайды. Оны температура инверсиясы деп атайды. Биіктеген сайын температураның төмендеу заңдылығының орнына керісінше жоғарылауы төменде жер бетінде ауаның өте суынуымен байланысты. Мысалы, Қапшағайда(430м) қаңтардың орташа температурасы -11,40С, ал Алматыда (848м) – 80С шамасында болады. Медеуде (1529м) -4,90С, Үлкен Алматы көлінде (2511м) -9,50С-қа дейін қайта төмендейді.
Қазақстанның ең жылы айы – шілде. Шілденің орташа температурасы республиканың солтүстікте (Петропавлда) +190С, ал оңтүстігінде (Дарбаза) +28+300С.Жазда жылудың таралуына күн сәулесінің түсу бұрышы мен жер бетін қыздыру қарқыны әсерін тигізеді. Сондықтан оңтүстікке барған сайын ыстық арта түседі. Ең жоғарғы температура солтүстікте +410С, ал оңтүстікте +470С-тан аспайды.Биік таулы аймақтарда жоғары көтерілген сайын шілденің ориаша температурасы төмендейді. Мысалы, Алматыда ол 22,3 С, Медеуде 18,5 С, Күйгенсайда 14,6 С, Үлкен Алматы көлі ауданында 11,4 С болады. Тауларда орташа айлық температураның қоршаған ортаның жылы болатындығына қарамастан, кейбір кездері температура 0 С-тан төмендеп, салқын түсіп, үсік жүретін күндер де кездеседі.
Жылдық орташа температуралық ауытқуы (амплитуда) республиканың солтүстігінде 38-40 болса, оңтүстікте ол 30-35. Қазақстанның солтүстігінде температураның тәуліктік ауытқуы едәуір. Қаңтар айының орташа тәуліктік ауытқуы -9 С, ал жазда ол +13 С-қа дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстігінде орташа ткәуліктік ауытқу қаңтар айында -9 С, шілде айында +19 С. Жаздағы ең үлкен тәуліктік ауытқу шөлдерде байқалады, онда 30 С-қа дейін жетеді., Бағалау: ҚБ жұмысын орындау
Топпен жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет