Сабақтың тақырыбы: Биосфера туралы ұғым Сілтеме: 6 сынып оқулығы Слайд,суреттер



бет2/4
Дата04.08.2017
өлшемі436,09 Kb.
#22869
түріСабақ
1   2   3   4

 


Апта:

Күні:

Пәні

География



Мұғалім аты-жөні

Әбілқасым Мадина



6«Б» сыныбы

Оқу-ісінің меңгерушісі
________Құлманқұлова С

Сабақтың тақырыбы: Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралу заңдылықтары.Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері

Сілтеме:

  • 6-сынып оқулығы;

  • Стендтер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Тірі ағзалардың алуан түрлілігі,тірі ағзалардың таралу заңдылықтары,ағзалардың атмосфераға әсері,ағзалардың гидросфераға әсері, ағзалардың биосфераға әсері, ағзалардың әрекетінен топырақтың пайда болуы деген ұғымдарды ашу.

Дамытушылық мәні:

Тірі табиғаттың қалыптасуына әсер ететін факторлармен танысу, толықтыру,дамыту

Тәрбиелік мәні:

Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу

Нәтиже:

  • . Тірі ағзалардың алуан түрлілігі,тірі ағзалардың таралу заңдылықтары,ағзалардың атмосфераға әсері,ағзалардың гидросфераға әсері, ағзалардың биосфераға әсері, ағзалардың әрекетінен топырақтың пайда болуы деген ұғымдарды ашады

Түйінді идеялар:

Организм ,жасуша,флора мен фауна,бактерия

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту,Сто

Пәнаралық байланыс:

Биология,жаратылыстану,тарих

Көрнекіліктер


Оқулық, атлас, Д.ж картасы

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сәлемдесу.

Ұйымдастыру.

Топқа бөлу.


  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну




Үй тапсырмасын тексеру (10 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

  • Өткенді қайталау

  • Тірі ағзаларды өлі табиғаттан ерекшелендіріп тұратын басты белгілер қандай?

  • 2. Биосфераның жоғары жағының озон қабатымен шектелуі қандай жағдайға байланысты?

  • 3. Тірі табиғат пен өлі табиғаттың арасындағы байланыста өсімдік қандай орын алады?

  • 4. Тірі ағзалардың бір-бірімен байланысы қалай жүреді?

  • 5. Ағзалардың бірлестігі – биоценоздардың түзілуінде табиғи ортаның қандай мәні бар? 6.Ағзалардың тіршілік формасы деген не?

  • 7.Тірі ағзалар таралуының зоналық заңдылығы немен байланысты?

  • 8.Тірі ағзалардың атмосфераға әсері неден байқалады?

  • 9.Мұхит суының тұз құрамы неліктен бірқалыпты жағдайда тұрады?

  • 10. Ағзалар қандай тау жыныстарын түзеді? Олар қалай пайда болады?

  • 11. Топырақ түзілуіне ағзалардың қатысы қандай?

  • 12.Ағзалардың жер қабықтарына әсері туралы өз жерлерінен мысалдар келтіріңдер

Қызығушылықты ояту (2 мин.)

.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)


Сабақтың жоспары:

1. Жер қабықтарының өзара әрекеттесуі.Географиялық қабық.



2. Табиғат компонеттері.

Табиғат кешені. - Жердің сыртқы қабықтарында бір-бірімен зат алмасуы қалай жүреді? Деген сұраққа жауап берейікші. 1. Жердің сыртын қоршаған қабықтары, яғни, атмосфера, гидросфера, литосфера және боисфера өзара тығыз байланыста дамитындығын байқадық. Оларды құрайтын газ, сұйық және қатты күйдегі заттар бірінен біріне өтіп, араласып жатады. Соның нәтижесінде Жер қабықтары жанасатын өңірінде бір-бірімен үздіксіз әрекетте болады. Мәселен, атмосфера мен биосфераның арақатынасын зер салып байқайық. Ауадағы оттегімен жануарлар тыныстайды, көмірқышқыл газын өсімдіктер бойына сіңіріп, зат түзеді. Екінші жақтан, атмосфераның газ құрамы ағзалардың тіршілігімен тікелей байланысты (ауадағы оттегі қалай пайда болатынын естеріңе түсіріңдер). Тірі ағзалар литосфераның беткі қабатын күрделі өзгерістерге ұшыратады. Олар тау жыныстарының үгілуіне қатынасады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары жер қыртысындағы органикалық тау жыныстарын түзеді. Өз кезегінде литосфералық заттар ағзалардың денесін құрайды. Ағзалар үшін литосфераның беткі қабаты тіршілік ортасы болып табылады. Атмосфера мен литосфера тығыз байланысты жағдайда болады. Атмосфера жер бетіне түскен күн сәулелерінен жылынатынын білесіңдер. Одан тропосферадағы ауа температурасының биіктік бойынша өзгеру заңдылығы туады. Жер бетінен көтерілген шаң-тозаң ауаның мөлдірлігіне, сол арқылы атмосфераның жер бетіне таяу қабатының жылыну жағдайына ықпал жасайды. Ауаға көтерілген ұсақ түйіршіктердің төңірегіне су булары қоюланып, бұлт үйіріледі, т.с.с. Біз жоғарыда әр түрлі жер қабықтарының арасындағы әрекеттестікті саралап қарастырдық. Шынында мұндай байланыстар тек екі жақты ғана емес, көп жақты түрде жүреді. Атмосфера, литосфера және гидросфераның тоғысын, бір-біріне әсер етуінің нәтижесінде Жердің ерекше қабығы – географиялық қабық түзілді. Географиялық қабық Жерде тіршіліктің пайда болуына және дамуына қажетті жағдай тудырды. Жердің дамуының қазіргі кезеңінде тіршілік жеке биосфера қабығын құрайтын дәрежеге жетті. Сонымен, географиялық қабыққа литосфераның басқа қабықтардың әсерінен өзгерген жоғары бөлігі, атмосфераның төменгі қабаты, бүкіл гидросфера және биосфера жатады. Географиялық қабыққа тән болып келетін бірнеше ерекшелік бар. Олар төмендегіше: 1. Жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера-ауадан, гидросфера-судан, литосфера-тау жыныстарынан, биосфера-тірі ағзалардан) тұрады. Ал географиялық қабықтың заттық құрамы күрделі. Оған аталған заттардың бәрі де кіреді. Сондықтан ол кешенді сипатқа ие болады. 2. Ағзалар тек қана географиялық қабықта тіршілік етеді. Атмосфераның жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауына тіршілік таралмайды. 3. Жерге күн сәулесімен келетін жылу түгелдей дерлік географиялық қабыққа шоғырланады. Оған жылу мөлшерінің белдеулер түрінде таралуы сипатты. Атмосфераның жоғарғы қабатында немесе литосфераның терең бөлігінде жылу бұлайша белдеулік заңдылықпен таралмайды. 4. Географиялық қабық құрамды болғанымен, біртұтас дүние. Оның құрамына кіретін Жер қабықтарының бірінің өзгерісі басқаларының да өзгерісін тудырады. Мысалы, жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы атмосфера, гидросфера және литосфераға қандай өзгерістер енгізгенін сендер білесіңдер. Табиғат компоненттерінің арасындағы байланыс 2.Географиялық қабық тау жыныстарынан, ауадан, судан, топырақтан, өсімдіктер мен жануарлардан тұрады. Географиялық қабықтың бұл құрамдас бөліктері табиғат компоненттері немесе географиялық компоненттер деп аталады (латынша компонент-құраушы). Кез келген аумақтың табиғат компоненттерінің жиынтығы біртұтас жүйе құрайды. Ол жүйе табиғат кешені немесе географиялық кешен деп аталады. Табиғат кешенін құрайтын жеке компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың біреуінің өзгерісі міндетті түрде басқаларының өзгерісін туғызады. Мысал үшін құмды шөл табиғат кешенін көөз алдарыңа келтіріңдер. Сусыған құм, тікенекті сирек өсімдік, құмға бейімделген жануарлар. Енді осы табиғат кешенінің өзен суын бұрып, канал жүргізгеннен кейінгі өзгерісін байқайық. Каналдың сіңген суы маңайындағы жер асты суының деңгейін көтергендіктен, сор және көлшіктер пайда болады. Каналдың жағалауында, көлшіктердің төңірегінде қамыс, қоға, талдан тұратын тоғайлар өседі. Түрлі құмды шөл жануарларының орнын тоғай жануарлары басады. Ылғал және өсімдік сипатының өзгерісіне сәйкес сусыма құмның орнына жайылма топорағы қалыптасады. Жергілікті климат жағдайларында да өзгеріс байқалады. Сулы жерде ауаның ылғалы көбейіп, аптап ыстық бәсеңдейді. Жер шарындағы ең үлкен табиғат кешені (ең күрделі жүйе) – географиялық қабық. Географиялық қабық бірінен-бірі туындайтын табиғат кешендері жүйесінен тұрады.Жер бетіндегі географиялық қабықтан кейінгі табиғат кешені- материк пен мұхит. Мұхитқа қарағанда құрлық бетіндегі табиғат кешендері айқын көрінеді.


ББҮ (2 мин.)

ББҮ-ны толтыру

ББ бойынша флипчартта жазу

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?

Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қорыту. Сонымен бүгінгі сабақтан жер қабықтарының өзара әрекеттесуі , географиялық қабық, табиғат кешені мен табиғат компоненттері туралы әңгімеледік. Кімде қандай түсінбеген сұрақ бар.

Сұрақтарға жауап береді.

5. Бекіту оқулықтағы сұрақтарды шолып шығу.






6. Үйге тапсырма беру 50,51 тақырыптар







Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.

Апта:

Күні:

Пәні

География



Мұғалім аты-жөні

Әбілқасым Мадина



6«Б» сыныбы

Оқу-ісінің меңгерушісі
________Құлманқұлова С

Сабақтың тақырыбы: Топырақ

Сілтеме:

  • 6-сынып оқулығы;

  • Стендтер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Тірі ағзалардың алуан түрлілігі,тірі ағзалардың таралу заңдылықтары,ағзалардың атмосфераға әсері,ағзалардың гидросфераға әсері, ағзалардың биосфераға әсері, ағзалардың әрекетінен топырақтың пайда болуы деген ұғымдарды ашу.

Дамытушылық мәні:

Тірі табиғаттың қалыптасуына әсер ететін факторлармен танысу, толықтыру,дамыту

Тәрбиелік мәні:

Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу

Нәтиже:

  • . Тірі ағзалардың алуан түрлілігі,тірі ағзалардың таралу заңдылықтары,ағзалардың атмосфераға әсері,ағзалардың гидросфераға әсері, ағзалардың биосфераға әсері, ағзалардың әрекетінен топырақтың пайда болуы деген ұғымдарды ашады

Түйінді идеялар:

Организм ,жасуша,флора мен фауна,бактерия

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту,Сто

Пәнаралық байланыс:

Биология,жаратылыстану,тарих

Көрнекіліктер


Оқулық, атлас, Д.ж картасы

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сәлемдесу.

Ұйымдастыру.

Топқа бөлу.


  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну




Үй тапсырмасын тексеру (10 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

  • Өткенді қайталау

  • Тірі ағзаларды өлі табиғаттан ерекшелендіріп тұратын басты белгілер қандай?

  • 2. Биосфераның жоғары жағының озон қабатымен шектелуі қандай жағдайға байланысты?

  • 3. Тірі табиғат пен өлі табиғаттың арасындағы байланыста өсімдік қандай орын алады?

  • 4. Тірі ағзалардың бір-бірімен байланысы қалай жүреді?

  • 5. Ағзалардың бірлестігі – биоценоздардың түзілуінде табиғи ортаның қандай мәні бар? 6.Ағзалардың тіршілік формасы деген не?

  • 7.Тірі ағзалар таралуының зоналық заңдылығы немен байланысты?

  • 8.Тірі ағзалардың атмосфераға әсері неден байқалады?

  • 9.Мұхит суының тұз құрамы неліктен бірқалыпты жағдайда тұрады?

  • 10. Ағзалар қандай тау жыныстарын түзеді? Олар қалай пайда болады?

  • 11. Топырақ түзілуіне ағзалардың қатысы қандай?

  • 12.Ағзалардың жер қабықтарына әсері туралы өз жерлерінен мысалдар келтіріңдер

Қызығушылықты ояту (2 мин.)

.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.

Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылады.)

1. Топырақта нелер өзгеріске түседі?


2. Құнарлы қарашірік қалай пайда болады? өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығынан
3. Топырақтың тау жынысынан айырмашылығы неде? Құнарлы
4. Топырақ деген не? Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты.
5. Топырақ қалай түзіледі?
6. Өсімдіктің өсіп жетілуі үшін қандай жағдайлар қажет? Ауа, су, қарашірік, тұз, құм, саз.



ББҮ (2 мин.)

ББҮ-ны толтыру

ББ бойынша флипчартта жазу

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?

Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қорыту .

Уақыт 5 минут Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Бесінші белгілеу


Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

7. Талдау


1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.
2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс уақыты болжанады.

8 Түйсіну Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталуын болжап, «Ауызша саба 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін айтады.





Сұрақтарға жауап береді.

5. Бекіту оқулықтағы сұрақтарды шолып шығу.






6. Үйге тапсырма : Топырақ ,Топырақ туралы іздену







Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет