Сабақтың тақырыбы: Би-шешендердің шешендік сөздері Сабақтың мақсаты



Дата21.01.2022
өлшемі14,47 Kb.
#112657
түріСабақ
Байланысты:
Би -шешендер


Сыныбы: 10 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Би-шешендердің шешендік сөздері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: шешендік сөз арқылы қазақ халқының ертерек замандардағы өмірін білуге мүмкіндік беру.

Дамытушылық: оқушыларға шешендік сөзді жаттау арқылы біліктілігін арттыруға, ойлануға, жүйелі жұмыс жасауға үйренуге жағдай туғызу.

Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбек етуге, басқаның пікіріне де құрметпен қарауға, өзіне-өзі сын көзбен қарау керектігін байқауға икемдеу.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

-Оқушылардың зейіннін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырманы сұрау:

- Қаздауысты Қазбек би айтқан сөз

3.Жаңа сабақ.

А)Кіріспе әңгіме.

Әйтеке бидің шешендігі

Әйтеке би (1633-1700)- қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі. Қазақ елінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқорщы болды.

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды,

Ашу деген- ағын су,

Алдын ашсаң,арқырар.

Ақыл деген- дария,

Атоссаң, тоқырар.

Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай,

Қонағы келсе,құрметтеп жайлағандай,

Тындырымды інісі болса,

Қанат- құйрығы сай болып,

Көңілі жай болып,

Ағаның алар тынысы болса.



Ә)Оқулықпен жұмыс.

1.Оқушыларға тізбектей оқыту.

Б)Сөздікпен жұмыс.

Тоқырау- тоқтау.

В)Дәптермен жұмыс:

1. Әйтеке би адам бойындағы қандай мінез-құлықты сөз етеді.

2. Шешендік сөздің алғашқы бөліміне тақырып ойлап, өз сөзіңмен қысқаша мазмұнын жаз.

4.Бекіту.

-Шешендік сөздің бірінші шумағынан қай бөлігін нақыл сөз ретінде алар едің?

- Аға мен іні арасындағы сыйластық туралы айтылған даналық сөзді түсіндір.

-Өзіңе ұнаған шешендік сөзді жаттап ал.



Мақалдың мағынасын аш:

Жақсылардың үлгісі-

Жанып тұрған шамдай.

Шешендердің сөздері-



Ағып тұрған балдай.
5.Үйге тапсырма: Әйтеке би, Қазыбек би, Төле бидің шешендігін жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет