Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері



Дата02.02.2017
өлшемі81,02 Kb.
#8473
түріСабақ
Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері.

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін білуге.Ою түрлерін олардың қай жерлерде қолданатынын үйрету. Түстерді айыра білуге үйрету.

Білімділік мақсаты:Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, үнемділікке, біткен іске талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдай білуге, өнерге қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін арттыру. Ойлау қаблетін түзету.

Тәрбиелік мақсаты:Бұйымның тиімділігімен қажеттілігін түсіндіріп жұмыс істеуге, шеберлігін арттыруға, тазалыққа үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: Геомерия,сызу, тарих, бейнелеу өнері.

Қолданылатын көрнекіліктер: Плакаттар, қолөнер бұйымдары, ою түрлері.

Құрал – жабдықтар: Ине, жіп, мата, қайшы, үтік, тігін машинасы.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабақты қайталау. (сұрақ-жауап)

  • Күртеше қандай киім түріне жатады?

  • Күртеше қандай бөліктерден тұрады?

  • Күртешеге қандай мата түрлерін қолданамыз?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Адамдар ертеден өздерін қоршаған бейнені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне, қолданылатын бұйымдарымен ыдыстарға бейнелеген. Ал біздің халқымыздың тұрмысында ою-өрнектің алатын орыны ерекше. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Әр шебер ою-өрнекті өзінше бейнелеген, соған орай өздері атын да берген. Біз ата-бабамыздан қалған ою-өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтауымыз керек.

Ою-өрнек халықпен бірге жасасып, оның рухани материалдық игілігіне айналып келеді. Өнер өшпейді, сөнбейді, көнермейді.

Олай болса біз бүгінгі сабағымызда осы ою-өрнек түрлерімен жақынырақ танысамыз, олардың қай жерде қолданылатынын білетін боламыз.

Ою-өрнектер негізінен төрт түрге бөлінеді: жануар тектес, өсімдік тектес, ғарыштық, геометриялық. Бұлай бөлінуінің өз себебі бар жануарға, оның мүйізіне табанына ұқсас оюларды жануар тектес, гүлге, жапыраққа, ағашқа ұқсас оюларды өсімдік тектес, геометриялық фигураларға ұқсас оюларды геометриялық, айға, жұлдызға, аспан денелеріне ұқсас оюларды ғарыштық деп атаған. Ою-өрнектің астында мағына болады.

Мысалы, «қошқармүйіз» - молшылық, «ағаш»-ынтымақ, «ирек»-адамның өмір жолы, «су»-,шеңбер»-жарық өмір жолы дегенді білдіреді.

Түстедің де өз мағыынасы бар. Көк түс-аспанды,жасару,өмір,өсу деген мағынаны береді, қызыл түс-оттың,күннің белгісі, қара түс-жер,түнді бейнелейді,сары түс-ақыл,парасат,байлық, ақ түс-қуаныш,бақыт,тазалық, жасыл түс-жастық, көктем, белгісін білдіреді. Ою-өрнек сол замандағы адамдар немен айналысқанын көрсетеді. Оюды адамдар ойлап тапқан.

« Ою-өрнекті кімнен, кашан үйрендіңіз?» деген сұраққа атақты суретші Әбілхан Қастеев:

«Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен» - деп халқымыздың өнері табиғаттың сұлулығымен астарлас екенін меңзей жауап берген. Бұдан біз әр шебер өзі еркімен оюды оятынын көреміз.

Олай болса балалар мен мына ою-өрнектердің қай түрге жататынын сіздерге анықтап айтып берейін.

IV. Сабақты пысықтау.

1. Ал, енді балалар ою-өрнекке байланысы мына мақалдарды оқып мағынасын түсініп айтып беріңіздерші.



  1. Ою ойғанның, ойы ұшқыр.

  2. Ойсыздан ою шықпайды.

  3. Өнерсізден құт қашар.

  4. Ерінбеген етікші болады.

  5. Шебердің қолы алтын.

  6. Шебер көп жерде, өнер көп.

2. Әр бағанға оюлардың бөлінуі боынша топтау.

Енді мына оюларды өз орындарына орналастырыңыздар.

3. Сергіту сәті:

Гүлдер тау басында тұр,

Жел соқты, гүлдер ырғалды.

Жаңбыр жауды,

жаңбыр саябырсыды.

Күн шықты,

Көбелектер гүлдің әуелі оң жағына, содан кейін сол жағына ұшып келіп қарайды.

Оңға, солға қарап қолдарын бүгілген тізелеріне қойып, басын иеді.

Балалар өздерің қазақтың ұлттық қандай бұйымдарын білесіңдер? Қоржын, дорба, кесеқап, шабадан, кілем, кигіз, сырмақ т.б.

Балалар енді бүгін біз дорба тігеміз. Осы дорбаға қошқармүйіз оюын таңдап отырмыз. Олай болса осы дорба тігуге жоспар құрайық.

4. Жоспар.


  1. Мата таңдау.

  2. Бұйымды пішу.

  3. Шаблонмен оюды ою.

  4. Оюды бұйымға тігу.

  5. Бұйымды сәндеу.

  6. Бұйым кесінділерін өңдеу.

  7. Бұйымға бау өткізу.

  8. Бұйымды іш жағынан тігісін жатқызып үтіктеу.

V.Практикалық жұмыс.

1. Нұсқаулық картаның мазмұнымен таныстырып таратып беру.

2. Қауіпсіздік ереже.

Тақтаға ілінген гүл күлтелерін алып артында жазылған сұрақтар бойынша қауіпсіздік ережелерін айтып шығу.

3. Ұлттық нақышта дорба тігу.

VІ.Сабақты қорытындылау.

1. Сұрақ-жауап арқылы.



  • Ою-өрнектің қандай түрлері бар?

  • Ұлттық бұйымдарды ата?

  • Қошқармүйіз оюы қай бұйымдарда қолданылады?

2. Бұйымның сапасын тексеріп бағалау.

Сабақ жоспары

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы ынтымағы тәрбиеден.

Сабақтың мақсаты: Бала жүрегіне отбасының маңызын, қадір қаиетін жеткізе түсіндіру.

Білімділігі: Бала бойына сүйіспеншілікті,жылылықты ұялату,ата-анасын

құрмет тұтып ,адал да парасатты ұл мен қыз болуға үйрету. Дамытушылығы: Отбасы ынтымағының ананың ақ сүтімен ,әке өнегесімен, ақыл

тәрбиесімен берілетіндігін айта отырып,өзіндік ұлттық қасиетімізді

балалар бойына дарыту.



Тәрбиелілігі: Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық,достық

қарым-қатынасқа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Слайд,нақыл сөздер,бейне көрініс т.б

Сабақтың әдісі: пікір алмасу,сұрақ-жауап,интерактивті технология

Тәрбие сағатының бағдарламасы:

I.Қызығушылықты ояту

- Топқа бөліну



II. Мағынаны тану

-« Бұл не» бейне ролик тамашалау

- Отбасы-сыйластық,жарастық орнаған орта ( топтық жұмыс)

III.Толғаныс

- Ынтымақты отбасы (тренинг)

Сабақтың барысы: Оқушылармен амандасу,назарларын сабаққа аудару.

I.Қызығушылықты ояту

-Оқушылар алдымен ортаға жиналып алдарыңызда жатырған қызыл,сары,көк түсті үйшіктерді таңдап алыңыздар.Ол үйшіктердің ішінде әріптер бар сол әріптерден отбасына байланысты сөз құрастырып сөйлемді аяқтаймыз.

1.Отбасы .......,........,....... мекені,ордасы,ұясы т.б

Әр топ Ынтымақ, жарастық,мейірім тобы болып отырады.



II.Мағынаны тану

Оқушыларға Торғай туралы бейне ролик көрсету.

-Бұл бейне баяннан нені ұғуға болады?

-Қазіргі уақытта сендердің ата-аналарыңмен қарым қатынастарыңда осындай жағдай болдыма?

Оқушылардың пікірін талдау,ой бөлісу.Содан соң оқушыларға топтық жұмысты таныстыру.

Топтық жұмыс бойынша әр топ өздеріне берілген тапсырманы топпен біріге отырып талдап ойларын бөліседі.Топпен жұмыс кезінде баяу ән тыңдай отырып жұмыстанады



Топпен жұмыс

1-топ

  • Отбасы бала тәрбиесінің түп қазығы

2-топ

  • Балаларға өнер білім берілсін,

  • Сұлу мінез әр өнермен өрілсін

3-топ

  • Ата-ананың қатаңдығына сабыр етейік,әр сөзін зерделеп,мейірімге бөлейік.

  • Отбасы-сыйластық,жарастық орнаған орта,бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы,алтын тіреу діңгегі ата-ана. Баланың берекелі,мейірімді болып өсуіне отбасының әсері мол.Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп немесе ата-ананың,баланың міндетін атқару ғана емес,береке-бірлік сүйіспеншілікпен араласса босағасы берік,шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады,басты қызметі-бала тәрбиелеу. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы –ата-ана» Ата-ана балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын,тылысым дүние жұмбақтарын танытып талғампаздыққа баулиды.Себебі отбасы таным бесігі, үлгі өнеге бастауы.Ата-ана күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі адамдық бейнелері,жақсы мінез құлқы, дұрыс қарым –қатынасы арқылы балаға үлгі.

  • Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы. Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық, татулық,бауырмалдық болғанда бірлік болады.

Бір-бірін аялап, кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болып ынтымақ орнайды.

-Оқушылар жұмыстанып жатырған кезде Ата-аналар мен қатысушы мұғалімдерге сұрақ қою.

-Тәрбие ережеден емес,өнегеден тұрады дегенді қалай түсінесіз?

- Бала тентек болатыны –үйінен,

Ердің тентек болатын –биінен -дегенге айтар ойыңыз?

-Топпен жұмыс жасап болған соң әр топ өздерінің жазғандарын ортаға салып талдап шығады.

-Ал енді оқушылар сабақтың басында сендер кішкентай үйшіктерді алған болатынсыңдар.Сол үйшіктердің ішіндегі қағазға бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізбен,ұсыныс-пікірлеріңді немесе өз отбасыларыңыздың ынтымақты,берекелі болуына қосар ойларыңды,атаөаналарыңа тілектеріңді жазып саламыз.Содан кейін әр топ өз отбасыларымен түскен фотоларын үйшіктерінің қасына жапсырып ынтымақ, жарастық,мейірім ауылын жасаймыз.



III.Толғаныс

Тәрбие ережеден емес,өнегеден тұрады

Ынтымақты отбасы шаңырағын құру

Шаттық шеңбері:Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.



Міне сіздермен біз үлкен үйдің шаңырағын құрдық. Осы сияқты біздің отбасы шаңырағымыз биік болсын дегім келеді.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет