Сабақтың басы
|
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3. (Ұ) «Миға щабуыл» әдісі
Оқулық § 1.1, 6-бет, 1-2-сурет
-Ақпарат сөзін қалай түсінесің?
-Адам ақпаратты қайдан алады?
-Адам қабылдаған ақпаратын қалай ұсыныу мүмкін?
-2-суретте адамның ақпаратты қабылдауының қандай түрлері бейнеленген?
-Адам, жануар мен өсімдік қоршаған ортадан ақпаратты қалай қабылдайды?
ҚБ: жұлдыз /1балл/
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4Сұрақтарға жауап береді
|
Жұлдыз
/1балл/
|
Оқулық
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Күнделікті өмір сүріп отырған қоршаған ортадан түрлі ақпарат алуға болады. Мысалы, біз терезеден қарап, бүгінгі ауа райының қандай екендігі туралы ақпаратты бере аламыз.
Ақпаратты біз әр түрлі нысандардан аламыз: кітап оқығанда, теледидар көргенде, әуен тыңдағанда, затпен жаңасқанда, асты ішіп жегенде, суреттерді көргенде.
«Ақпарат» латынша «informario» - «түсіндіру, баяндау, мәлімет» деген ұғымды білдіреді.
Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс және т.б.) туралы символ мен сигнал түрінде берілетін мәлімет.
Ақпараттың қабылдау түріне қарай жіктелуі.
/сурет/
Қоршаған ортада берілетін ақпараттың өзі әртүрлі болып беріледі. Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат
мәтіндік,
графикалық,
дыбыстық,
сандық
бейнеақпарат болып бөлінеді.
Ақпараттың негізгі түрлерін қарастырайық. Мысалы: сөз, мәтін, әңгіме түрінде берілген ақпаратты мәтіндік ақпарат деп атаймыз. Ал кейбір ақпараттар бізге сурет, сызба, кесте түрінде беріледі, оны біз графикалық ақпарат деп атаймыз. Енді кейбір ақпараттар бізге сандық көрсеткіш түрде беріледі. Мысалы, сандар, арнайы өлшеммен жасалынған ақпараттар, кейбір есептеулер. Мұндай ақпараттарды сандық ақпараттар деп атаймыз.Санмен берілген ақпарат суретсіз де, мәтінсіз де бізге түсінікті болады.
Жеке жұмыс.1-тапсырма. «Кестені толтыр»
Дескриптор:
-Ақпаратты қабылдау түріне қарай жіктейді.
ҚБ: жұлдыз /3балл/
Жеке жұмыс. 2-тапсырма. «Ақпарат түрлерін анықта»
Дескриптор:
-Ақпараттың берілу формаларын жазады.
ҚБ: жұлдыз /4балл/
Жеке жұмыс. 3-тапсырма.
-Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
Дескирптор:
-ақпаратты қалай және қайда сақталатының мысалдар келтіреді.
ҚБ: жұлдыз /2балл/
|
Мұғалімді тыңдайды
Дәптерге анықтамасын жазады
Дәптерге ақпарат түрлерін жазады
Кесте толтырады
Ақпараттың берілу формаларын жазады
|
Жұлдыз
3балл
Жұлдыз
2 балл
|
Сурет/слайд
Сурет/слайд
Сурет/слайд
Таратпа материал
|