Сабақтың тақырыбы: «Бас орамалды және алжапқышты пішу»



Дата24.04.2017
өлшемі41,69 Kb.
#14586
түріСабақ
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Қызыл-төбе елді мекені

2 орта мектебі



Утегенова Жибек Жаналиевна

Технология пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Бас орамалды және алжапқышты пішу» (5 сынып)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімділік, біліктілік іс-тәжірибесімен ұштастыра отырып, толық мағлұмат беру. Оқушыларға туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы: жеке тапсырмаларды орындау барысында технологияның ретін, талаптарын орындау, оқушылар шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелігі: жаңашылдыққа, әдемілікке, ағаш конструкциялық материал ретінде пайдалану туралы оқушыларды ұқыптылықпен, тазалықпен, жауапкершілікпен қарауға, эстетикалық талғамға баулу.
Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сыни тұрғыда ойлау, ынтымақтастықта оқыту, түсіндірмелі сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:тірек-сызбалар, сурет, журналдар, оқулық, үлгісі, қайшы, құрал-жабдықтары, т.б.

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, әдебиет, алгебра, геометрия.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақ

Сабақты бекіту

Үйге тапсырма

1. Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен сәлемдесу.

-Сабаққа қатынасын анықтау.


2. Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен шұғылданған кезде алжапқыш қолданамыз. Алжапқыш – киімнің алдын ластанудан сақтайды. Алжапқыш тігер мата мынадай түксіз, жеңіл, тез жуылатын, тігісі мықты. Олар шыттан, зығыр матадан, сәтеннен тіккен дұрыс.

Алжапқыш бірнеше үлгімен тігуге болады. Ол тігіншінің қиялына байланысты. Алжапқыш тікпес бұрын, анық сызбасын құрастырып, үлгі дайындайды. Ол үшін адам денесінің өлшем бөлігі сантиметрлік таспамен түсіріп алады. Өлшемді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді. Белін алдын-ала жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам тік тұруы қажет. Денені өлшегенде таспаны қатты тартуға немесе босаңдатуға болмайды. Ұзындық өлшемдерін толық жазып алады. Айналым және ені өлшемдерін жартылай жазады.

3. 1) Тігін машинасының түрлерін ата?

(Қол аяқ, тоқ, арнайы машиналар)

2) Тігін машинасының жобасын алғаш рет кім ұсынды? (Леонардо да Винчи)

3) Талшықтан жіп шығару процесін не деп атайды? (иіру)

4) Мата алу процесін не деп атайды? (Тоқу)

5) Матаның бойымен орналасқан жіпті қалай атайды? (негізгі)

6) Көлденең жатқан жіпті не деп атайды? (Арқау жіп)

7) Киім пайдалануына қарай неше түрге бөлінеді? (Тұрмыстық, өндірістік, формалық)

8) Тұрмыстық киімдерге қандай киімдер жатады?

(Күнделікті, сәндік, үй киімі, ұлттық, спорттық)

9) Өндірістік киімдерге қандай киімдер жатады?

(Мектеп, әскери)


Сабақты бекіту. Бас орамалды және алжапқышты пішу туралы нені үйрендіңдер?
Үйге тапсырма: Оқып келу, үйрену.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет