Сыныбы: 10 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Би-шешендердің шешендік сөздері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: шешендік сөз арқылы қазақ халқының ертерек замандардағы өмірін білуге мүмкіндік беру.
Дамытушылық: оқушыларға шешендік сөзді жаттау арқылы біліктілігін арттыруға, ойлануға, жүйелі жұмыс жасауға үйренуге жағдай туғызу.
Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбек етуге, басқаның пікіріне де құрметпен қарауға, өзіне-өзі сын көзбен қарау керектігін байқауға икемдеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
-Оқушылардың зейіннін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырманы сұрау:
- Қаздауысты Қазбек би айтқан сөз
3.Жаңа сабақ.
А)Кіріспе әңгіме.
Әйтеке бидің шешендігі
Әйтеке би (1633-1700)- қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі. Қазақ елінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқорщы болды.
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды,
Ашу деген- ағын су,
Алдын ашсаң,арқырар.
Ақыл деген- дария,
Атоссаң, тоқырар.
Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай,
Қонағы келсе,құрметтеп жайлағандай,
Тындырымды інісі болса,
Қанат- құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса.
Ә)Оқулықпен жұмыс.
1.Оқушыларға тізбектей оқыту.
Б)Сөздікпен жұмыс.
Тоқырау- тоқтау.
В)Дәптермен жұмыс:
1. Әйтеке би адам бойындағы қандай мінез-құлықты сөз етеді.
2. Шешендік сөздің алғашқы бөліміне тақырып ойлап, өз сөзіңмен қысқаша мазмұнын жаз.
4.Бекіту.
-Шешендік сөздің бірінші шумағынан қай бөлігін нақыл сөз ретінде алар едің?
- Аға мен іні арасындағы сыйластық туралы айтылған даналық сөзді түсіндір.
-Өзіңе ұнаған шешендік сөзді жаттап ал.
Мақалдың мағынасын аш:
Жақсылардың үлгісі-
Жанып тұрған шамдай.
Шешендердің сөздері-
Ағып тұрған балдай.
5.Үйге тапсырма: Әйтеке би, Қазыбек би, Төле бидің шешендігін жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |