Сабақтың тақырыбы: Б. Майлин. Күлпаш



Дата11.01.2017
өлшемі48,65 Kb.
#6913
түріСабақ
Тулегенова Гульмира Жаксылыковна

Ақтөбе қаласы,

5 орта мектебінің бастауыш кластар бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі және бастауыш класс мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Б.Майлин. Күлпаш

Сабақтың мақсаты: Б.Майлин туралы түсінік беру, «Күлпаш» әңгімесін талдап, шығарманың идеясын ашу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Оқыған әңгіме туралы өз пікірін, ойын айтып, оны дәлелдеуге, эмоционалдық қарым-қатынасын көрсете білуге үйрету. 

  2. Оқу және оқырмандық дағдыларын қалыптастыру. 

  3. Өткен өмірді, тарихты білу, елінің азаматтарын қадірлеуге, оларды құрметтеуге, еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, сұрақ – жауап, талдау, топпен жұмыс, әңгімелеу, ой толғаны,ассоциация,венн диаграммасы,Фишбон әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақты, слайд, Б.Майлин портреті, жазба қағаздар,бейне роликтер.

Сабақтың барысы:

І. Алғашқы ұйымдастыру: топқа бөлу

ІІ. Психологиялық дайындық
Орнымыздан тұрамыз,
Сабақ сырын ұғамыз.
Әрбір жаңа сабақтан,
Білімді боп шығамыз.

ІІІ. Жаңа материалға байланысты : "Кім жылдам?" ойынын ойнату. Есепті дұрыс шығарып, санды ретімен қойсаңдар бүгінгі тақырыбымыздың аты шығады.

1+0 = 1 А 2+0= 2 Ш 2+1= 3 А 6-2= 4 Р 7-3=5 Ш

8-2=6 Ы 8-1 =7 Л 5+2=8 Ы 7+2=9 Қ


1

2

3

4

5

6

7

8

9

а

ш

а

р

ш

ы

л

ы

қ


- Қандай сөз шықты? (Ашаршылық)

Ашаршылық туралы не білеміз? Соны еске түсірейік. (Ассоциация)

Ашаршылық

жоқшылық қарны ашу

тамақ іздеу

  • Сонау тарихи ауыр кезеңдерді қазақ жері басынан өткерді. 18 ғасырда қазақ халқы Жоңғарлардан қысымшылық көрген. Осы кезді "Ақтабан шұбырынды" деп атаған. 1916 жылы ұлт азаттық көтеріліс кезінде қазақ жері саяси қысымшылық көрген. Сонымен қоса 1930 – 1932 жылдарыда ауыр кезеңді бастан өткерген. Адамдар аштықтан аман құтылу үшін мекен еткен жерлерін тастап шет елдерге тамақ іздеп босып кеткен.Сол кезде Қазақстан халқының саны 6 миллионнан асқан болса, соның 2 миллионнан астамы аштықтан қырылған.Осындай ауыр кезеңді сипаттайтын "Елім -ай" халық әні туған. (бейне сюжет көрсету.) Осы кезеңде көптеген ақын -жазушыларды ашаршылық туралы шындықты жазғаны үшін халық жауы деп атып тастады. Соның бірі Бейімбет Майлин еді.

« Жылдар сөйлейді»

1894 жылы Қостанай облысы Таран ауданында дүниеге келген.

1922 жылы "Күлпаш" әңгімесін жазды.

1930-1932 жылы Азаттық, тәуелсіздік, теңсіздік үшін күрескен.

1938 жылы Жазықсыз жаламен дүниеден өткен.

- Олай болса бүгін біз «Күлпаш» әңгімесімен танысамыз.

А) Алдымен мәтінді бейне таспадан тыңдатамын. Сол кезде оқушылар таныс емес сөздерді түртіп отырады.

Сөздікпен жұмыс.

Өрім– өрім - тозған, жыртылған.

Бөкебай– басқа жамылатын шәлі.

Ызғырық–суық жел.



Өлмелі кедей – өте кедей.

Ә) Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды. (Фишбон әдісін қолданамын)
Қоры

тынды


дәлелде
Күлпаш


ат қой

Әңгімені жеті бөлімге бөліп оқу барысында әр бөлімге талдау жасалады.

1 - тапсырма: Ассоциация құру

1 топ: Күлпаш

2 топ: Мақтым

3 топ: Қалидың жағдайы

4 топ: Мақтым мен Күлпаштың тұрмыс жағдайы.

Ү. Сергіту сәті:

2- тапсырма:

1 топ: Егер сен жазушы болсаң оқиғаны қалай аяқтар едің?

2 топ: Мақтымның отбасын асырауына не кедергі болды?

3 топ: Суретке қарап әңгіме құрастыру.

4 топ: Мақтым, Күлпаш, Қалидің көрген азабы туралы әңгімелеңдер.

ҮІ.Ой қорыту:

Венн диаграммасы.

Қали өмір сүрген заман Қазіргі бейбіт заман

ҮІІ.Қорытынды: Әрбір бала өз елінің патриоты, мақтанышы.

Ұйқас өлең құрастыру

____ _____ баламын,

____ _____ аламын.

_____ _____ өскенде

_____ ____ шығамын.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: «Күлпаш» мәтінін оқу, мазмұнын айту.

ІХ.Бағалау:Мадақтау арқылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет