Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық бас киімі сәукеле. Сабақтың мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі87,76 Kb.
#23980
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық №1 Е. Молдабаев атындағы жалпы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Сапарбаева Гүлмария Нұртайқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық бас киімі сәукеле.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға қазақтың ұлттық бас киімдері туралы мағлұматтар беру.

  2. Оқушыларға ұлттық өнерді меңгертіп, логикалық ойлау қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту.

  3. Ұлтымызға деген оқушылардың сүйіспеншілігін арттырып, салт-дәстүрімізді құрметтеуге, нақтылыққа, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қолдан жасалған бас киімдер, плакаттар, буклеттер,

перфакарталар, бағалау тақтасы, интерактивті тақта.



Сабақтың әдісі: Вассерман технологиясының «Ауызша сабақ» әдісі.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ине, жіп, тігін машинасы, мата,

сантиметрлік өлшем, сызғыш, асыл тастар т.б.



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7-10 мин.)

  1. Иық бұйымдарына не жатады?

  2. Көйлек қандай бөлшектерден тұрады?

  3. Қолдануына қарай бұйымдар қандай түрге бөлінеді?

  4. Әшекей түрлеріне не жатады?

  5. Камзолды қандай матадан дайындайды?

  6. Камзол қандай өрнектермен, әшекей түрлерімен орындалады?

Сергіту жаттығулары. (3 мин.)

Жұмбақтар айтып жарысу



  1. Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе жоқ тыныш.

(қайшы)


  1. Жағасы бар басы жоқ,

Жеңі бар қолы жоқ.

(көйлек)


  1. Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,

Киім тігіп береді ол өзіңе.

(ине)


  1. Өзі жалаңаш жүреді,

Біреуді киіндіреді.

(тігін машинасы)



Есте сақтау қабілетін тексеру.

Тірек сөз (30 сек)



  1. Сәукеле

  2. Қасаба

  3. Тақия

  4. Бөрік

  5. Кимешек

  6. Айыр қалпақ

  7. Қалпақ

Жаттығуға (1 мин.)

Ойлау қабілетін тексеру.

Осы жеті тірек сөзіне сипаттама беру (5-7 мин.)



  1. Сәукелені ұзатылатын қыздар киген.

  2. Қасаба - әйелдер киетін сәнді бас киім.

  3. Тақия қазақ бас киімдерінің ішіндегі ең көп тарағаны.

  4. Бөрік ұлттық бас киімдерінің ішіндегі ең әдемісі болып келеді, ұлдар да, қыздар да киеді.

  5. Кимешек – қазақ әйелдерінің бас киімі.

  6. Айыр қалпақ аты айтып тұрғандай, оның етегі екі айыр болып келеді.

  7. Қалпақ тек ерлер киетін бас киім.

Жаңа сабақ (7-10 мин.)

Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем бас киім. Жалпы қазақтар сәукелені, басқа да бас киімдерді сәндік үшін ғана кимеген. Олардың әрқайсысының ұлтымыздың парасатын, тәрбиесін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін көрсететін мән-мағынасы болған. Ұлы дала заңы бойынша көшпенділер адам баласын фәниге келтіретін, ошақ отын қорғаушы ретінде әйелдерді құрмет тұтқан. Олар құдайдың, табиғаттың, адамдардың алдында да ерлермен тең дәрежеде болған. Біздің аруларымыздың ғажап бас киімі сәукеле осы замандардан бастау алған сияқты. Оның биіктігі мен сәнделуі күнмен шағылысқан заңғар тау шыңдарын елестетеді.

Сәукеле 70 см биік, дөңгелек, қазақ сән-салтанатымен өрнектелген, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Ол тәж, төбе, құлақбау және артқыбау деген негізгі бөліктерден тұрады.

Сәукелені өте шебер әйелдер ғана тігеді.

«Көріп алсаң көріктіні,

Таңдап алсаң тектіні,

Сонда көңілің толмай ма?» - деп Абай атамыз айтқандай, тектілікке аса мән берген халқымыз қалыңдықтың шыққан тегін, дәрежесін осы сәукелеге қарап бағалаған. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Кіші жүздің Байсақалы атты байы мен Орта жүздің Сапақ байы құда болыпты. Байсақал құдаларына қызының сәукелесін жіберіп: «Басқа ештеңе сұрамаймын, тек осы сәукеленің бағасын өздері есептеп берсе болды», - депті. Сәукеленің бағасы: «Бес жүз байтал екен, сондықтан қызының қалың малы бес жүз жылқы болсын» - деп шешкен екен. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізіледі, оны айырбастамайды, кие тұруға да беруге болмайды. Сәукеле деген сөз – сау келе жатыр деген сөзден алынған деседі.


В

А
Сәукелені пішу үшін қабырғалары тең бүйірлі үшбұрыш сызамыз. Осы жерде математика пәнінің мұғалімі Оразбаева Пердегүл түсіндіріп өтеді. Екі қабырғасы тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады. Үшбұрыш ОВ биіктігі оның медианасы, бисектрисасы болады. Медиана дегеніміз төбесінен түсірілген кесінді табанын қақ бөледі. АО=ОС.


С


О

Сөзжұмбақ (3 мин)

С


К


IV. Сабақты бекіту (7-10 мин). Венн диаграммасы арқылы ерлер бас киімі мен әйелдер бас киімін салыстыру. Олардың ортақ қасиеттерімен таныстыру.





Тест.

  1. Сәукеле деген сөз қандай сөзден шықты?

А) сау келе жатыр

Б) әдемі болғаны үшін

В) биік болғаны үшін

2. Сәукеленің құны қай ғасырда жүз жылқының құнына тең болды?

А) ХХ ғасырда

Б) ХІХ ғасырда

В) ХV ғасырда

3. Бөрікті қай мезгілде киген?

А) жазда, күзде.

Б) қыста, көктемде.

В) күзде, көктемде.

4. Сәукелені неліктен асыл тастармен, лағылдармен сәндеді?

А) көз тимеу үшін

Б) сұлу көріну үшін

В) ұзату үшін

5. Қасабаны кімдер киген?

А) ұлдар

Б) қыздар

В) келіншектер

6. Қыздар тақиясына міндетті түрде не тағылған?

А) үкі

Б) кесте


В) моншақ

7. Бөрікті қандай теріден тігеді?

А) құндыздан, кәмшәттан, сусардан.

Б) құндыздан, матадан.

В) драптан, сусардан.
V. Сабақты қорытындылау. Бағалау.


Партаның қатар саны

1

2

3

оң

сол

Оң

сол

оң

сол

1-қатар



















2-қатар



















3-қатар



















4-қатар



















5-қатар


















1. Байқау



  1. Бекіту

  2. Есте сақтау


VI. Үйге тапсырма

Сәукеленің шығу тарихы туралы іздену.




Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет