Сабақтың тақырыбы Бас қаланың бойтұмары Сабақтың мақсаттары: а білімділік



Дата23.05.2017
өлшемі34,63 Kb.
#16589
түріСабақ
Сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі/әдебиеті Мерзімі:

Сынып: 8а,б

Сабақтың тақырыбы Бас қаланың бойтұмары



Сабақтың мақсаттары:

А)Білімділік

Астана қаласының символы-«Астана-Бәйтерек» туралы мәтінмен жұмыс. Түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін қайталау. Деңгейлік тапсырмалар орындау.Тірек сызбалар бойынша әңгімелеу. Өткен тақырыпқа шолу жасау, Қазақстан Республикасының астанасы –Астана қаласы туралы әңгімелесу.



Ә)Дамытушылық

Оқушылардың сөйлеу, тыңдау, сауатты жазу, оқу, диалог, монолог құру қабілеттерін дамыту



Б)Тәрбиелік

Тіл үйренуге деген қызығушылықтарын тудыру.



Сабақтың түрі аралас

Пәнаралық байланысы тарих, география

Көрнекіліктері грамматикалық материал

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Міндеттері:

  • Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;

  • Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  • Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Міндеттері:

А)үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;

Ә)кемшіліктер мен қателіктерді анықтау

Кіріспе сөз

104-бет,3-тапсырма, мәтіннің мазмұны

Түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін қайталау



Сұрақтарға жауап беру:

Қаз-ның астанасы қай қала?

Қай өзеннің бойында орналасқан?

Бұрын қалай аталған?

Оның себебі не?

Ол кезінде қандай болған?

Кеңес дәуірінде қалай өсті?

Ол қай жылға дейін қалай аталды?

Қай жылы астана болды?

Қай жылы Астана аталды?



1.Жоспар бойынша мазмұндау

Бұрынғы атаулары, тарихы

Дамуы,халқы

Кеңес дәуірі

Қазіргі атауы

2.Шағын шығарма жазу



3.Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

Міндеттері:

А)өткен сабаққа шолу;

Ә)өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру;

Б)жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

1) Сөздік диктанты

2)Өткен сабаққа шолу жасап, жаңа сабақтың тақырыбын баяндау

4.Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі

Міндеттері: грамматикалық форманы, жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту

Кіріспе сөз

107-бет,1-тапсырма, мәтінмен жұмыс:

Түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін талдау ;

Мәтінді оқып шығу:

Сұрақтарға жауап беру:

Астана қаласының символы не?

Ол неге ұқсайды?

Неше бөліктен тұрады?

Кіреберістегі суреттер кімнің туындылары?

Орта бөлігінде не бар?

Бұл жеделсатылар неше метр биіктікке шығарады?

Онда не бар?

«Аялы алақан» композициясында кімнің алақаны бар?

Бәйтерек туралы қандай аңыз бар?




Деңгейлік тапсырмалар:

ІІІ деңгей

Аңыз бойынша сұрақтар

ІІ деңгей

Сөздерді септеу

І деңгей


1.Жоспар құру:

Астана символы

Пішіні

Бөлігі


Кіреберісі

Биіктігі


Аялы алақан

Аңыз


2-тапсырма: дұрыс, бұрыс...

3-т, сөйлемдер құру



5.Жаңа материалды бекіту кезеңі

Міндеттері: А)жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру

Ә)жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру

Б)сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу;

В)жаңа материал бойынша ойын қорытып айта алуға дағдыландыру

Мәтін бойынша тірек сызба: -Бәйтерек-



6.Үй тапсырмасы

Міндеті: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын орындау тәсілдерін түсіндіру

109-бет, 3-деңг.2-т (д);, І-д.(ш)М



7.Сабақтың бағалау кезеңі

Міндеті: Өзара бақылау; жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту т.б.)

Оқушылар білімі бағаланады



8.Рефлекция кезеңі

Міндеттері:

  • Оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін, оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлекциясына жағдай жасау;

  • Оқушылардың өзін-өзі ұстай білуі және ынтымақтастық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету

«Сабақта не білдім, не үйрендім

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет