Сабақтың тақырыбы Балалық шақ мейрамы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/3
Дата19.05.2022
өлшемі79,06 Kb.
#143963
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
04.05.2022ж өзін өзі тану (копия)

Сабақтың дәйексөзі.




«Татулық табылмас бақыт»
Нақыл сөз

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Татулық дегеніміз не?

Мұғалім оқушылармен бірге дәйексөзді оқып, бірнеше рет бірге қайталайды. Мұғалім дәйексөз бойынша сұрақтар қояды және дәптерге жазуды ұсынады.

Оқушылар мұғаліммен бірге дауыстап оқып, қайталайды. Дәйексөз бойынша сұрақтарға жауап береді, сұрақтар арқылы мағынасын талқылайды және дәптерлеріне жазады.


Дәйексөзден оқушылар татулық ұғымы туралы түсінеді.



Оқулық

  1. Оқиға айту (Әңгіме)

15 минут

Өмір сүрудің ең жақсы жолы
Ф. Тайтелиев
Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.
Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
– Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттымнан қалған дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де жүз-жүз тиыннан беремін. Осы тиындарға бір зат алыңдар. Кешкісін келгенде алған заттарыңмен менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.
Ұлдары үлкен сауда орталығын басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:
– Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Екінші баласы:
– Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Үшінші ұлы:
– Тиынды ұсақтап, елу тиынын мешітке бердім, жиырма тиынын қайырымдылық қорға бердім, жиырма тиынын да әлеуметтік жағдайы төмен отбасына бердім. Қалған он тиынға екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.
Әкесі үшінші баласына риза болып:
– Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату, – деді.
Сұрақтар:
1. Әкесі ұлдарын қалай сынамақшы болды?
2. Неліктен ол үшінші ұлының әрекетін дұрыс деп санады?
3. Айналаңа жарық тарату дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Қандай құндылықтар адамды жақсылыққа жетелейді?

Оқушылар оқиғаны тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, ізгілік, қайырымдылық туралы ойлары қалыптасады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет