Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты



бет1/16
Дата10.06.2017
өлшемі4,22 Mb.
#18834
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Пәні: Сауат ашу

Күні: 02.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы

Сабақтың мақсаты:

Әліппе оқулығының авторларымен таныстыра отырып, нені оқып, білетініміз жайлы мағлұмат беру.

Елбасы, еліміздің рәміздері туралы түсінік беру.

Н. Ә.Назарбаев сөзімен таныстыру.

Мектеп ішінде жүріп –тұру ережесін үйренуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Елбасы-Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті.Мемлекеттік рәміздер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы

І .Ұйымдастыру:

-Оқушыларға оқу құралдарын шығарту

-Оқушылардың назарын аудару

-Оқушыларды партада отыруға

-Мектеп тәртібіне үйрету.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Әліппе оқулығының авторларымен таныстыра отырып, нені оқып, білетініміз жайлы мағлұмат беру. Елбасы, еліміздің рәміздері туралы түсінік беру.

Н. Ә.Назарбаев сөзімен таныстыру.Мектеп ішінде жүріп –тұру ережесін үйренуге баулу.

Сергіту сәті

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Әліппе кітабы туралы мағлұмат бару.

2. ҚР-ның президентінің сөзімен таныстыру Айналайын!

Қолыңдағы әсем кітап «Әліппең»-аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.

Қазақстан Республикасының президенті: Н. Назарбаев.
Қорытындылау:

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда не жайында білдік?

ҚР-ның рәміздерін атап көрейік. Әнұран, елтаңба, ту

Әнұранның сөзімен таныстыру.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні

сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы! 
Ежелден ер деген, 
Даңкымыз шықты ғой. 
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар. 
Бірлігі жарасқан, 
Тәуелсіз елім бар. 
Қарсы алған уақытты, 
Мәңгілік досындай. 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай!

Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

 

әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі


Әнімен айтып беру.

Сабақты аяқтау.



Пәні: Математика

Күні: 02.09.2015

1.Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау.Қанша? Неше? Нешеу? Тура және кері санау.

Сабақтың мақсаты:

-Математика оқулығымен таныстыру. Оқулықтарды талдай білуге бейімдеу.

-Заттар туралы түсінік беру. Заттарды санауға, салыстыруға, ажыратуға, түстерін тануға үйрету.

-Заттарды санауға, пішінін тануға, салыстыруға, түсін ажыратуға үйрету.

-Ұқыптылққа бейімдеу, тәртіпті отыруға, оқу құралдарын жинақы ұстауға, қауіпіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Оқушылардың ойлау қабілетін, сөз мәнерін, ой өрісін, зейінін, логикалық қабілетін дамыту.



Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі заттар, ойыншықтар,суреттер.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, көрсету.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру: түгендеу, зейінін сабаққа аудару.
ІІ Оқулық тарихы

Оқулықпен таныстыру, оқулықты талдау.


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Заттарды санау.Қанша? Неше? Нешеу? Тура және кері санау.

Математика оқулығымен таныстыру.Заттар туралы түсінік беру. Заттарды санауға, пішінін тануға, салыстыруға, түсін ажыратуға үйрету. Ұқыптылққа бейімдеу.Ой-өрісін дамыту.
ІҮ. Жаңа сабақ:

1.Шартты белгілермен таныстыру.

2.Заттар туралы мағлұмат беру.

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы уреттерді талдай отырып салытыру және санау.

1. Сана

-Балалар 1-ші суретте нені көріп тұрсыңдар?



-Дұрыс, машина. Оның түсі қандай?

-Жарайсыңдар. Неше доп көріп тұрсыңдар?

-Олардың түтері қандай?

-Неше шар көріп тұрсыңдар?

-Олардың үтері қандай?

2. Сана суретпен жұмыс.

-Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?

-Мектеп


-Мектептің ауласында кімдер жүр?

-Балалар, апай

-Неше қыз бала бар?

-4

Неше ұл бала бар?



-4

-Жарайсыңдар3. Қояндар нешеу?

Тәтті тоқаштар барлық қоянға жетеме?
Сергіту сәті
Оқулықпен жұмыс.

4. Қонжық неше балық ұстай алады?

Заттарды санау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Кері санау: 10, 9, 8 ,7 ,6 ,5 ,4 ,3, 2, 1. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Сандарды тиісті ретпен орналастыру. 2, 4 5, 6, 8, 7, 1, 9, 10
Ү.Сабақты қорытындалау:

Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендік?

Нені санадық?
ҮІ. Үйге тапсырма Сандарды ретімен жазу

ҮІІ. Бағалау Оқушыларды жетістігі мен кемшілігіне байланысты бағалаймын.

Сабақтың тақырыбы:      

Суретші деген кім? Бейнелеу өнері сабағында қандай құралдар қолданылады?

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді                  

                                            қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.

 

ә) Дамытушылық:             Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,



                                            оқушы санасына терең сіңіру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты



                                            түсіне білу. 

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:     Суретші шығармалары, фотосурет және тағы басқалар.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Оқушыларға Қазақ суретшілері және олардың шығармалары жайлы түсіндіріп өтемін. Қазақстан Республикасына танымал Қазақстан халық суретшілері баршылық.

    Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 – 1931 жылдары Н. Г. Хлудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.

    1930жылы Москва қаласындағы мұражайлармен танысады, 1937 жылы Қазақ ССР-інің халық суретшісі атағы беріледі.

    1954 – 1956 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының басқармасына жетекшілік етеді.

    1969 жылы Москва қаласында жеке шығармашылық көрмесі өтеді.

    1973 жылы 3 қарашада Алматыда дүние салады. Әбілхан Қастеев портрет және тарихи жанрлармен қатар пейзаж жанрындағы шығармаларын да халқына сыйлап кетті.

    Әубәкір Ысмайылов – 1910 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген. 1932 жылы Москвадағы Жоғары техникалық көркемсурет шеберханасын, 1938 жылы Театр өнері институтын бітірген. 1933 жылдан КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Қазақ ССР-інің халық суретшісі. «Қарағанды шахтасы», «Шахтерлер», «Тың жерді игеру», «Хантәңірі», «Абай достарымен бірге», «Исатай-Махамбет», «Қорқыт ата», «Еңлік-Кебек», т. б. көптеген шығармаларымен еліне танылды. 1999 жылы қайтыс болды.

    Молдахмет Кенбаев – 1925 жылы 25 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келеді. 1956 жылы Москва қаласындағы В. С. Суриков атындағы мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. 1955 жылдан бастап Суретшілер одағына мүше. «Ә. Жангелдин сарбаздары» (1956), «Шопан әні» (1956), «Асауға құрық салу» (1958), «Құрманғазы» (1958), «Мұхтар Әуезов» (1974), «Әл-Фараби» (1975), атты еңбектерімен елімізге танымал суретші. Қазақстан Республикасының халық суретшісі, суре және живопись профессоры. 1993 жылы қайтыс болған.

    Қанапия Телжанов – 1927 жылы 1 мамырда Омбы қаласында туған. 1947 жылы Ленинград қаласындағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсіндеу және сәулет институтын бітірген. 1953 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық суретшісі. «А. Иманов» (1953), «Немере мен әже» (1955), «Атамекен» (1958), «Домбыра үні» (1958), «Жеңіс» (1975) атты шығармаларымен халқына кеңінен таныс.

    Хакімжан Наурызбаев – 1925 жылы 25 тамызда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Октябрь ауылында туған. 1951 жылы Харьков мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Қазақстандағы тұңғыш кәсіби мүсінші. «Құрманғазы» (1958), «Абай ескерткіштері» (1961, Алматы қаласы), «Ш. Уәлиханов ескерткіші» (1969, Алматы қаласы), «Ж. Жабаев ескерткіші» (1971), «А. Иманов» (1972), Еңбек Ері «К. Дөненбаева, Н. Алдабергенов» (1972), «Ы. Жақаев» (1985) атты еңбектерімен елге танымал.

    Сабыр Мәмбеев – 1928 жылы 1 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Абайбазар ауылында туған. 1953 жылы Ленинград қаласындағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген. 1956 жылдан Суретшілер одағының мүшесі, халық суретшісі.

    «Пауза» (1957), «Киіз үй алдында» (1958), «Суретші М. С. Лизогут портреті» (1959), «Менің қалам» (1960), «Көктем» (1964), «Қара киімді қыз» (1961), «М. Әуезов портреті» (1967), «Шопан қызы» (1971) атты көркем шығармаларымен көрермен көңілінен шығып отыр.

    Сахи Романов 1926 жылы 1 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1958 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. «Қырық өтірік ертегісі» (1955), «Құрманғазы өмірбаяны» (1957), «Жер тураыл декрет» (1970), «Отан аясында» (1970), «Нан» (1981), кинофильмдер көркемдеуде «Өнер жолы» (1959), «Алдаркөсе» (1965), «Найзатас» (1978), «Құлагер», т. б. еңбектерімен туған халқымызға танымал суретші.
Сабақты қорытындылау:

Аяқталмаған тапсырманы аяқтау.

Бүгінгі ссабақта нені үйрендік?

Сабақ ұнадыма?

Пәні: Сауат ашу

Күні: 03.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Мектеп. Сынып. Сөйлем.

Сабақтың мақсаты :Білім күні. Айналамен таныстыру.Ынтымақ, достыққа, үлкенді сыйлауға еңбек ете білуге өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.

Танымдылық қабілетін арттыру,түсінігін баяндай білуге,ойланып тиянақты жауап беруге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: мектеп, сынып туралы суретттер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Оқушыларды партада отыруға, мектеп тәртібіне үйрету.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Білім күні. Айналамен таныстыру.Ынтымақ, достыққа, үлкенді сыйлауға еңбек ете білуге өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.

Танымдылық қабілетін арттыру,түсінігін баяндай білуге,ойланып тиянақты жауап беруге баулу.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. «Білім күні» мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

Оқушы білімін тиянақтау.

-ҚР-ның президенті кім?

-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

-ҚР-ның рәміздерін ата.

Әліппедегі шартты белгілермен таныстыру:

Дыбыс- ауыздан шыққан дыбыстар. Олар өзара екіге бөлінеді. Табиғи дыбыс және музыкалық дыбыс.

Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантйзм) орыс. согласные звуки — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. [1] Дауыссыз дыбыстардыайтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялықмүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, (у), Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.[2]

Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:

- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;

- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;

- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;

- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;

- дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды;

- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:



Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;

Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;

Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң.

Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, п еріндік дауыссыздар (огубленные согласные) деп аталады. Жіңішке дауыссыздар (мягкие согласные) — сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз — сіз, тұз — түз). Жуан дауыссыздар (твёрдые согласные)— тілдін орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінен тембрі (әуені) темен, қатаң айтылатын дауыссыздар.[3]

Дауыссыздардың жуандауы орыс. твёрдость согласных — көрші жуан дауысты дыбыстың әсерімен дауыссыздардың жуандап айтылуы. Мысалы: ар, он, тар, бар ср. ер, өн, тер, бер. Әр уақытта жуан айтылып, буын талғайтын дауыссыздар: қ, ғ. Мысалы: қар, ғана, сақ, доға.

Дауыссыздардың жіңішкеруі орыс. мягкость согласных — тілдің орта шені таңдайдын орта шеніне нық тиіп, сонан соң бірден ашылып кетуі арқылы жасалып, әрдайым жіңішке айтылатын дауыссыздар: к, г. Орыс сөздерінде кездесетін ч, щ дыбыстарының да жуан сыңары жоқ, ал қалған дауыссыздар буын ыңғайына қарай жуан, жіңішке болып айтыла береді. Мысалы: қазақ тілінде am — em, үн — үн, тор — тер, аз — әз.

Дауыссыздарды үш үлкен топқа бөледі:

Қатаң

п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ

Ұяң

б, в, г, ғ, д, ж, з

Үнді

Мұрын жолды

м, л, н, ң

Ауыз жолды

л, р, й, (у)

ІҮ. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру кезеңі:-Назарбаев кім?-Көрсете отырып, шартты белгілерді атату.

Ү Бекіту кезеңі: Міне, балалар,біз сендермен бүгінгі сабақта білім күні туралы мағлұмат алдық. шартты белгілермен таныстық.. Әліппе кітабымыздан нені үйренетінімізді білдік.

Пәні: Сауат ашу

Күні: 03.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары. Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Оқу құралдарымен таныстыру.Жыртпай таза ұстауға, яғни ұқыптылыққа баулу.Танымдылық қабілетін арттыру. Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Оқу құралдарымен таныстыру.Жыртпай таза ұстауға, яғни ұқыптылыққа баулу.Танымдылық қабілетін арттыру.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

а) Оқу құралдарымен таныстыру.

1. дәптер, қалам

2. Сызғыш, өшіргіш

3. Пенал портфель

4. Бояу

ә) Оқу құралдарды қалай пайдаланамыз?

б) Кезекші не істейді?

Сергіту сәті

ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.

-Балалар, кәне кім оқу құралдарын атап береді?

-Дәптер не үшін керек?

-Қандай дәптердің түрлерімен таныстық?

-Пенал деген не?

-Оқу құралдарын неге салып тасимыз?

-Бояумен не істейміз?

Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері құрайды. 
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

 


СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ




ХАБАРЛЫ

СӨЙЛЕМ


СҰРАУЛЫ

СӨЙЛЕМ


ЛЕПТІ

СӨЙЛЕМ

БҰЙРЫҚТЫ

СӨЙЛЕМ

Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады.

«Есіл тасып барады» деген әнді естіп пе едің?

Шіркін, қарақат, тәтті де сұлу жеміс қой!

Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

Ү. Білімді бекіту:Біз оқу құралдарына құрметтей қарауымыз керек екен.

Біл олардың көмегі арқылы білім аламыз. Оқулықтарды жыртуға, құртуға болмайды.

Оқушы туралы өлең жаттау.

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Оқу құралдары сенің көмекшің. Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Ойша сөйлемдер құру.



Пәні: Математика

Күні: 03.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Заттарды салыстыру(пішіні, өлшемі, түсі, массасы, сыйымдылығы, бағасы, ауданы).

Мақсаты:

Заттарды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру арқылы, олардың түстерінің, пішіндерінің бірдей немесе әртүрлі болатынын анықтай білуге үйрету.

Заттарды салыстыру арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Балаларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбилеу



Көрнекілігі: Суреттер, оқулықтар және әдістемелік құрал.

Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Оқушының назарын сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Санамақты оқушыларға үйретіп, әр сабақта қайталатқызу.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйдегі кісілерді санау.
ІІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту.

Заттарды санату.Көрнекіліктер бойынша.Қанша?Неше?Нешінші? деген сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіру.


ІҮ. Жаңа сабақ.

Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы. Заттарды салыстыру(пішіні, өлшемі, түсі, массасы, сыйымдылығы, бағасы, ауданы).


Оқулықпен жұмыс:

Заттарды әртүрлі белгілеріне салыстыру.суретте неше доп бар?

Суретте неше шаршы, неше шар бар?

Салыстыру



  1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.Сана. Жасыл жолақтағы тапсырманы орындау

  2. Сергіту сәті



Ү. Жаңа білімді бекіту.

Әртүрлі заттарды салыстыра отырып, ерешеліктерін анықтау.

Балапандарды санау,суреттер бойынша әртүрлі сұраққа жауап беру.
ҮІ. Сабақты қортындылау:

Өтілген тақырып бойынша тапсырма беру..


ҮІІ.Үйге тапсырма.

Балаларға кітаптағы тақырып соңындағы «Қандай сурет болуға тиіс?» деген тапсырманы беремін.


ҮІІІ. Бағалау.

Оқушыларды жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрышпен бағалап оларды ынталандыру есебінде балаларды мадақтаймын. Осымен бүгінгі сабақты аяқтаймын.

Пәні: Сауат ашу

Күні: 03.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Мектеп. Сынып. Сөйлем.

Сабақтың мақсаты :Білім күні. Айналамен таныстыру.Ынтымақ, достыққа, үлкенді сыйлауға еңбек ете білуге өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.

Танымдылық қабілетін арттыру,түсінігін баяндай білуге,ойланып тиянақты жауап беруге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: мектеп, сынып туралы суретттер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Оқушыларды партада отыруға, мектеп тәртібіне үйрету.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Білім күні. Айналамен таныстыру.Ынтымақ, достыққа, үлкенді сыйлауға еңбек ете білуге өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.

Танымдылық қабілетін арттыру,түсінігін баяндай білуге,ойланып тиянақты жауап беруге баулу.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. «Білім күні» мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

Оқушы білімін тиянақтау.

-ҚР-ның президенті кім?

-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

-ҚР-ның рәміздерін ата.

Әліппедегі шартты белгілермен таныстыру:

Дыбыс- ауыздан шыққан дыбыстар. Олар өзара екіге бөлінеді. Табиғи дыбыс және музыкалық дыбыс.

Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантйзм) орыс. согласные звуки — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. [1] Дауыссыз дыбыстардыайтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялықмүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, (у), Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.[2]

Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:

- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;

- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;

- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;

- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;

- дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды;

- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:



Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;

Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;

Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң.

Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, п еріндік дауыссыздар (огубленные согласные) деп аталады. Жіңішке дауыссыздар (мягкие согласные) — сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз — сіз, тұз — түз). Жуан дауыссыздар (твёрдые согласные)— тілдін орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінен тембрі (әуені) темен, қатаң айтылатын дауыссыздар.[3]

Дауыссыздардың жуандауы орыс. твёрдость согласных — көрші жуан дауысты дыбыстың әсерімен дауыссыздардың жуандап айтылуы. Мысалы: ар, он, тар, бар ср. ер, өн, тер, бер. Әр уақытта жуан айтылып, буын талғайтын дауыссыздар: қ, ғ. Мысалы: қар, ғана, сақ, доға.

Дауыссыздардың жіңішкеруі орыс. мягкость согласных — тілдің орта шені таңдайдын орта шеніне нық тиіп, сонан соң бірден ашылып кетуі арқылы жасалып, әрдайым жіңішке айтылатын дауыссыздар: к, г. Орыс сөздерінде кездесетін ч, щ дыбыстарының да жуан сыңары жоқ, ал қалған дауыссыздар буын ыңғайына қарай жуан, жіңішке болып айтыла береді. Мысалы: қазақ тілінде am — em, үн — үн, тор — тер, аз — әз.

Дауыссыздарды үш үлкен топқа бөледі:

Қатаң

п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ

Ұяң

б, в, г, ғ, д, ж, з

Үнді

Мұрын жолды

м, л, н, ң

Ауыз жолды

л, р, й, (у)

ІҮ. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру кезеңі:-Назарбаев кім?-Көрсете отырып, шартты белгілерді атату.

Ү Бекіту кезеңі: Міне, балалар,біз сендермен бүгінгі сабақта білім күні туралы мағлұмат алдық. шартты белгілермен таныстық.. Әліппе кітабымыздан нені үйренетінімізді білдік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет