Сабақтың тақырыбы Бекітілді Әдебиеттік оқу Шегіртке мен құмырсқа (Мысал)



Дата08.09.2017
өлшемі121,14 Kb.
#31122
түріСабақ

Күні

Пәні

Сабақтың тақырыбы

Бекітілді




Әдебиеттік оқу

Шегіртке мен құмырсқа (Мысал)




Сабақтың мақсаты:

1.Адам емес, жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу. Өлең түрінде берілген шағын шығарманың мазмұнын ашу.


2.Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту,өздіктерінен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту.
3. Оқушылардың эстетикалық тағамын арттыру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: А. Құнанбаев, И. В. Крыловтың суреттері, слайд
Әдісі: Ой қозғау,кластер құрастыру, «Ыстық орындық» әдісі, «Кезбе тілші» әдісі Венн диаграммасы,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық. Топқа бөлу
«Бір - бірімізге серікпіз,
Бірлікке мәңгі берікпіз»
«Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену
5 - ке қолды жеткізу»
- Сабақта бәріміз бір - бірімізге сәттілік тілейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру.


а)Елемес Салықовтың Күзгі орманның көріністері. «Ыстық орындық» арқылы үй тапсырмасын әңгімелету.

ә)«Кезбе тілші» әдісі бойынша өткен сабақты бекіту

1.” Күзгі орманның көріністері ”мәтінінде не туралы айтылған?
2. Күзгі орманнан тағы не көрдің?
3. Е. Салықов туралы не білесің?

4.Қандай тарауды өтіп жатырмыз?

III. Ой қозғау (Суретпен жұмыс)
«Ұлы тұлға»
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!
-Балалар осы өлең сендерге таныс па?

-Кімнің өлеңі?


-Осы Абай Құнанбаев туралы не білеміз сол туралы кластер құрастырып жіберейік

1 топ-Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер?

2 топ-Абай Құнанбаев кім?

3 топ-Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білесіңдер?

4 топ-Абайдың күз туралы өлеңін жатқа айту

Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды


Ой шақыру.
Жаңа сабақпен таныспас бұрын жұмбақтарды шешіп алайық:
1. Ат басты,
Арқар мүйізді.
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды. (Шегіртке)
2. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа)
- Енді осы шегіртке мен құмырсқа туралы не білетінімізді айтайық.
IY.Қызығушылықты ояту.
Биологиялық анықтама
Құмырсқаның адам денсаулығына пайдасы: Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тамақ ретінде де пайдаланады. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар.
Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірі - шегірткелер. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады.

-Сонымен балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы

«Шегіртке мен құмырсқа»

-Ендеше дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жады мен тақырыбын дәптерімізге жазайық

-Балалар мына суреттегі кісі таныс па сендерге?

-Балалардың жауабы

Крылов Иван Андреевич туралы түсінік беру, өмірбаянымен таныстыру

-Мысал дегеніміз не?

-Қандай мысалдармен таныстық?

Мысал - кейіпкерлері адам емес аң, жан - жануар арқылы адам бойындағы мінді тұспалдап, әжуа - күлкі етеді. Осындай шағын көлемді оқиғаны, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарма.

V. Оқулықпен жұмыс

Рөлге бөліп оқыту

Талдау

1.Шегіртке жазды қалай өткізді?



2.Шегірткенің жазды күні жағдайы қалай болды?

3.Ол құмырсқаға неге келді?

4.Шегірткені ақын қандай адамға теңеді?

5.Құмырсқаны ше?

VI. Сергіту сәті

VII.Шығармашылық тапсырма.


1- топ: Құмырсқа туралы эссе құрастыру
2 - топ: Шегірткеге 5 жол өлең құрастыру
3 - топ:Венн диаграммасы арқылы салыстыру
4-топ: Құмырсқаға 5 жол өлең құрастыру

VIII. Қорытындылау:

-Қандай мысалмен таныстық?

-Басты кейіпкерлері

-Мысалда ақын қандай өнеге өсиет айтып отыр?

-Мысалдағы негізгі ой

Дұрыс балалар, мысалдағы негізгі ой еңбексүйгіштік және жалқаулық туралы екен. Олай болса, «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей» дегендей еңбекті сүюіміз керек екен.

Рефлексия кезеңі

-Бүгінгі сабақ ұнады ма? (Смайликтер арқылы көрсету)

Үйге тапсырма: Мысалды жаттау, суреттерін салу,еңбекқорлық, жалқаулыққа байланысты мақал –мәтелдерді жинақтау

Бағалау

Тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.
Мақсаты: 1) Оқушылармен 9 санының құрамын қайталау, 9 санын қосу, азайту тәсілдерін тиянақтау, білімдерін кеңейте түсу, арифметикалық амалдардың мән – мағынасын ашу, есепті шығару барысында амалдарды дұрыс таңдай алу білігін қалыптастыру.

2) Ауызша есептеу арқылы белсенділігін, ойлау, есте сақтау, танымдық қызығушылығын дамыту.

3) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, ізденімпаздыққа, өзіне сенімді болуға ұмтылдыру. Жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,алма ағашы суреті

Пән аралық байланыс: ана тілі, ағылшын

Сабақтың барысы:
I.Бағдарлау- мотивациялық кезең.

а) Психологиялық дайындық жасау.

Менің ойым –мейірімді,

Менің жүрегім –мейірімді,

Мен – мейірімді адаммын!


Бар зейінімізді сабаққа аударамыз. Сонымен қатар бүгінгі сабақтың ашық сабақ екендігін, бізге қонақтар келіп отырғанын ескертемін.

ә) Ойын «Санды ретімен орналастыр»

Санды өсу, кему ретімен санау (қазақша, ағылшынша)



б)Қосу, азайту амалдарының компоненттерін атау

«Кім шапшаң?» актив студиомен жұмыс:

4+5=9 6-5 =1 9-5=4

2+7 =9 8+2 =10 3+7=10

7-5 =2 3+4=7 7-6=1

II.Мақсатымен таныстыру:

-Біз бүгін ана тілі пәнінде танысқан кейіпкерлердің тапсырмаларын орындап, 9 санын қосып азайтамыз, есептер құрастырып, шығарамыз.

Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу.

III.Жаңа сабақ

Қосылғыштарының бірі 9 болатын қосындылар құру. Азайтқышы 9 болатын айырмалар құру.Түсіндіру.

1+9=10 10-9=1


III. Орындаушылық- операционалдық кезең.

«Кішкентай Нұрмаштың» тапсырмасы:

10см-3см=4см+3см



Сергіту сәті

«Әке мен баланың » тапсырмасы.

Қай мәтіннің кейіпкері? «Әке мен бала » Ы. Алтынсарин. Негізгі ой қандай?

Есепті қысқаша шарты бойынша құрастыру, шығару.

Есептің қандай бөліктерден тұрады?

Есепке мәтін құрау.

А)Болды-10 қап

Сатылды-8 қап

Қалды -? қап

Есеп не туралы? Не белгілі? Нені табу керек?

Ш: 10-8=2

Ж: 2 қап қалды.
Б)Түсте - 6 жәшік

Түстен кейін – 4 жәшік

Барлығы - ? жәшік

Ш: 6+4=10

Ж: Барлығы 10 жәшік

«Төзім» Гүлдананың тапсырмасы:Сәйкестендіру

Қай мәтіннің кейіпкері?Авторы кім? «Төзім» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

*Алаңшада 9 қоңыраугүл және 1 қызғалдақ гүлдеп тұрды.Барлығы Неше гүл гүлдеп тұрды?

*Гүлшоғында 4 қызыл және 3 ақ раушан гүлі болды.Қызыл гүлдер ақ гүлдерге қарағанда қанша артық?

*Ұлдар 5 гүлшоғын әкелді.Қыздар тағы да 4 гүлшоғын әкелді.Балалар барлығы неше гүлшоғын әкелді?

«Кел,ойнайық!»

Алмаларды себетке сал



IY.Қорытындылау

Рефлексия

-Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?



Y.Үйге тапсырма:

144б №4


Бағалау


Пәні: Сауат ашу

Тақырыбы: Өө дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Оқушыларға Өө дыбысы мен әрпін таныту, білімдерін кеңейту. Баспа жазба түрімен таныстыру.

Міндеттері: а) оқушыларға ө дыбысының айтылуын, жазылуын меңгерту. Сөздерді сөйлемдерді буындап оқуға үйрету

ә) оқушылардың ақыл-ойларын, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, дүниетанымдарын дамыту.

б) оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өзін дұрыс ұстауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі:жаңа білімді меңгерту

Көрнекіліктер: әріп үлгісі, кеспе әріптер, интерактивті тақта.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау-жинақтау, көрнекілік, ойын.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:


  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Құрал-жабдықтарын түгелдеу

  3. Психологиялық дайындық.

Сабаққа сегізде келеміз.

Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.

Әліппені 4-5 ке оқып,

Білімді оқушы боламыз дегенбіз

IІ. Біз не білеміз?өткенге шолу.


  1. Әріп дегеніміз не?

  2. Дыбыс дегеніміз не?

  3. Дыбысты таңбаласақ не шығады?

  4. Дыбыс түрлері?

  5. Біз неше дыбыс өттік?

  6. Дауысты дыбыстарды ата?

  7. Дауыссыз дыбыстарды ата?

IІІ. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей: Суреттерді атау, буынға бөлу.

ІІ деңгей: Сөздерді оқу

ІІІ деңгей: Сөйлемдерді оқу.

ІV. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ шешу

Сөздің сыры – көп жұмбақ

Шешуін кім табады?

Кімдер шешсе тез ойлап,

Сол жеңімпаз болады.


  1. Тәтті, тәттінің іші қатты,

Қаттының іші қатты. (өрік)

  1. Торын құрып қояды,

Шыбындарды жояды (өрмекші)

  1. Өзі күшті, мүйізі мықты

Қызылды көрсе, құтыра шықты (өгіз)

  • Балалар, осы жұмбақтардың шешуін айтайықшы.

  • Өрік, өрмекші, өгіз

  • Осы сөздердегі ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

  • Ө дыбысы.

  • Олай болса, балалар біздің бүгінгі танысатын сиқырлы әріп Өө дыбысы мен әрпі.

  • Қане, бәріміз бірге айтайықшы

  • Ө-ө-ө

  • Ө дегенде не естіліп тұр?

  • Дыбыс

  • Ө дыбысы қалай айтылып тұр?

  • Созылып, жіңішке

  • Сонда Ө дыбысы қандай дыбыс болғаны

  • Дауысты, жіңішке

Қызыл үйге кіргіземіз.

V.«Көре отырып үйренем». Көрнекі суреттермен жұмыс.



  • Мынау не?

  • Өзен

  • Қай әріптен басталып тұр?

  • Ө

  • Ал мынау не?

  • бөрік

VI. «Оқы, оқы және оқы». Оқулықпен жұмыс

1. Дыбыстық талдау.

- Мынау не?

- Өрмекші.

- Барлығы неше дыбыс? 7

- Дауысты дыбыс нешеу? 3

- Дауыссыз дыбыс нешеу? 4

- Неше буын – 3

2.Сөздерді оқыту. (жаңа дыбыстың орнын тапқызу.)

- Ө дыбысы сөздің басында және ортасында келеді.

3. «Өркеш» мәтінімен жұмыс.

- іштей, тізбектей оқыту.

«Сергіту сәтін орындату»

Ормандағы аюдың,

Өріктері көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Аю келіп қалмасын,

Жылдамырақ қашайық.

VII.«Көркем жаза білеміз». Дәптермен жұмыс.



  • Жазуды бастар алдында ережені ескерту.

  • Жазу кезінде дұрыс отыру керек.

  • Дәптерді қиғаш қоямыз.

Жазуымызды көркем етіп жазамыз.

  • Ө дыбысын ауада жазу

  • Әріпті үлгі бойынша жазу

  • Еркін жазу, қолды жаттықтыру.

  • «Жоғалған әріптер» ойыны

  • ө сы..ғыз б..ік к..рік

  • з қо..ы к..рпе к..ім

  • и қарбы.. б..рік ш..е

VIII.«Ой қорыту»



  • Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

  • Өө

  • Ө қандай дыбыс?

  • Сөздің қай жерінде жазылады?

IX.Үйге тапсырма: Ө ө дыбысына берілген сөздерді, мәтінді оқу.

X.Бағалау

Тақырыбы: «Бояулар сыр шертеді»

Мақсаты:


Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.

Оқушылардың ой –қиялдарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:субояқ, ақ қағаз , суреттер, шарлар , пішіндер

Түрі: сайыс

Жүрісі:


I.Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ұстаздар , оқушылар бүгінгі «Бояулар сыр шертеді» тақырыбындағы сайысымызға қош келдіңіздер!

-Балалар қазір қандай апталық өтіп жатыр?

Ән: «Ақ мамам!»

Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық

Субояқ және Графика топтарын ортаға шақырайық.Ендеше, бүгінгі «Бояулар сыр шертеді» тақырыбындағы сайысымызды бастайық.Топтар бүгінгі сайыста сіздердің білімдеріңіз, шапшаңдықтарыңыз, сурет салу шеберліктеріңіз сыналады.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.

Әр топ өз атына анықтама береді

1 топ-Субояқ суда еритін бояу

2 топ- Графика қарындашпен, фломастермен салынған сурет

II.Сайыс бағдарламаларымен таныстыру:

1.Үй тапсырмасын қорғау

2.Білімнің бастар шыңы (пішіндерді таңдау сұраққа жауап беру)

3.Қай топ шапшаң? (суретті аяқтап бояу, топтардың шапшаңдықтары сыналады)

4.Адамның бет әлпеті мимикасын табу (көңіл- күйлерін табу)

III.Олай болса, сайысымызды бастайық

1.кезең:Бірінші тапсырма бойынша топтар үй тапсырмасын қорғайды

2кезең: «Білімнің бастар шыңы» сұраққа жауап беру

3 кезең: Қай топ шапшаң?берілген суретті бояу

Топтар жұмыстарын бітіргенше Би: «Қамажай»

-Балалар бұл ненің суреті?

-Қандай гүлдің суреті?

4кезең: Адамның көңіл-күйін табу

Осымен сайыс кезеңдері аяқталды, әділ – қазылардың әділ бағасы шыққанша 2 «В» сыныбы оқушыларның «Қара жорға» биін тамашалайық.



Y.Қорытынды

Хор: «Зеңгір көктен»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет