4-топқа
7-бөлім
Буыршынның жалғыз қырқар азуы,
Бөкеннің желіп өтер төрт саны,
Бұғының ауыр қара мүйізі,
Бидайықтың жалғыз соғары,
Қашағанның ұзын құрығы,
Ақ орданың тіреу сырығы,
Айдаса - қойдың көсемі,
Сөйлесе - тілдің шешені,
Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген,
Күз жіберіп, жаз мінген,
Жазаласа - екі жылда бір мінген,
Жолдасын жолай іздеген,
Өзіне тиген дұшпанын
Қарт бурадай тіздеген -
Мен - Қарғабойлы Қазтуған,
Қайғыланып асып барамын
Ноғайлы-қазақ елімнен!
1-тапсырма.Ж/Ж. Топқа берілген өлең үзіндісін дауыстап мәнерлеп оқу үшін жұпқа бөлінеді. Жұпта отырып дауыстап оқиды. Егер жұбы талапқа сай оқымаса , бір-біріне дұрыс оқу жолдарын керектігін үйретеді.. Мысалы: (екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауыс т.б.) Әр жұп өз қалауларыңыз бойынша мәнерлеп оқи алатын оқушыны ұсынады. Осы жұмыс арқылы оқушылардың шығарманы мәнерлеп оқу дағдылары бағаланады.
Бағалау критерийі
|
Дескрипторлар
|
Өлең үзіндісін мәнерлеп дұрыс оқиды.
|
Мәнерлеп оқи алады.
|
Өлеңді оқуда екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауысты дұрыс қолданады.
|
Өлең мазмұнын түсініп оқиды.
|
2-тапсырма. Жеке жұмыс. Берілген үзіндідегі кейіпкер бейнесіне талдау жасау үшін жырдағы кейіпкер образын (Қазтуғанның өзі) анықтау үшін «Төрт сөйлем» тәсілі төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1.Пікір. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғауы бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.
2.Дәлел. Толғаудағы кейіпкер /ақын/ мінезін ерекшелеп тұрған сөз бен суреттемелерге 2-3 мысал тауып, бір сөйлеммен дәлелдеңіз.
3. Мысал.Толғауды өмірмен байланыстырып, ақын қозғаған жер мәселесіне байланысты мысал келтіріңіз.
4. Қорытынды. Үзіндідегі /кейіпкер сөзін/, ішкі толғаныстары, ой-пікірі бойынша қорытынды шығарыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |