Ақмола облысы
Бұланды ауданы
Алтынды ауылы
Тұрсынбек Кәкішев атындағы
Алтынды орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Искакова Майра Саркеновна
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (повестен үзінді)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру; Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылықтарын арттыру; Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу; Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту; Ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау, жазушымен сырласып, ой түю әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, “Менің атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер.
Пәнаралық байланыс: ән-күй
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды түгендеу;
ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау;
ІІІ Жаңа сабақ:
«...Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап, түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды» - балалар, мен қазір кім жайында айтып өткенімді байқап отырсыңдар. Ол әрине балалар әдебиетінің классигі, талантты драматург – Бердібек Соқпақбаев. Біз бұл жазушының әлемге әйгілі «Менің атым Қожа» повесінің үзіндісімен таныстық. Ал бүгінгі сабағымызда сол оқығанымыз бен түйгенімізді қорытындылап, бекітеміз.
Ол үшін ең алдымен оқушыларды асықтың көмегімен 3 топқа бөлемін: І топ – «Ақыл», ІІ топ – «Білім», ІІІ топ – «Өнер». Әр топ топ басшыларын сайлап, топтың атымен, ұранымен таныстырады.
І.Ақыл тобы: Ақылдассаң ақыл табасың
ІІ. Білім тобы: Білім арзан, білу қымбат
ІІІ. Өнер тобы: Өнерлі бала сүйкімді
Мұғалім: Өте жақсы, топтармен таныстық. Енді біз сабағымызды «Біз – Отанның ұланымыз» атты керемет әнмен бастайық. (Ән орындалады)
Мұғалім: Ал, балалар, тақтаға назар аударып, Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталайық. Мен сұрақ қоямын, оқушылар жауап береді.
«Зымыран сұрақ» стратегиясы
1. Бердібек Соқпақбаев қай өңірдің тумасы?
2. Қандай оқу орнын бітірді?
3. Қызмет атқарған орындарды ата.
4. 1967 жылы Канндағы халықаралық кино фестивальда арнаулы жүлде иеленген туындысы?
5. «Менің атым Қожа» повесі қай елдің тілдеріне аударылған?
6. Бұл повесть ең алғаш қай жылы, қай киностудияда экрандалған?
7. Тағы қандай шығармаларын білесіңдер?
1924 жылы 15 қазанда Алматы обл, Нарынқол ауд. Қостөбе ауылында д.к.
“Жұлдыз”, “Балдырған” журналдарында,
Қазақфильм” киностудиясында қызмет атқарды
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген
1967 жылы Канндағы халықаралық кино фестивальда арнаулы жүлде иеленген туынды: “Менің атым Қожа” повесі
«Менің атым Қожа» повесі орыс, француз, украин, литва, латыш, молдаван тілдеріне аударылған
Бердібек Соқпақбаев
“Он алты жасар чемпион”, “Балалық шаққа саяхат”, “Қайдасың Гауһар?”, “Бастан кешкен” т.б. туындылары бар
“Менің атым Қожа повесі 1963 жылы “Қазақфильм” киностудиясында экрандалған
Мұғалім: Ал ендеше, «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт» дей отырып, жарысымызды бастайық. Оқи отырып, не тоқығандарыңызды көрейік!
Әр топ тақтадағы ұяшықтарды кезек-кезек таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді. Жауап болмаса, келесі топтың жауап беруіне құқығы бар.
І кезең: «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт»
1. Қай сәт? “... Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген меңіреу халде орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп, суық терім шығып кетті. Оһ, іркін-ай!”
Жауабы: Орыс тілі пәнінің мұғалімі Анфиса Михайловнаның балық аулауға барып еш дайындықсыз келген Қожадан сабақ сұраған сәті
2. Қай сәт? “... Әжем кейде менің атымды атамай, “тәмпіш неме” дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр”
Жауабы: Шығарманың басында, Қожаның өзін-өзі таныстыру сәті.
3. Бұл кім? “Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап, сыпсыңдағыш...”
Жауабы: Жантас
4. Қай сәт? “...Әкесі екеуміз дос болатынбыз. Соғыста да бірге болдық. Көз алдымда қатты жараланды. 10 жыл бойы кеудесінде оқ жүрсе де, сыр берген жоқ. Өте бір қажырлы, еңбекқор, адал азамат еді. Бәріміз де сол үшін оны қастерлейтінбіз”.
Жауаубы: Мектеп мұғалімі Оспан Рахмановичтің Қожаға әкесі жайлы айтып отырған сәті
5. Бұл кім? Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп, қаздиып тұр
Жауабы: Мектеп директоры – Ахметов
6. Қай сәт? - Миллат жан, жайшылық па, әлде ауырып келдің бе?
- Ауырмасыңа көнетін бе еді? Қожаның не істегенін естіген шығарсыз? Мектеп директоры шақыртыпты.
Жауабы: Майқанова апайдың сөмкесіне бақа салып қойып, тәртіпсіздік жасағаны үшін анасын жиналысқа шақыртқан сәті
7. Бұл кім? “... Бұл ақшаға ине сатып алуға бола ма? Мамам айтып еді ине таусылып қалды,- деп”
Жауабы: Қойшы Жұмағұлдың баласы – Дәулет
8. Қай сәт? “Қожа сотқар, ұрлық қылды, сыныбымыз бен мектеп атына кір келтірді. Біз оған шыдауымыз керек пе?”.
Жауабы: Мектептегі пионерлер жиналысында Қожаның тәртібін талқылау сәті
9. Қай сәт? “... Тоқтаңдар, ұрыға бәйге бермеңдер. Ол – ұрлықшы?!”
Жауабы: Ойында күресіп жатқан Қожа мен Сұлтанның артынан қойшы Жұмағұлдың іздеп келген сәті
ІІ кезең: «Суреттер сөйлейді»
Тақтада берілген суреттерді сөйлете отырып, оқушылар тапсырмаларды орындайды.
Қорытынды: ІІІ кезең: «Талқылау» кестесін толтыру
Шығарма аты, авторы
|
Несімен ұнады?
|
Сүйікті кейіпкерің
|
Жасаған қорытынды
|
|
|
|
|
IV кезең: Семантикалық карта
Білімді бағалау: Оқушыларға бағалау парақшасын таратып беріп, өздеріне бағалатамын.
Үйге тапсырма: «Бақытты балалық шақ» атты ой толғау жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |