Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш



бет2/2
Дата26.01.2023
өлшемі217,5 Kb.
#166534
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Баяндауыш
1605194870, 1605194870, Қазақ әдебиеті 3-тоқсан 9-сынып (1), ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ, 8-сабақ. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны, ksp-5-klass-reshenie-zadach-na-protsenty
Өзіндік жұмыс 36-жаттығу

  • Өлеңді оқы, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің астын сыз.




  • Тырс-тырс! Тырс-тырс!

  • Жаңбыр кеп жауады, Жапырақ жылайды,

  • Тамшылар тамады. Жардан су құлайды.

Сергіту сәті


Жұптық жұмыс “Адасқан сөздер”
Берілген сөздерден сөйлем құрау

ағам

құдықтан

балапандарға

жарды

су

балтамен

Айнаш

әкеледі

шашты

Дулат

отын

жем

Шығармашылық жұмыс


Қой маңырайды
Сиыр мөңірейді
Жолбарыс ақырады
Түйе боздайды
Жылқы кісінейді

37-жаттығу


«Фишбоун» әдісімен орындау

1-жұп «Оқушы-Құстар»
2-жұп «Аңдар – Су»

39-жаттығу


Сөзжұмбақты шеш

«9 алмаз» әдісі бойынша мәтінді құрастыр



1.Қарға мен түлкі
2. Қарға ірімшік тауып алды. 3. Ол ағашқа қонды.
4. Осы кезде түлкі келді. 5. Ол қарғаны мақтай жөнелді. 6. Қарға қарқ етті.
7. Ірімшік жерге түсті. 8. Түлкі ірімшікті жеп қойды.
9. Қарға алданып қалды.

Қорытындылаау


Балалар мына суретке қарап көріңіздерші, нені байқап отсыздар. Біздің тақырыпқа және өткен тақырыбымызға қатысты ма екен? Қане талдап көрелік.

Үйге тапсырма


38-жаттығу

Бағалау
Смайликтермен


Барлығы түсінікті Жартылай түсінікті Түсініксіз



Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау кестесі үлгісі
Мұғалім: Қайролла М.
Сыныбы: 3 «Ә» сынып
Мерзімі: 22.11.2017
Ашық сабақ тақырыбы: Баяндауыш
Сабақтың мақсаты: оқушылардың өткен сабақта алған ұғымдарын
кеңейту. 
Білімділік: Сөйлемнің негізгі мүшесі баяндауыш туралы түсінік 
беру. Алған білімдерін талқылау
Дамытушылық: шығармашылық қиялын, сөздік қорын молайтып,
сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: жазу каллиграфиясын сақтап, көркем жазуға, 
отансүйгіштікке, ынтымақшылдыққа, өз елінің 
ардақты азаматтары болып шығуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: көрнеклікі, коментарий, сұрақ-жауап, әңгімелеу, фишбоун, 9-алмаз, адасқан сөздер.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: дүниетану, математика, әдебиеттік оқу.





Кезеңі

Мұғалім пікірі

1

І. Ұйымдастыру

Ең алдымен бұл кезеңде мен өзімді жақсы ұстап оқушыларды сабаққа даярлап алдым. Психологиялық дайындық ретінде өлең шумақпен сабақты бастадым. Білім сандығы яғни әріптер бойынша жұпқа бөлдім. Бұл кезеңде оқушылар жылдам бөліне қойды.

2

ІІ. Үй тапсырмасы

Бұл кезеңде өткен тақырыптар бойынша ұяшықты таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріп отырды.
Бұл кезең бойынша тек балалардан сұрадым. Өзім кей жерлерін толықтырып отырдым.
Бұл кезеңде жаңа сабақты анықтау мақсатында пән аралық байланыстың математика пәнін алған болатынмын. Көбейтуді шығару арқылы балалар бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтады.

3

ІІІ. Жаңа сабақ

Ең алдымен бұл кезеңде баяндауыш тақырыбын түсіндіріп, оның ережесін талдап, мысал келтіріп кеткен болатынмын.

4

Оқулықпен жұмыс

35-жаттығуды ауызша орындатқыздым. Бұл кезеңде балалар шапшаң оқып, сөйлемдердің ішінен баяндауышты тез тауып отырды.

5

Өзіндік жұмыс

36-жаттығуды балалар дәптерлерінде орындатқыздым. Болған соң дәптерлерін бір-бірлеріне беру арқылы тексерткіздім.

6

Сергіту сәті

Сергіту сәтінде математикалық сандарды алған болатынмын. Оқушылардың ойлауын, есте ссақтауын дамыту мақсатында. Қызықты және шапшаң өтті.

7

Жұптық жұмыс

Бұл кезеңде балаларға карточка тарапып бердім. Карточкада кесте арқылы берілген сөздер болатын Балалар сол сөздерден сөйлем құрап оны талдап шығу керек болды. Бұл кезеңде балалар шамалы кідірісіп ұзақ уақыт алып кеткен болатын.

8

Шығармашылық жұмыс

Бұл тапсырманы тақтаға орындатқыздым. Экранда жануарлардың суреттері мен қарама-қарсы бетте олардың дыбысталулары берілді. Балалар оларды жылдам тауып сөйлем мүшелеріне талдады.

9

Оқулықпен жұмыс

37-жаттығу бұл жаттығуда мен жаңа әдістердің бірі «Фишбоунды» алған болатынмын. Балалар бұл әдіс бойынша бұрыннан жұмыс істеп келе жатқасын түсіндіріп өтткен жоқпын. Балалар бұл кезеңдеде уақыт алып кідірген болатын. Бірақжақсы орындап шыққан болатын.

39-жаттығуда балаларға сөзжұмбақ берілді. Бұл сөзжұмбақта суреттермен ұяшықтар болатын. Балалар олардың дыбысталуын тез тауып тапсырманы жақсы орындап шықты.

10

Шығармашылық жұмыс

Бұз кезеңде жаңа әдістердің бірі «9 алмаз» әдісін алған болатынмын. Бұл әдісті көбінесе әдебиеттік оқуда қолданады. Бұл кезеңнен балалар берілген сурет бойынша тоғыз алмаздың ішіне жазып оларды қорғап шықты.

11

ІҮ. Қорытынды

Қорытындылауда балаларға суреттер көрсетттім. Бұл суреттердің ішінде баяндауышын тапқыру арқылы сабақты қорытындыладым.

12

Ү. Үйге тапсырма

38-жаттығуды түсіндіріп өткен болатынмын.

13

ҮІ. Бағалау

Ең алдымен балалардың алдында тұрған смайликтер бойынша балалардың сабақ бойы әсерлерін біліп оларды өзім «жақсы» деген бағамен бағалаған болатынмын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет