Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық



Дата08.06.2018
өлшемі368 Kb.
#41833
түріСабақ
Бекітемін: Сыныбы: 7 «А», «Ә», «Б», «В»

Күні:
Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.



Сабақтың мақсаты: Жылдамдық және орташа жылдамдық ұғымдарын түсіну,

оларды формула арқылы есептей білу.



Сабақтың міндеттері:

Білімділік: теориялық білімдерін практика жүзінде көрсетуге бейімдеу

Дамытушылдық: шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: сауаттылыққа, ұқыптылыққа, өзін өзі бағалай білуге тәрбиелеу



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

ІV. Сабақты пысықтау.

V. Сабақты қорыту, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Орын ауыстыру деп нені айтамыз?

  • Орын ауыстыру қандай әріппен белгіленеді?

  • Жол дегеніміз не?

  • Жол қандай әріппен белгіленеді?

  • Бірқалыпты қозғалысқа анықтама бер.

  • Бірқалыпты қозғалысқа мысал келтір.

  • Бірқалыпты емес қозғалысқа анықтама бер.

  • Бірқалыпты емес қозғалысқа мысал келтір.

Ребусты шешу: Жылдамдық.



  1. Санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты не деп атаймыз? (санақ жүйесі)

  2. Барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниелерге тән қасиет не деп аталады? (қозғалыс)

  3. Меркурий планетасының қазақша аты? (Болпан)

  4. м/с ненің өлшем бірлігі? (жылдамдықтың)

  5. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс не деп аталады? (бірқалыпты)

  6. Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені не деп атаймыз? (материялық нүкте)

  7. Марс планетасының қазақша атауы? (қызыл жұлдыз)

  8. Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні не деп атаймыз? (орын ауыстыру)

  9. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ол қандай қозғалыс? (бірқалыпты емес)

Есептер шығару:


№ 1 Үйден шыққан оқушы мектепке дейін 1км жолды 1 минутта жүреді. Оқушының қозғалысын бір қалыпты деп ұйғарып, жылдамдығын анықтау керек.






№2 Автомашина 200 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтаңыз.



ІІІ. Жаңа сабақ:
Бірде-бір дене барлық уақытта тұрақты жылдамдық пен қозғалмайды. Орнынан қозғала бастаған поезд немесе автомобиль жылдамдығын бірте-бірте арттырады. Белгілі бір уақыт аралығында Белгілі бір уақыт аралығында ол бірқалыпты қозғалуы мүмкін, ал келесі бір уақыт аралығында қозғалысын баяулатып барып тоқтайды.

Денелердің осындай бірқалыпты емес қозғалысы кезіндегі жылдамдықты қалай түсінеміз?

Бірқалыпты емес қозғалыстың жылдамдығы туралы сөз болғанда, жолдың берілген бөлігіндегі немесе берілген уақыт аралығындағы қозғалыстың орташа жылдамдығы туралы айтылады. Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі, яғни бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығын есептегендегі амал қолданылады.

vорт=l/t

Осы формула арқылы орташа жылдамдық белгілі болса, орын ауыстыруды немесе уақытты былай есептеуге болады:



l= vорт *t немесе t=l/ vорт
ІV. Сабақты пысықтау.

Оқушылар карточкадағы тақырыбқа байланысты сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар оқулықтан алынған.

1. Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай табуға

болады ?


2. Жылдамдықтың 36 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.

3. Велосипедші 150 м жолды 1,5 м /с жылдамдықпен жүрген. Осы ара

қашықтықты велосипедші қанша уақытта жүріп өтеді ?

4. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейді ?

5. Жылдамдықтың 54 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.

6. Автомобильдің 2 сағат ішінде 120 км /сағ жылдамдықпен жүрген жолын тап.

7. Егер жол мен уақыт белгілі болса, онда жылдамдықты қалай өрнектейміз ?

8. Жылдамдықтың 25 м /с - пен берілген мәнін км /сағ - пен өрнекте.

9. Велосипедші 30 минут ішінде 9 км жол жүрді. Велосипедшнің жылдамдығын

табу керек.


Есептер шығару:
1. Велосипедші бірқалыпты қозғалып 60 мин ішінде 18 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м /с – пен өрнекте.

2. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығын тап.

3. Автомобиль жерге қатысты 15 м /с жылдықпен жүріп келеді. Автомобильдің 10 мин ішіндегі жерге қатысты жүрген жолын тап.

4. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығын тап.

5. Ұзындығы 200 м поезд 36 км / сағ жылдамдықпен ұзындығы 400 м көпірді жүріп өту үшін кеткен уақытты тап.

6. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км /сағ жылдамдықпен қозғалды. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығын тап.


V. Сабақты қорыту, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: §26. 8-жаттығу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет