Сабақтың тақырыбы Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару Жалпы мақсаты



Дата18.10.2019
өлшемі287,46 Kb.
#50255
түріСабақ
Байланысты:
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару 6 сын-2

«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару»

Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылы, №14 орта мектеп Аты-жөні: Копекова Райхан Ауесхановна



Пәні: Математика Сыныбы: 6

19.01.18 ж




Сабақтың тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару

Жалпы мақсаты

 Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді және мәндес теңдеулерді табуды,бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін пайдалана отырып теңдеулерді түрлі тәсілдермен шеше алуға үйрету;тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау. Оқушылардың ой ұшқырлығын арттыру. Оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, математикалық сауаттылығын арттыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқыту мақсаты

Барлығы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге берілген есептерді шығара біледі.

Оқыту мақсаты

Тілдік мақсат



Көпшілігі: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуге берілген күрделі деңгейдегі есептерді шығара алады. 




Кейбіреуі: Мәтіндік есептерді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу құру арқылы шығара алады.




Математика тілінде сөйлеу қабілетін қалыптастыру

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Ой қозғау, суретпен жұмыс, іріктеу әдісі, деңгейлік тапсырмалар

Ресурстар

Оқулық, жеке жұмыс тапсырмалары, стикер, смайликтер, критерий бойынша бағалау

Бағалау

Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау, жиынтық бағалау.Рефлексия арқылы білімдерін тексеру

Алдыңғы оқу

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы білетін болады және есептерді шығара алады.

Кейінгі оқу

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге берілген мәтіндік есептерді шығарып үйренеді.

Бөлімдері, жоспарланған уақыт

Сабақ туралы мұғалім жазбалары

Басталуы

Ұйымдастыру

3 мин


Оқушылармен сәлемдесемін,түгелдеймін. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын.

Қатар-қатар түзіліп

Қолымызды жіберіп

Оқушыға лайық,түп-түзу болып тұрайық.

Сабақта белсенді болуға

Тырысып бағайық

Бар ынта жігерді,сабағымызға арнайық

Аянып біз қалмайық,-

деп бір-бірімен амандасады, жағымды көңіл күй орнатады.Оқушыларды топқа бөлу (таңдап алынған карточкадағы сөздер арқылы топқа бөлу) І топ: Бір айнымалысы бар

ІІ топ: сызықтық



ІІІ топ: теңдеу

  • Әр топтан топ  мүшелерімен  ақылдасып, топ  басшысын    сайлаңыздар.

  • Әр топқа бағалау  парағын   таратамын.

  • Бағалау кезінде әділ,нақты бағалаңыздар.




Бағалау

Үй тапсырмасы 5 мин






Ортасы:

Бинго ойыны

8 мин

Жұптық жұмыс



8 мин


Сергіту сәті
2 мин


Жеке жұмыс:
12 мин

Аяқталуы
Қорытынды



4 мин

Үйге тапсырма

Рефлек-

сия. 
3 мин

Бағалау


2 мин


Билеттер таратылады,билеттен сан шығады,шыққан сан кімде бар,сол оқушыға сұрақ қойылады. Қойылған сұраққа оқушылар жауаптарын береді.

Билет №5 сұрақ:Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?

Билет №7 сұрақ:Теңдеудің түбірі дегеніміз не?

Билет №11 сұрақ:Мәндес теңдеулер дегеніміз не?

Билет №16 сұрақ: суреттегі тұлға кім және оның математикаға қосқан үлесі?

Суреттер бойынша есеп құру және оны шығару
Логикалық тапсырмалар.

Алдар көсе ауылға келе жатты. Жолда ол байды және оның үш нөкерін кездестірді. Осы ауылға қанша адам бара жатты?  (Жауабы: 1 )


Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.

№862. Теңдеудің түбірін табыңдар:

7х-(3+2х)=х+9

7х-3-2х=х+9

5х-х=9+3

4х=12


х=3

ІІ деңгей.

№877. Теңдеуді шешіңдер:


9(3х-7)+3(8х-11)=3(9х+8)

27х-63+24х-33=27х+24

27х+24х-27х=24+63+33
24х=120

х=5


ІІІ деңгей.

№895. Теңдеуді шешіңдер:

1)

10-у+6у+16=3у+18

-у+6у-3у=18-10-16

2у=-8


у=-4

Тест

1. Қай теңдеу сызықтық теңдеу:

1) 3х+7у=0; 2) 2х-5=0; 3) 4х+2=5х; 4) 3х=0?

А) 1,2,3,4; В) 1,2,3; С) 2,3,4; Д) 1,2,4.

2. Берілген теңдеудің түбірі болатын санды тап: 2х+1=-5

А) -3; В) -2; С) 3; Д) 0.

3. Теңдеуді шеш: 2(х-4)=3(х+1)-7

А) 3,6; В) -4; С) 4; Д) -3,6.



« Бес жолды өлең» стратегиясы

Не ? ( теңдеу)

Қандай ? ( бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу)

Не істейді ? ( шешіледі, түбірі табылады)

Сөйлем. ( ах = в түріндегі теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.)

Синоним. ( мәндес теңдеулер)


Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. №883.№ 885








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет