V.Ой қозғау.Сурет бойынша жұмыс
Суреттегі балалардың қылығына қарай отырып, олардың бойынан қандай қасиеттерді атай аласыңдар?
Тәртіпсіз Тәртіпті
Бұзақы Әдепті
Мейірімсіз Мейірімді
Қатыгез Қамқор
Тас жүрек Қайырымды
Бүгінгі мәтіннің мазмұны да осы суреттермен мазмұндас.
VІ.Мәтінді мұғалімнің оқуы. Түсініксіз сөздерді түртіп алу.Сөздік жұмысын жүргізу.
Жан далбаса-асыға.
Ентелеп-демалысы жиілеп.
Өкпесі өшу-алқыну,ентігу.
Дуал-үйді айнала қоршаған қоршау.
Әккі-әбден бойы үйреніп алған.
Безбүйрек-аяусыз.
Қол созым жер- жақын,таяу.
Топшы-құс қанатының кеудеге жақын жері.
Бейғам-ешнәрсе ойламай отыруы.
VІІ. Кітаппен жұмыс. а) Оқушыларға оқыту б)Сұрақ- жауап.
VІІІ.Сергіту сәті.
ІX.Ой толғаныс.(топпен жұмыс)
1-топ: Торғай байғұстың жанталасқан қалін суретте.
2-топ:Қожа мен Жантасқа мінездеме беру.
3-топ:Әңгімеге сәйкес сурет салу.
X. Бекіту. Мақалдар айту.
XІ. Бағалау.
XІІ. Үйге тапсырма:Мәтінді оқып,мазмұндау.
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Туған ел»
Сабақтың мақсаты: Ақын өмірінен мәлімет ала отырып, өлеңнің идеясын ашады.
Оқушының сөйлеу тілі дамиды. Өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыланады.Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырады.
Өз елін, жерін сүюге тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты игеру.
Әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, Блум жүйесі, эссе.
Көрнекілік: Ақын портреті, шығармалары, кесте.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту. Үй тапсырмасын сұрау. Сырбай Мауленовтың әңгімесі бойынша «Туған ел» деген не?
Ассосация құру.
1-2 оқушы мәтін бойынша жаттаған үзіндіні оқиды.
ІІ. Мағынаны ашу.
1)Өлеңді мәнерлеп, кезекпен оқу.
2)Блум жүйесі.
Деңгейі
|
Мұғалімнің сұрағы
|
Оқушының іс- әрекеті
|
Білім
|
С.Сейфуллин туралы не білесің?
|
Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері.Халқына қалтқысыз қызмет еткен жан.Жалған жаламен ұсталып, өмірден ерте кеткен.
|
Түсіну
|
«Сен Тіршілік- анасы» деген жолды қалай түсінесің?
|
Тіршілік «анасы» деп тұрғаны, адам өмір сүру үшін бар қажетті нәрсені жерден алады.
|
Қолдану.
|
Өлеңнен қандай әсер алдың?
|
Өлең маған қатты ұнады. Мағынасы зор, тілге жеңіл.
|
Анализ
|
Ақын өлеңі арқылы нені үлгі етеді?
|
Жер- ананы қорғау керектігін, өйткені тіршіліктің түйіні сонда екенін айтып отыр.
|
Синтез
|
Тақырып таңдап, эссе жазу.
|
Туған ел- туған жер. Туған жерсіз адамның күні жоқ.Жер біздің екінші анамыз.
|
ІІІ.Туған еліңнің бір бөлшегін сал. Елге деген ыстық сезіміңді сөзбен жеткіз.
Үй тапсырмасы. 1)Өлеңді жаттау.
2)Өлең шығарып көр.
Оқушылар шығармашылығы: Тәуелсіз менің өз елім.
Менің туған елім- Қазақстан. Қазақстанның жері кең- байтақ және бай.Орман, көл, тау, жазық, шөлді жер бәрі осында.
Мен Қазақстанда туғаныма қуанамын.Өйткені елімізде тыныштық пен бейбітшілік орнаған. Бірнеше ұлт өкілдері тату- тәтті өмір сүреді.
Қазақстанның өркендеуіне мен де өзімнің үздік оқуыммен, үлгілі тәртібіммен үлесімді қосамын.
( Қорғанбаев Мақсат)
Туған жер.
Туған жер- алтын бесігім.
Тербеттің мені төсіңде
Жүреді сенің есімің
Мәңгі де бақи есімде.
Менің туған ауылым Солтүстік Қазақстан облысы, Жалбыл ауданы, Октябрь ауылы. Оның жері кең, егістік алқабы көп, орманы аз. Көлдері де көп болатын. Атам балық аулайтын.
Казір ауылым жоқ. Үйлердің орны ғана бар. Қыс мезгілінде жол жүру қиын болғандықтан, ауыл адамдары бірі қалаға, бірі ауданға көшіп кетті.
Мен туған жерімді сағынып, жиі еске аламын.
(Есім Назым)
Сабақтың тақырыбы: Кедей (С.Торайғыров)
Сабақтың мақсаты: Өлеңнің мазмұнын, идеясын ашады. Революцияға дейінгі қазақ халқының өмірі, кедейлердің тұрмысы туралы біледі. Ақын өмірінен қысқаша мәлімет алады.
Еңбексүйгіштікке,сауаттылыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты меңгеру.
Әдіс- тәсілдері:Венн диаграммасы, Болжам кестесі.Эссе.
Көрнекіліктер:С.Торайғыровтың портреті.
Сабақтың барысы.
І.Қызығушылықты ояту.
Үй жұмысын сұрау.
-Б.Майлин кім? Қай жылдарда өмір сүрген.
-Әңгімедегі оқиға қай кездері болған?
-Күлпаш пен Қалидың сыртқы тұрпаты қандай?
ІІ.Мағынаны ашу.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893-1920 жылы өмір сүрген. Осынша қысқа ғұмырында балаларға арнап көптеген өлең, жыр кітаптар шығарған.
Болжам кестесі: Әр оқушыға ұсынылған тірек сөздер: күз, қараңғы, жыртық киім, қой, ит, кедей, күзет.
Не болды деп ойлайсыз?
|
Оған дәлеліңіз?
|
Шынында не болды?
|
Үстінде жыртық киім киген кедей күздің суық түнінде қой күзетіп отырады. Жанында иті бар.
|
Ақынның өмір сүрген уақыты және тірек сөздер дәлел
|
Кедей өлеңін оқып, менің ойым дәл келгенін байқадым. Бұл өлеңде кедейдің ауыр тұрмысы бейнеленген.
|
Өлең мәтінімен жұмыс.
Оқушылар кезекпен оқиды.
Сергіту сәті.
ІІІ. Ой толғаныс
-Өткен сабақпен «Күлпаш», осы сабақтың үндестігі бар ма?
-Өлеңді оқығанда сендерде қандай сезім болды?
-Неліктен адам кедей болады?
-Қазіргі кезде кедейлер бар ма?
Венн диагрммасы
Революциядан кейінгі кезең
|
Қазіргі жарқын өмірде
|
Халық көшпелі болған,мал бағудан басқаны білмеген.ешқандай заңды,өз құқығын білмеген.
|
сауатсыздық
|
Еріншектік,жұмыссыздық,жаман әдеттерге бой алдыру.
|
Бағалау:
Үйге:Эссе жазу. «Кедейдің тұрмысы»
Сабақтың тақырыбы: Қырдан келген жас қазақ.
Сабақтың мақсаты:Жазушы туралы мағлұмат алып, «Қырдан келген жас қазақ» әңгімесі арқылы Шоқан бейнесін таниды. Шоқан туралы түсініктері кеңейіп, пікір алмастыра білуге, өмірмен байланыстыра білуге үйренеді, таным қабілеттері дамиды. Адамгершілік қасиеттері қалыптасып, ұлтжандылыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, проблемалық оқыту ,сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Көрнекіліктері: Жазушының портреті, кітаптар көрмесі, оқулық, схема.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
Үй жұмысын сұрау.
Әбу-Насыр Әл-Фараби қайда туып, қайда өскен?
Арабтар Отырарды қалай атаған?
Аристотельдің қандай еңбектерін оқыған?
Өз тарапынан қандай еңбектер жазған?
Жаңа сабақ:
1)«Сөздер сөйлейді» стратегиясы.
Мұхаммедқанафия-
Ғалым-
Саяхатшы-
Әдебиетші-
2) Эпиграф: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді....... Оған талайлар- ақ назар аударды.Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып- ақ сурет сала білетін.»
ІІ.Мағынаны ашу.
Алма-кезек оқу арқылы мәтіннің мазмұнымен танысу.
-мәтіннің 2 бөлімін екі топ оқиды.
-алма кезек оқыған бөлімдерінің мазмұнын бір-біріне айтады.
-топ мүшелері бір- біріне сұрақ қояды.
-топбасшысының қорғауы.
Бөлімдерге ат қою.
І. Шоқанның кадет корпусына оқуға келуі.
ІІ.Досы Потанин «Шоқан туралы»
«Бетпе- бет» студиясы.
Әңгімені оқып, бір- біріне түсіндіргеннен кейін оқушылар сұрақ қойып, соған жауап береді.
-Шоқан қайда, қандай оқуға келді?
-Шоқанның ұстаздары жайлы не айтуға болады?
-Шоқан сабақтан бос уақытында қайда барып жүрді, онда неге барып жүрді деп ойлайсың?
-Шоқанның өз жұртын жақсы көргенін неден білуге болады?
-Шоқанның талабы қандай еді?
Оқушының ой-толғанысы:Бүгінгі сабақта Шоқан туралы оқып білдік.
Оның қабілеті мені таңқалдырды.Қайсарлығына да қызықтым.Туған жерінен,ата-анасынан жырақта жүріп,бір ауыз орысша білмесе де қалай жақсы оқыған.Шоқан
Уалиханов туралы көбірек білгім келіп кетті.
Бес жолды өлең шығарыңдар.
Шоқан
білімді, талантты,
оқиды, жазады, зерттейді.
Шоқан- қазақтың тұңғыш ғалымы
Мұхаммедқанафия.
Үйге: Кітапханадан Шоқан туралы әңгімелер іздестіріп, оқып келіңдер.
Сабақтың тақырыбы: Әке мен бала.
Сабақтың мақсаты: Әңгіменің мазмұнын, негізгі идеясын ашады.
Оқушы өз ойын, пікірін саралай біледі, тиянақты сөйлеуге дағдыланады.
Үлкенді сыйлауға, ата- ананы тыңдауға тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың әдісі: кубизм(сұрақ- жауап), сахналау, Венн диаграммасы.
Көрнекілік:кубик, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Бұл баланы кім дейді? (Е. Ерботин)
Бәтеңкесін, пальтосын
Өзі кие білмейді.
Бұл баланы кім дейді?
Көзінен жас кетпейді,
Балалардан шеттейді.
Бұл баланы кім дейді?
Өзінен үлкен кісіні
Тыңдауды ол білмейді
Бұл баланы кім дейді?
Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді?
Айтқанға ол көнбейді
Қонаққа маза бермейді
Бұл баланы кім дейді?
Оқушылар әр қайсысы өз ойын айтады.
ІІ.Мағынаны ашу.
Мұғалімнің оқуы.
Оқушылар алма- кезек оқиды.
Кубизм (Тақырыпты жан- жақты қамтуға мүмкімдік беретін оқыту стратегиясы. Кубиктің 6 жағы бар. Иіреді, қай жағы түссе, сол жағының сұрағына жауап береді) . 2 бала бір шағын топты құрайды.
Балаға мінездеме бер.
Осы шығармаға ұқсас Ы.Алтынсариннің шығармасын еске түсіріп, Венн диаграммасы арқылы салыстыр.
Аңыз
|
Ы. Атынсариннің әңгімесі «Әке мен бала»
|
Әкесі: атты тұса» -дейді.
|
«Әке мен Бала»
Бала тілді алмайды.
Білместігі көрінеді.
|
Әкесі :сынық тағаны ал»- дейді.
|
Мақалдың мағынасын ашып жазу.
Мақал- мәтел
|
Мағынасын түсіндіру.(Оқушылар өз ойын жазады)
|
«Білгеннің тілін алмасаң, білместігің көрінер»
|
|
«Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың».
|
|
Әңгімені сахнала.
Әкесі дұрыс істеді ме? Қолдайсың ба, әлде қарсы шығасың ба?
Әңгімеге басқаша ат қой. Мысалы: «Қыңыр бала»,Әке ақылы»
Кері байланыс парағын толықтырайық!
Не білдің? Үлкендердің тілін алу керек
Сұрағың? Бала үйіне қалай жетеді?
Пікірің: Бүгінгі сабақ маған ұнады. Өзіме тәрбиенің жақсы жақтарын аламын.
Ой толғаныс: (Тақтаға ілінген кестені екі оқушы шығып, толтырады.)
Әке қандай?
|
Бала қандай?
|
Қатал,бірақ әділ.
Баласына жақсы тәрбие береді.
|
Бала жас.Білмейтіні көп.
Еріншек.
|
Үйге тапсырма: Әңгімені өзің ары қарай жалғастырып көр.
Сабақтың тақырыбы: Қажымұқан.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтіннің мазмұнын ашады.
Қажымұқан туралы жаңа мәліметтер алады. Ойлары, тілдері, сөйлеу қабілеттері дамиды.
.Патриотизмге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, суретпен жұмыс, эссе, өлең жазу, топпен жұмыс, топтастыру.
Көрнекілігі: Әдеби кітаптар көрмесі, мақал- мәтелдер, суреттер, компьютерден слайдтар(Қажымұқанның суреттері)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
« Суретші ата Қастеев» өлеңін жатқа айту.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Мына суретте кімді көріп тұрсыңдар?
Топтастырыңдар:
Ой қозғау.
2-ші сыныпта өткен «Алып бала» мәтінін еске түсіру.
Мағынаны тану.
Қажымұқан туралы кіріспе сөз. Оқушыларға алдын ала бөлініп берілген мәтіндерді айтады.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қажымұқан». Мұқан Мұңатпасов Ақмола облысындағы Қараөткел деген жерде 1871 жылы Мұңайтпас деген момын, кедей бір шаруаның үйінде дүниеге келеді.
Мұқан 10 жасында 1 қап бидайды арқалап алып, бір - жерден екінші жерге апара беретін болған.Өзінен 5-6 жас үлкен балаларды күрескенде әрдайым жеңетін. Күрес өнерін өзінің атасы Ержақ палуаннан үйренеді.
Кейін Санк-Петербургтегі палуандар мектебіне барып, әбден шыңдалып, толысады. Осы кезде даңқы жер жарған Иван Поддубныймен достасады.
1917жылы қазан төңкерісінен кейін Қажымұқан туған елі Қазақстанға оралады.
Ел-жұртты аралап, әр түрлі ойындар көрсетеді. Үстіне 20-30 адамды отырғызып арбаны тісімен сүйрейді. 1 жарым тонналық машинаны үстінен өткізеді. Кеудесіне үлкен кесек тасты қойғызып, балғамен екі жігіт ұрып ұсатады.Темір жолдың рельсін мойнына салып галстукша иеді.
Ұлы Отан соғысы басталғанда, 70 жастағы Қажымұқан өзінің қартайғанына қарамастан осындай ойындар өткізіп, жинаған ақшасына ұшақ жасатады. Сол ұшақпен Шалабаев деген ұшқыш талай ерлік көрсетеді.
Мәтінмен жұмыс:
І. Мәтінді мәнерлеп оқу.Оқушылардың алма- кезек оқуы. Сөздік жұмысын жүргізу. Дәптермен жұмыс. Әңгіменің әр бөліміне ат қою.
Сергіту сәті:
Топтық жұмыс.
І топ.
Күшке байланысты мақалдар айту.
ІІ топ.
Эссе жазу. «Қажымұқан- күш алыбы»
Рефлексия. (ой қорыту)
Мен бүгін Қажымұқан атамыз туралы көп мәлімет алдым. Енді оның отбасы туралы білгім келеді. Әйелі, балалары бар ма?
Маған осындай ерекше адамдар ұнайды.
Үй тапсырмасы.
І топ.
Қажымұқанға хат.
ІІ топ.
Өлең шығару.
Оқушылар шығармашылығы:
Сәлеметсіз бе, Қажымұқан аға! Сіздің күреске деген шеберлігіңізге мен қызыға қараймын.Түрік палуанын өз жерінде жеңдіңіз. Сіздей намысты қолдан бермейтін адамдар көп болса екен деймін.
(Өмірсерік Рахат)
Қажымұқан- атамыз
Балуан боп танылды ғой атыңыз.
Оқып білдік сізді де,
Күшіңізге таң қалдық.
Батылдығыңызға бас идік.
(Ахметжан Бейбарыс)
Достарыңызбен бөлісу: |