Класс: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Балықтар класына жалпы сипаттама
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды балықтар класымен таныстырып, олардың тіршілік әрекеттері мен негізгі түрлері, табиғаттағы маңызы туралы мәліметтер беру
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, балықтарды қорғай білуге, адамгершілік пен ұжымдық қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: ойын, баяндау ,сұрақ - жауап, үлестірме материалдармен жұмыс, кесте, тірек – сызбалармен жұмыс, тест
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, үлестірме қағаздар, бейне слайдтар, балық суреттері
Сабақтың басқа пәндермен байланысы: география, әдебиет
Күтілетін нәтиже:
Білуге тиіс: Әрбір бала балықтардың түрлерін,аттарын білуі керек.
Талапты болу: Су асты әлеміндегі жануарлар мен жәндіктерге деген қызығушылық болу керек.
Қолынан келуі тиіс: Балықтарға қамқор бола білуді үйренуі керек.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Балалар, біз бүгін кемемен ойын әлеміне саяхатқа шығамыз.
- Кемемен қайда жүруге болады?
- Суда, өзенде, мұқитта, теңізде.
- Дұрыс, балалар. Олай болса
«Кім жылдам »ойыны ойнаймыз.
1.. Желілілер қандай жануарлар?
2. Омыртқалы жануарлар дегеніміз не?
3. Тип неліктен желілілер деп аталады?
4.Желілілер қайда мекендейді?
5. Омыртқалы жануарлар дегеніміз не?
Енді бір сәтті мына жер шары яғни глобусқа көз салып көріңдерші.
Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Жер бетіндегі барлық адамдардың тіршілігі теңіздермен, мұхиттармен тығыз байланысты екенін білесіңдер.
Олай болса мына жұмбақтың шешуін табыңдаршы?
Қанаты бар ұшпайтын
Сусыз жерде тұрмайтын
Желбезекпен тыныс алатын ол не ?
Оқушылар жасырын сөздің «балық» екенін айтады.
Яғни бүгінгі сабағымыз балықтар туралы болады.
Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту сатысы.
Енді балалар осы «БАЛЫҚ» сөзіне ассоциация құрайық
Балықтар сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы жануарлар. Балықтарды зерттейтін зоология ғылымының саласы — ихтиология деп аталады. Себебі грекше «ихтис» қазақша: «балық» деген сөз.
Мәтінмен жұмыс Кесте толтыру
Слайдтарды пайдалана отырып, баяндау әдісімен түсіндіріледі.
Келесі кезек «Балық аулау» ойыны. (топтастыру)
Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
- Бұл - қармақ.
- Қармақпен не істеуге болады?
- Балық аулауға.
- Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе? Жәшіктің ішіне балықтардың суреті бар үлестірме қаіаздар салынады.
(Магнитті қармақпен балалар біртіндеп балықтарды аулайды. Аулаған балықтардың аттарын қайталап айтқызу)
. Қандай балық екен? ШОРТАН
(Сипаттама астында жазулы түрады, оны оқушы оқып береді)
Солтүстік жарты шарда кең таралған, бала кезден ер. тегіден таныс жыртқыш балық.. Денесінің астыңғы жағы алға шығыңқыраған, жалпақ тұмсықты. Аузында тістері көп, олар ұшымен кері бағытталған, сондықтан аузына түскен жемтігі мұндай қақпаннан қайтып шыға алмайды. Шортан – жыртқыш, балықты басынан бастап жұтады, 1,5 метрге дейін өседі, салмағы 30-35 кг
Қандай балық екен?Сазан.
Сазан (калантыр) – тұкы балық тұқымдасының ірі балығы, мәдени тұқының жабайы шыққан тегі. Тығыз жалпақ денелі, денесі жасыл-сұр, кейде сары түсті, ол тығыз ірі қабыршақпен қапталған. Тез өседі, екінші жылдың соңында ұзындығы 30 см, салмағы 0,5-0,6 кг-ға жетеді (ең үлкені 2 метрге дейін өсіп, салмағы 20 кг). 30 жылға дейін өмір сүреді. Қазақстанда барлық жарамды су қоймалары, көлдер және ну өсімдікті өзен шығанақтарында мекендейді. Қорек талғамайтын балық.
- Жарайсыңдар, балалар, енді аулаған балықтарыңа назар аударайықшы, сендер балықтардың аттарын білдіңдер. Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді?
Достарыңызбен бөлісу: |