Мектеп:
|
Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия
|
Мұғалім есімі:
|
Ізбасарова Г.Е.
|
Сынып: 9
|
қатысқандар: қатыспағандар:
|
Күні:
|
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
|
Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік. Синтаксис
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бейбітшілік – жаһандық даму кепілі (5-сабақ)
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
|
9.3.1.1 Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру;
9.4.4.4 Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану.
|
Сабақтың мақсаты:
|
«Бейбітшілік» тақырыбы бойынша жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру;
Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын біледі, оларды жазбаша мәтін жазуда қолданады.
|
Бағалау критерийі:
|
Жинақталған материалдар негізінде көзделген
мақсатқа сәйкес жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құрады;
Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын
біледі;
Оларды жазбаша мәтін жазуда қолданады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Қолдану
|
Тілдік мақсаттар:
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: аралас құрмалас сөйлем.
Диологтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Қыстырма сөздер мен одағай сөздер қолданылды.
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік елдің» жалпыұлттық идеясының құндылықтары
«Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығы негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлтаралық қатынасты нығайтуға, бейбітшілік пен келісімге баулу.
|
Пәнаралық байланыс:
|
ҚР БҰҰ-на мүше болып қабылдануы, діни негіздегі қақтығыстар т.б. тарихи жағдайлардың мәтінде көрсетілуі арқылы тарих пәнімен байланыстырылады.
Мемлекеттердің көрсетілуіне орай география пәнімен байланыстырылады.
|
Алдыңғы оқу:
|
Аралас құрмалас сөйлем туралы біледі.
|
Сабақ барысы:
|
|