Сабақтың тақырыбы: Бақылау педагогикалық зерттеу әдісі



бет3/6
Дата25.01.2022
өлшемі28,38 Kb.
#114165
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Документ (1)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жоспар:

1. Бақылау – педагогикалық зерттеу әдісі ретінде

2. Бақылау жүргізу кезеңдері, түрлері, бақылаудың ерекшеліктері

3. Бақылау жүргізіп үйрену, қорытындысын шығару жолдары


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Педагогика. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Астана, 1998. 378-бет [23]

  2. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы Әлем», 2003. 368-бет [27]

  3. Педагогикалық сөздік



Ой қозғау. Бақылау дегенде көз алдымызға не елестейді?

Бақылау – педагогикалық зерттеуде жиі қолданылып жүрген, кең түрде таралған негізгі зерттеу әдістерінің бірі.

Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады.

Бақылап-зерттеу – заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу обьектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.



Бақылау - еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудың негізгі қызметі - зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес.

Педагогикалық бақылау – бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішірана жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалар ұжымының іс-әрекеті және т.б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.

Бақылау жүйелі және жоспарланған болуы тиіс. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсат-міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс.

Бақылау жұмысын жүргізу кезеңдері:

1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау;

2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу;

4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;

5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.

Бақылау үшін нақты бағдарлама құру қажет. Бақылап-зерттеуге, ең алдымен, кім

бақыланады (бақылаушының өзі), сағаты, күні, өмірінің қай кезеңінде т.б. зерттеу обьектісі, бақылап зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап зертеу құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары қажет. Бақыланатын объекті жөніндегі сұрақтарға толық жауап іздеу және жауап беру керек.

Бақылаушының бастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады. Мысалы, геолог-зерттеуші мен тәжірибесі жоқ адам бір тасқа қарап тұрып, оны әртүрлі қабылдайды: біреуі оған құнды минерал деп қараса, екіншісі оған жай ғана тас деп қарайды.

Бақылау әдісін қолдануда әдістемелік қағидаларға сүйену қажет және әртүрлі нұсқаларда қолданылады: әрекет ретінде, әдіс ретінде, жеке әдістеме ретінде (технология).

Бақылау жүзеге асырылуда негізгі әдістемелік мәселе - зерттеуші мен зерттелушінің өзара байланысы. Зерттелуші бақылауға алынғандығын білмеуі қажет.



Бақылау түсінігінің бірнеше мәні бар:

1.Тұрмыстық бақылау

2.Оқу барысында бақылау

3.Педагогикалық бақылау

4.Инспекторлық бақылау

Зерттеу барысында бақылау түрлерінің әр алуан жіктемесін ажыратуға болады. Зерттеушінің зерттеу объектісі мен байланысына қарай:



  • Тікелей бақылау - мұғалім-зертеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей

басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зертеушілер тобына кіргізілген. Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;

  • Жанама бақылау - ол тікелей бақылап-зертеуді толықтырады және ол

зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;

Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының ойындарын, жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудың табыстылығы зерттеушінің дайындығына байланысты. Ұжым болып бақылау кезінде біріншісі - зерттеуші мұғалімнің іс-әрекетін, екіншісі - оқушылардың, үшіншісі - жекелеген оқушылардың іс-әрекетін белгілейді.

  • Ашық бақылау – мұғалім мен оқушының саналы түрде жағдайда басқа

бақылаушылардың қатысуымен жүргізілетін бақылау болып табылады.

  • Жабық бақылау - жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық

теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералы бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен арақатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды. Оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірімен оңаша кезіндегі мінез-құлқы оларды бөтен біреулер арқылы бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда өзгеше болады. Сондықтан бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз. Сондықтан жабық бақылау педагогикалық процестің нақты көрінісін береді. Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді.

Кеңістіктің және уақыттың белгілеріне қарай:

  • Үздіксіз бақылау - оқыту процесін, екі-үш оқушыны cабақтағы,

ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады. Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс-шара, т.б. объектілер үзіліссіз қаралады.

  • Дискретті (үзік-үзік) бақылау - обьектіні ұзақ уақыт бақылайтын

кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытқа үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;

  • Монографиялық бақылау - бір адамды немесе бір заты бақылау кезінде

қолданылады. Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы: биыл бірінші сыныпқа қабылданған оқушыларды зерттеу. Объектілері - оқушының мәдениеттілігі, ой-өрісі, мінезі, т.б.

  • Арнайы бақылаулар.

Бір бағытты бақылап –зерттеу жалпы тұтастықтан

бақылап-зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;



Зерттелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау. Мысалы: бастауыш сынып оқушылары зерттеушінің сұрауымен өздік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үй тапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады. Бақылау нәтижелерінің дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты.

Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау - зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.

Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді. Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық - педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші. Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің қатысуына байланысты.

Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалары, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, киноға түсіру, магнитофонға жазу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Бақылаудың қорытындысын нақтылау үшін шкала қолданылады. Ол бақылау кезіндегі қарқындылықты көрсетеді: жоғары, орташа, төмен. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады.

Кейде педагогикалық бақылау материалдарын зерттеуші сауалнама мәліметтерін толтырады. Оқушылардың, мектеп қызметкерлерінің, ата-аналардың сұрақтарға берген жауаптары зерттеліп отырған проблемаға қорытынды жасау үшін зор тірек.

Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдерінде қолданылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық сенімді мәліметтер алуға болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез-құлқын, түрлі іс-әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау әдістерімен ұштастырылып жүргізіледі.



Бақылау фактілері кезінде белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген бақылаудың өзі де құндылығын жоғалтады. Бақылауды күнделік дәптер түрінде жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі баланың денсаулығы, отбасының құрамы, ата-аналарының мамандығы жөнінде қысқаша мәлімет беру керек. Содан кейін бақылау жөнінде жазулар болады. Жазулар хронологиялық тәртіппен жүргізеді. Сабақ кезінде, үзіліс уақытында, сыныптан тыс сабақтың кезінде барлығын түгел жазып отыруға мұғалімнің уақыты жоқ. Дегенмен, қысқаша жазып отыру керек болады. Оқушылардың айтқан сөздерін, олардың сөздерінің өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, сөзбе-сөз жазған жөн.

Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапалық суреттемесі мен өлшемінің тәртібі бақылап-зерттеу негізін құрайды. Өлшем – зерттеу обьектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі. Сандық бақылап-зерттеулер мен өлшемдер оларды математикалық өңдеуге жол ашып, теориялық болжамдардың эксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет