(саяхат сабақ)
Өткізген: Кожахметова Н.Н
2016-2017оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Бала шақтан болашаққа»
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға гидросфера және дүниежүзілік су ресустары туралы терең мағлұматтар бере отырып, жер беті суларын қорғаудың алғы шарттарымен таныстыру.
Дамытушылық:Экология туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, халықтық педагогиканы қолдану арқылы судың маңыздылығын ұғындыру, логикалық, шығармашылық ойлау дағдыларын кеңейту.
Тәрбиелік: Болашақ ұрпақтың елін, жерін қорғауға, «Судыңда – сұрауы бар» - деген мақалды негізге ала отырып, экологиялық, тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, экология
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Дүниежүзінің және Қазақстанның физикалық картасы, суреттер, карточкалар, математикалық шкатулка.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Күн шуағын сезіну.
1. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»
Барша адамды құрметтеп,
Иілеміз біз.
2. Сабаққа қойылатын ереже:
- Бірін-бірі тыңдау, қатысу;
- Уақытты үнемдеу, қатысу;
- Ойды еркін айту;
- Тақырыптан ауытқымау;
- Анық сөйлеу.
3. Сабақтың міндеті:
Іздеймін, табамын,
Ойланамын, біліп аламын.
Мұғалім: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін таратады баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бас иеміз ұстаздар мен оқушы толған ортаға.
Бүгінгі өткізгелі отырған саяхат сабағымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1. Сайысқа түсетін топтарды таныстыру.
2. Екі топқа блиц-сұрақтар қою
3. «Сандар ғаламшары»
4. «Тапқырлар» ғаламшары
5 Сен маған, мен саған ғаламшары
6. «Зейінділер» ғаламшары
7. «Егер мен болсам...»
8. «Ең,ең,ең...»
9. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Сабағымыздың басты мақсаты: Оқушылардың жаратылыстануға деген қызығушылығын арттырып, сабақ кезінде алған білімі мен іскерлігін тереңдету, отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқушылардың этикалық тәрбиесін жетілдіру.
1.Күннен ең алыс орналасқан планета? Плутон
2. Қазақ халқының тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкері кім? Тоқтар Аубакиров
3. Африка материгі неше мұхитпен шектеседі? 2
4. Мадагаскар аралы қай мұхитта орналасақан? Үнді
5. Дүние жүзі тартылыс заңын ашқан қай ғалым? И.Ньютон
6. Телескопты ойлап тапқан қай ғалым? Галилео Галилей
«Сандар ғаламшары».
Мұғалім: - Алдымыздағы «сандар ғаламшары» екен. Бұл ғаламшарда есепті жақсы шығаратын, жаңаша ойлай білетін, көп жұмыс жасайтын адамдар тұрады екен. Мына ғаламшарға келген адамдарға «құпиялы сырсандық» ішіндегі тапсырмаларды орындау қажет. Қане, сендерде осы ғаламшарға келдіңдер, сондықтан өз білімдеріңді дәлелдеңдер.
11022 = (3*250)+10272
8742= (4000*2)+742
7729= (3500*2)+729
510= (361+149)
149= (50*2)+49
361= (150*2)+61
«Тапқырлар ғаламшары»
(Билет арқылы суырады, картадан обьектілерді көрсетеді)
1 билет.
РАЛА – Гренландия, Мадагаскар, Тасмания, Жаңа Жер, Шри-Ланка
2 билет.
ТХҰИМ – Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды мұхиты
3 билет.
КАТЕРИМ – Африка, Австралия, Евразия, Антарктида, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка
«Сен маған, мен саған» ғаламшары
Бұл ғаламшарда балалар енді топтар бір-бірімізге сұрақтар қоямыз.
а, с, л, а, ғ, р, ы, н.
Сұрақтары:
1. Басты өзенге жолда қосылатын өзендерді не дейміз? (сала)
2. Су массаларының бір бағытта орын ауыстыруын не деп атаймыз?(ағыс)
3. Өзеннің басқа бір теңізге, көлге немесе өзенге құяр жері (саға)
4. Қашық сөзінің синонимі (алыс)
а, б, қ, л, а ,р, н, т.
1. Алматы, Астана не ол? (қала)
2. Экологиялық апатқа ұшыраған Қазақстандық теңі-көл (Арал)
3. Жан жағын су қоршаған шағын құрлық бөлігі (арал)
4. Аңғардың түбіндегі ағын өтетін ойыс (ойыс)
Ең, ең, ең...
Ең үлкен материк- Евразия
Ең үлкен арал- Гренландия
Ең ыстық материк- Африка
Ең кіші мұхит- Солтүстік мұзды мұхиты
Ең халқы көп мемлекет- Қытай
Ең кіші материк- Австралия
Ең үлкен мұхит-Тынық мұхиты
Ең терең шұңғыма- Мариана
Ең суық материк- Антарктида
Көрермендерге:
1. Сөз атасы — құлақ,Су атасы — ……….( бұлақ)
2. Адамзатты сөз бұзар, (Тау мен тасты су бұзар)
3. Судыңда – ....... (сұрауы бар)
4. Таулы жер бұлақсыз болмас, (Сулы жер құрақсыз болмас)
5. Бір тамшы су-..... (...- жерге пайда)
6. Батыр туса – ел ырысы, (Жаңбыр жауса, жер ырысы)
7. Бұлақ көрсең -..... (...көзін аш.)
8. Қар мол болса, дән көп.... (Су көп болса, ну көп)
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Саяхат сабағымызды табиғат туралы мына бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз:
Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!
Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан.
Сен – көлсің!
Сен – орман!
Сен – бұлақсың!
Адамды сұлулыққа құнықтырған!
Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !
Достарыңызбен бөлісу: |