Сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау Мақсат-міндеттері: а ақпараттық құзыреттілік



бет2/3
Дата24.05.2017
өлшемі0,89 Mb.
#16905
түріСабақ
1   2   3

Кітаппен жұмыс:


Сөздікпен жұмыс:




1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру.



Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667, Сыр бойы – 1764, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы деректерде 1665-1765) – қазақ халқының XYII-XYIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің бас биі еткен. Би Тәуке хан, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі - сыртқы саясатта хандарға ақыл - кеңестер беріп отырған. Хандықтың бірлігін сақтау мақсатында Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға атсалысқан.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1787, сонда) - әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы - биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш, тілегімен түсін болжап, онысы дәлме - дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Ол өзінің ұзақ ғұмырында талай - талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды» заманында тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айрықша күш жұмсаған. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдаған.
«Қазбек пен Бұқар» мәтінінің мазмұнымен таныстыру. 2 – 3 оқушыға оқытамын.

Шығарманы сұрақтар арқылы талдатамын.

Сонымен Қазыбек би қалай жауап берген екен?

Бір дегеніміз –

Екі дененіміз –

Үш дегеніміз –

Төрт дегеніміз –

Бес дегеніміз –

Алты дегеніміз –

Жеті дегеніміз –

Сегіз дегеніміз –

Тоғыз дегеніміз –

Он дегеніміз –

Қарт жырау бас бидің жауабына риза болыпты.

Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау (абыздың бір міндеттерін атқару) – көне дәуір жырауларына тән қасиет.
Үш бұтақты шідер – аттың алдыңғы екі аяғымен артқы бір аяғын қосып салынатын тұсау. Шедір үш аяққа бірдей салынады.

Төскей – таудың қия беткейі, биіктеу баурайы.

Толғаныс бөлімі.

1. Бұқар жырау «бірден онға дейінгі санның мағынасын» Қазыбектен неге сұрады?
2. Оның мағынасы қалай еді?
3. Қазыбек би шешен тілмен қайтіп жауап қатты?- Балалар, қалай ойлайсыңдар? Осы шешендік сөздің балалар әдебиетімен ұқсастығы бар ма?

- Дұрыс - ақ. Ал, санамақ дегеніміз не?



Қандай санамақтарды білесіңдер?
Қосымша жадығат:
Санамақ
– қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Сәбилерге сан үйрету, санаудың ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Ол кейде ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа негізделе береді. Сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы, түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.


Он бір - қара жұмбақ

Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің – желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің – оймақ,
Он бір – қара жұмбақ.


Шығармашылық жұмыс

Өздеріңіз ойдан санамақ немесе Қаз дауысты Қазыбектің шешендік сөзі секілді тұшымды ой қозғалатын өлең жазып көріңіз.


Оқушылар жаңа тақырыпты тыңдайды. Керек мәліметтерді дәптерлеріне жазып отырады.


– бірлігі кеткен ел жаман

– егесіп өткен ер жаман.

- үш бұтақты шедірден шошынған ат жаман.

– төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

- белсеніп шапқан жау жаман.

– аймағын билете алмаған адам жаман.

– жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

– серкесіз бастаған қой жаман.

– тойғаның.

– өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау (абыздың бір міндеттерін атқару) – көне дәуір жырауларына тән қасиет.


Үш бұтақты шідер – аттың алдыңғы екі аяғымен артқы бір аяғын қосып салынатын тұсау. Шедір үш аяққа бірдей салынады.

Төскей – таудың қия беткейі, биіктеу баурайы.

- Бар. Санамаққа ұқсас.



- Санамақ – қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Сәбилерге сан үйрету, санаудың ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Ол кейде ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа негізделе береді. Сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы, түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.

Он бір - қара жұмбақ
Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің – желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің – оймақ,
Он бір – қара жұмбақ.



Cабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырылды.

Берілген тапсырмалар бойынша оқушылардың жаңа сабаққа дайындықтары аңғарылады.

Берілген тапсырмалар арқылы алған білімін толықтырады, шапшаңдығы артады.

Бұл тапсырма арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды.



ІV. Жаңа материалды бекіту:


Қаз дауысты Қазыбек би дегеніміз кім?

Қазыбек би қай ханның тұсында өмір сүрді?



Қаз дауысты Қазыбек би деп аталуының себебі неде?

Каталог: uploads -> doc -> 0fd8
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fd8 -> Сабақтың тақырыбы: Өсімдік жақсы өссе Сабақтың мақсаты: «Табиғатты қорғау»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет