Сабақтың тақырыбы: «Бастапқы химиялық түсініктер»



Дата31.01.2018
өлшемі56,76 Kb.
#37089
түріСабақ
8-сынып

Сабақтың тақырыбы:

«Бастапқы химиялық түсініктер» тақырыбын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Бастапқы химиялық ұғымдар тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау, жүйелеу.

Дамытушылық. Оқушылардың есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелілік. Ғылымға, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: оқулық, дидактикалық карточкалар, компьютер, интерактивті тақта.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары: «ой қозғау», «ойлан», кестемен жұмыс.
Күтілетін нәтижелер:

  • Заттар, химиялық құбылыс, химиялық формула, массалық үлес, валенттіліктің т.б. (І тарау бойынша анықтамаларын сауатты айтып беру);

  • Химиялық формулаларды дұрыс жаза білу;

  • Элементтерді тани білуі;

  • Массалық үлестер арқылы есептер шығара білу;

  • Теориялық білімдері жүйеленіп, жинақталуы;

  • Ойлау дағдыларының қалыптасуы;

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту.

«Шаттық шеңбер» тренингі жүргізіледі. Бір-біріне жылы сөздер айтады, келесі айналымда І тарау бойынша өтілген ұғымдарды айтады.

Мысалы, 1-айналым: сен мейірімдісің, сен бүгін әдемісің, т.б.

2-айналым: заттар, қоспалар, массалық үлес, коэффициент,

валенттілік, т.б.
І бөлім. «Баскетбол» ойыны. «Меннен жылдам сұрақ, сізден жылдам жауап» (І тарауда өткен тақырыптар бойынша шолу жасалады).

Сұрақтар:



  1. Химия пәні нені зерттейді?

  2. Қоспа дегеніміз не?

  3. Физикалық құбылыс дегеніміз не?

  4. Күрделі заттар деп нені айтады?

  5. Химиялық формула дегеніміз не?

  6. Валенттілік дегеніміз не?

  7. Өнімдер дегеніміз не?

  8. Массалық үлес дегеніміз не?

  9. Реагенттер дегенімізі не?

  10. Химиялық теңдеу дегеніміз не?

  11. Әртекті қоспа дегеніміз не?

  12. Атом-молекулалық ілім?


ІІ. Мағынаны тану.

ІІ бөлім. «Ойлан тап» есептер шығару.

Тапсырма: күрделі заттың салыстырмалы молекулалық массасын және массалық үлестерін табу.




  1. H2CO3

  2. KMnO4

  3. HNO3

  4. Al(OH)3


ІІІ бөлім. «Сиқырлы сан».

Пысықтан валенттілік жырын айта,

Элемент таңбаларын тізіп қайта.

Аласың еске сақтап атомдардың,

Жаза берсең валенттілігін қайта-қайта.
Тапсырма: қосылыстардағы элементтердің валенттіліктерін анықтаңыздар: P2O5, CrO, B2O3, FeCl2, CrBr3, Cu2O, CuO, H2S, PH3, MgCl2, CO2, N2O5, FeO.
IV бөлім. «Химиялық теңдеу».
С + Н2→СН4 Ag + O2→Ag2O

HgO → Hg + O2 CuO →Cu + O2

Fe(OH)3→Fe2O3 + H2O Zn + O2ZnO

Zn + HCl→ZnCl2+H2 N2 + H2 → NH3
V бөлім. «Полиглот».

Шарты: тез-тез адымдап, химиялық элементтердің атын 3 тілде атайды.



Таңбасы

Оқылуы

Қазақша

Орысша

Латынша

Са

кальций

кальций

Кальций

Кальциум

H

аш

сутек

водород

Гидрогениум

О

о

оттек

кислород

Оксигениум

Ag

аргентум

күміс

серебро

Аргентум

Na

натрий

натрий

натрий

Натриум

S

эс

күкірт

сера

Сульфур

Fe

феррум

темір

железо

Феррум

Hg

гидраргирум

сынап

ртуть

Гидраргирум

Al

алюминий

алюминий

алюминий

Алюминиум

F

фтор

фтор

фтор

фтоурум

Cl

хлор

хлор

хлор

хлорум

ІІІ. Қорытынды.

VI бөлім. Оқушылардың білімі бағаланып, сабақ қорытындыланып, үйге тапсырма беріледі.

§1-19 оқу.



Бұл сабақта қолданылған әдістер арқылы оқушылардың жан-жақты білім дағдылары қалыптасып, тапсырмалар өз беттерінше орындалды. Мұнда түрлі ойындар арқылы оқушылардың танымдық қабілеті артады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет