Тапсырма
«Әбу Насыр ибн Мұхаммед әл-Фараби: өмірі мен ғылыми еңбектері» тақырыбында бес беттен тұратын кітапша жасау. Бірінші бет-титул парағы, соңғысы – бос. Екінші бетінде – өмірі, үшіншісінде – Фарабиге қатысты суреттер, төртіншісінде – әл-Фарабидің саяси көзқарастары.
Әл-Фарабиге қатысты мағлұмат жинақтауда ғаламтор мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. (http://www.mudrez.uz) Құжатты MicrosoftWordта сақтап отырыңыз.
11 сынып атты бума жасап, оның ішіне «Кітапша» бумасын орналастырыңыз. Папкаға қажетті мәтін құжаттары мен суреттерді сақтаңыз.
87-суреттегі құжат ерекшеліктеріне сәйкес Scribusта жаңа құжатты ашыңыз. (жаңа құжаттың барлық құрылымына зер салыңыз) «Беттер саны» - 5 дегенді орнатыңыз. ОК батырмасын басып, бірінші беттен мәтін блогын алып тастаңыз.
87-Сурет
Беттің жоғарғы бөлігінің орта тұсына автономерлеу үшін ені 10 және биіктігі 6 мм-ді құрайтын мәтін алаңын қосыңыз. Ол үшін «Кірістіру» → «Мәтін блогы» амалын орындап, «Кірістіру» → «Белгілер» → «Беттің номері» амалын орындаңыз. (88-сурет)
88-Сурет
Мына мәтін блогын бірінші және соңғы беттен басқа барлық беттерге көшіріңіз.
«Кітапша» папкасынан суреттерді пайдалана отырып, титул парағын жасаңыз.
Екінші беттен бастап әл-Фараби жайлы табылған мәліметтерді қойыңыз. Мәтін блоктарын өзара байланыстырыңыз.
|