Оқушыларды табиғат кешендерімен таныстыру; табиғаттағы болатын құбылыстардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
Дамытушылық мәні:
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Картамен жұмысты жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мәні:
Табиғаттағы болатын құбылыстарды танып білуге тәрбиелеу және бірін-бірі сыйлауға ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Нәтиже:
. Тірі ағзалардың алуан түрлілігі,тірі ағзалардың таралу заңдылықтары,ағзалардың атмосфераға әсері,ағзалардың гидросфераға әсері, ағзалардың биосфераға әсері, ағзалардың әрекетінен топырақтың пайда болуы деген ұғымдарды ашады
(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.
Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі. Ең ірі табиғат кешені географиялық қабық деп аталады. Географиялық қабық дегеніміз- литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі такбиғат кешені.
Географиялық қабықтың құрылымы мен дамуында өзіндік заңдылықтар бар. Бұлар бүкіл географиялық қабыққа да, оның жекелеген компоненттері мен шағын көлемді табиғат кешендеріне де ортақ болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей байлықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Жер қыртысындағы заттардың алмасуы.Географиялық қабықтағы ырғақты құбылыстардың жүруі түрлі себептерге байланысты. Жердің өз білігінен айналуы тәуліктік ырғақтылыққа себепші болады. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температура мен ылғалдылықтың, өсімдіктер мен жануарлардың және адамдардың іс-әрекетінің өзіне тән тәуліктік жүйесі қалыптасады. Мысалы, күн мен түннің алмасуы, мұхит суларының толысуымен қайтуы, бриз желдері бағыттарының өзгеруі, тау жыныстарының күндіз қызып, түнде суынуы тәулік ішінде жүреді.
Зоналық ерекшеліктерімен қатар әрбір табиғат кешендерінің жеке-дара өзіне ғана тән сипаттары болады.
Африканың, Аустралияның, Оңтүстік Америка мен Азияның саванналары бір-бірінен айырмашылық жасайды. Сондай-ақ Еуразияның қоңыржай белдеуінің түрлері бөліктерінде орналасқан.
1-тапсырма. Оқушылардың назарын үй тапсырмасына аударамын да, төменгі сұрақтарды қоямын:
1. Табиғат кешені дегеніміз не?
2. Жер шарындағы ең үлкен табиғат кешені?
3. Адам жер беті табиғат кешендерінің жалпы көлемінің қанша пайызын игерген?
4. Адамдардың шаруашылық әрекетінен табиғаттың өзгеруін неден байқауға болады?
5. Үлкен қалалардың шоғырлануы табиғи ортаға қандай әсерін тигізді?
6. Жер шарындағы адам санының күрт көбею неге әкеп соқты?
7. Табиғи жүйенің түпкілікті өзгеруінен қандай проблемалар туындауы мүмкін?
8. Өз жеріңде табиғат кешендерінің өзгеруі байқала ма?
2- тапсырма. «Экологиялық есеп» сайысы
1. Шошқа өсіретін кешендерден тәулігіне 350метр куб лас заттар өзенге құйылады. Жылына қанша мөлшерде өзендерге лас зат құйылады?
Шешуі: 365*350=127 750м(куб)
2. Бір автомобиль тәулігіне 20кг газ бөліп шығарса, 6 автомобиль 1айда қанша газ бөліп шығарады?
Шешуі: 6*20=120; 120*30=3 600(кг)
3. Әр адам 1жылда 3 ағаштан жасалған қағазды пайдаланады. 1жылда 5 адамнан тұратын отбасына қанша қағаз керек?
Шешуі:3*5=15(ағаш)
3- тапсырма. «Тез жауап»
1. Табиғат кешендерін мүлде тиіспей, алғашқы қалпында сақтауға бола ма? (жоқ)
2. Планета халқының 1/3 бөлігіне су жетіспейді ме? (иә)
3. Табиғат кешендерінің өзгерісі адам әрекетінен болды ма?(иә)
4. Табиғатты қорғау – күнделікті жай проблемаға жатады ма? (жоқ)
5. Қоршаған ортаны қорғау біздің заңымызда қаралған ба?(иә)
6. Атмосфераның жылынуы біздің Қазақстанға тән құбылыс па? (жоқ)
4- тапсырма. «Картамен саяхат»
1. Теңіздің су айдыны 2/3-ге қысқарды. Судың тұздылығы 2, 5 еседей артуы салдарынан балық түрлері жойылуда. Табиғи ортаның жағымсыз өзгерісі халық шаруашылығына зиянын мықтап тигізуде. Кеме қатынасы, балық аулау мүлде тоқтатылды. Бұл қай жер туралы айтылып отыр, картадан көрсет.
2. Адам қоныстанбаған уақытта қалың ну орман болатын. Кейін португал теңізшілер ешкі әкеліп, тастап кеткен. Кейін 200жыл өткен соң олжер құр шөлге айналған. Бұл әңгіме қай жер туралы, картадан тап.
3. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық...сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы осьінен тайдырып жібере жаздады. Улы тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны тозаңға тұншықтырды. Өйткені, осы жердің маңындағы қазақтардың көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Осы аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес. Бұл қай жер? Картадан тап.
5- тапсырма. «Бұл не?»
ХТҚО- Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы. (125елден 800адам мүше)
ХЭЭҚ- Халықаралық экологиялық экономика қоғамы. (49 елден 500 мүше)
ВВФ - Ғаламшар тоғайларын қорғаудың халықаралық интернационалды жастар қоры; Даниядағы жастардың «жасылдар қозғалысы»
Гринпис («Жасыл әлем») - Бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы. 1970 жылы құрылған. 17 мемлекетте топтары бар, 2,5 млн адам мүше
МСОП - Халықаралық табиғатты қорғау және табиғат ресурстары ұйымы.
ВФОП - Бүкіл дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры. (ДЖ фауна мен экожүйені сақтау проблемасымен айналысады; халықаралық жастар курсын, лагерлер мен табиғат қорғау клубтарын және т. б. шараларды ұйымдастырады)
6- тапсырма. «Білгір географ»
Экология - адамның табиғатқа әсерін зерттейтін ғылым.
Эколог - табиғаттың ластануын зерттейтін адам.
Экология түрлері - адам экологиясы, ауа экологиясы, су экологиясы, топырақ экологиясы.
Сұрақтарға жауап береді.
Әр топтың топ басшылары болады. Олар оқушылардың білімін бағалайды.
Оқушылар иә немесе жоқ арқылы жауап береді.
Оқушылар қысқартылған сөздің мағынасын табады
Бағалау. Марапаттау. Әр топтың ұпай санын шығарып, бағалау. Топтағы белсенділік көрсеткен топты атап, марапаттау.
Үйге тапсырма. «Елім бай болсын десең, жеріңнің бабын тап» немесе «Табиғат кешендерін қорғау» тақырыбына мәнжазба жазу.
Рефлексия (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.