Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер аймағын аралаймыз.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімдік: Оқушыларға Қазақстанның жер аймағын жайында мағлұмат беру. Берілген грамматикалық тапсырмаларды орындау. Қойылған талаптарды іске асыру.Білімдік деңгейін арттыру.ҰБТ кездесетін сұрақтарды қарастырып өту.
2.Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту, сұрақ қоя білу, қойған сұраққа толық жауап беру қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын дамытып , еркін сөйлеуге жетілдіру, ойлау, сөйлеу шеберлігін арттыру.
3.Тәрбиелік: Дүниетанымдарын кеңейту.Отанына , еліне сүйіспеншілік
баулу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме-сұхбат
Көрнекіліктер: грамматикалық кестелер,мақал-мәтелдер,оқуылықтар,нақыл сөздер, слайд.
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың сабаққа қатысуы, дайындығы тексеріліп,ҰБТ-ге дайындық саласына қатысты сабақ мазмұнын ашар түйін сөз оқушылардың таңдауына ұсынылады.
Сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
- «Біздің Отанымыз» мәтінді әңгімелеу
- Жарайсың
- Балалар, қалай ойлайсыңдар мәтіннің негізгі идеясы (ойы) қандай?
- Негізгі ойы: ұлттар мен халықтардың өкілдері өзара тату өмір сүреді.
Қазақ халқы осы достықтың ұйытқысы болып табылады.
ІІІ Жаңа сабаққа көшу( тақырыбы мен мақсатымен таныстыру)
Дұрыс, ең бастысы халқымыз бейбіт өмір сүреді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның жер аймағын аралаймыз» мәтінмен танысып, сан есімді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның жер аймағын,шектесетін мемлекеттері мен экономикасын білу. Мәтіндегі сан есімді талдау.Тест сұрақтарды қарастыру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Сабақтың ұраны: Туған елдей ел болмас,
Туған жердей ( жер болмас). (Тіл сергіту)
2. Оқулықтың 53 бетті ашыңдар.
3. Кластерді бастау
Қазақстан (тақтаға )
Шектесетін елдер (жазылған парақтарды ілу)
Ұлттық құрамы
Кіретін ұйымдар
4. Қазақстанның жер аймағы, жері,көлемі, шекаралас елдертуралы бізді . . «Саяхатшылар » тобы таныстырады.(1 презентация.)
5. Ұлттық құрамы,қандай халықаралық ұйымдардың мүшесі, экономиканың бағыты туралы «Тарихшылар » тобы бізге мәлімет береді.
6. Жұмыс ережесі: мәтінді оқу, түсіну, топ бойынша презентация жасап, жаңа алған мәліметтерді әңгімелеп беру.
7. Экранға бағалау кесте: жауаптарыңызды осындай кесте бойынша
өзіңіз бағалайсыңдар – (оқып түсіндіріп беремін)
8. Жаңа сөздермен танысу, аудару
8. Оқушылар мәтінмен танысады, презентация жасайды.
9. Презентацияны көрсетіп әңгімелейді
ІҮ. Бекіту
1.Сұрақ – жауап жұмысы. Шурочка!
- Қазақстан Республикасы қайда орналасқан ?
- Тұрғындар саны қанша?
- Жер көлемі жағынан нешінші орын алады?
- Елдің астанасын атаңдар.
- Қазақстан неше мемлекетпен шекарас ?
- Қазақстан қандай мемлекеттермен солтүстікте, оңтүстікте, шығысында , батыста шектеседі?
- Ұлттық құрамын атаңдар
- Қандай көрсеткіштер бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады?
- Елдің негізгі валютасы қай жылы қабылданды? - Өзінің егемендігін қашан жариялады?
- Қазақстан қандай халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді?
2. Тақырыпты қалай меңгердіңдер, кластерді толықтырып көрсетіңдер.
Парақтар екі түсті, қай топ көбірек толықтырады анық болады.
«Саяхатшылар » тобына жасыл түсті
«Тарихшылар » тобына сары түсті
Бағалауды ұмытпаңдар!
3. Сан есімді қайталайық
На экран вопросы
- Сан есім нені білдіреді?
- Тұлғасына қарай қандай болады? Мысал
- Құрамына қарай...? мысал
- Мағынасына қарай...?
- Кластердегі сан есімдерді мағынасына қарай анықтаңдар
4. дәптерде жұмыс.
« Саяхатшылар » тобы - Қазақстан нешеу елмен шектеседі?
«Тарихшылар » тобы - Қай жылда Қазақстан БҰҰ мүшесі болды?
Жауаптағы сан есімге морфологиялық талдау жасаңдар
Ү. Тест жинақтармен жұмыс
- Бұл сұрақтар тестілеуде кездеседі.
- Мына тест жинағынан тақырып бойынша сұрақтарды тауып жауап берейік
- Жарайсыңдар!
- Сендерде ескі тест жинағы, ал мынау жаңа тест жинағы. Балалар оқып жауап береді
- Салыстырайық. Өзгерістер бар ма?
ҮІ. Бағалау. Спикерлер нәтижесін айтады.
ҮІІ. Қорытынды.
Сабақта не білдік?
«Қазақстанның жер аймағын аралаймыз» мәтінді түсініп мазмұнын білдік. Грамматикалық ережені пайдаланып тест сұрақтарға жауап бердік.
Сабақта көңі күй қандай болды?
ҮІІІ. Үйге тапсырма
Мәтін бойынша 5 тест сұрақтар құрастыру
Достарыңызбен бөлісу: |