Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады?



бет3/3
Дата24.04.2017
өлшемі1,16 Mb.
#14770
түріСабақ
1   2   3

VІ. Қорытынды бөлім.

— Күлтебастан қандай ойыншық жасауға болады?

- Күлтебасты қуыршаққа айналдыруға болады.

- Оқушылардың жасаған күлтебастарын тақтаға іліп қою.


VІІ. Үйге тапсырма беру,бағалау

Күлтебасты бас киімге тігу



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: музыка

Күні: 10.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мұғалім –ол біздің

Сабақтың мақсаты: Балаларға ұстаз мамандығының маңызын түсіндіру. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Үнтаспа , суреттер, оқулық

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең

Оқушыларды сабаққа даярлау.
ІІ. Өткенге шолу

Менің әліппем әнін хормен және әуен ырғағының сүйемелдеуімен айту.


ІІІ. Жаңа сабақ

Адам өміріндегі ең қымбат жаның бірі –ұстаз.

Өткені ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп,

қияға қанат қақтырады.Сондықтанда болар, кейбірдарынды ойшылдарда ,көп төсін шарлаған ғарышкерлер де, жүрек жұтқан батырлар да, қарапайым еңбек адамдары да, тіпті жас ұрпақты тәрбиелеп жүрген педагогтардың өздері де ұстазды пір тұтып, ерекше қадірлейді.


Музыка тыңдау: «Ұстазым» әні
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Ұстаздарға

Білім берген балаға

Сәуле құйған салаға

Мұғалімге бас иер

Данышпанда, дана бар

Құтты болсын қуаныш

Шаттық берсін тасыңыз

Деніңіз сау боп, ұстаздар

Жүзге жетсін жасыңыз


Ұстазым

Ақ ниеті төгілген

Шуақ төккен мейірімді көзіңнен

Қандайда бір орындалсын арманың

Тілегім осы шәкірттік адал көңілмен

Ұстазым бір өзіңсің қамқоршым

Бір өзіңсің жанашарым ұстазым

Осы күнге біліміңмен әкелген

Осы күнге қадіріңмен жеткізген

Талпын деп бізді алға жетелеген

Өзіңнен өсіп- өніп мен көтерілем

Сондада ұстазымды ұмытпаспын

Ұмытпауға мен саған серт етемін
Есімде менің ұстаздарым әлі де

Алғаш келіп алдыма ашқан әліппе

Үйреттің бізді сарқылмастай білімге

Үйреттің бізді сақадай сай тәртіпке


Ү. Сабақты қорытындылау

Балалар музыкада неше нота бар?

Октава дегеніміз не?
ҮІ. Үйге тапсырма:

Әннің сөзін жаттау


ҮІІ. Бағалау:

Оқушылардың барлығын бағалау




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: өзін-өзі тану

Күні: 14.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:  Отанымды сүйемін

Сабақтың мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту; Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру; Отанын сүюге, патроиттық тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері

Балалармен шеңберге тұрып бір-ірімізге жақсы тілектер айтып сабағымызды бастаймыз.


Отан деген...

Бірде құрбыластарым бас қосып, көңілді әңгімелесіп, сөз таластырып қалдық.

– Біз тұратын көше ауылдағы ең әдемі көше, жап-жалтыр асфальт төселген, –деді Мадина.

– Ешбір көше біздің көшеге жетпейді. Жол жиегі жап-жасыл ағаштар, тіптен өзіңді паркте жүргендей сезінесің,–деп мақтанышпен сөйледі Меруерт.

– Ой, қыздар-ай, біздің көше ше?! –деп, сөзін бастай берген Розаны Салтанаттың киліккен сөзі бөліп жіберді.

– Қойыңдаршы, қыздар. Бірде-бір көшенің ерекшелігі жоқ, бір үлкен қаладай-ақ бұл ауыл... –деп қабағын шытты.

– Қыздар үн-түнсіз қалды... Бәрі де Салтанаттың сөзін іштей мойындағандай. Өткір мінезді Самалдың қатқыл үні бәрімізді елең еткізді.

– Неге, неге олай дейсің, Салтанат? «Отан» деген құдіретті ұғымның өзі осы өз ауылыңнан, өз көшелеріңнен басталмай ма? Өз көшелеріңді сүймесең, оны мақтан тұтпасаң, Отанды қалай сүймексің? – деп жатыр.

Сол сәт мен де Самалдың өтімді сөзін толқи тыңдадым. Ойыма «Отаншыл болу от басынан басталады» деген батыр ағамыз Бауыржан Момышұлының аталы сөзі оралды...
·   Балалар өз көшелерін қалай мақтан етті?

·   Ал сендер «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?

Төменде берілген суреттерді пайдалана отырып, «Менің Отаным» деген тақырыпта айтып беріңдер.
Ризамыз саған біз.

 Қ. Ыдырысов

 Күнде шат күліп күн –

 Өміріміз жайдары.

 Мәңгілік бақыттың

 Өзіміз – айғағы.

 Күлеміз, ойнаймыз,

 Демалып алаңсыз.

 Ризамыз саған біз,

 Ұлы Отан – анамыз!


ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.


Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: логика әлемі

Күні: 14.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Алдымен, кейін

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: оқулық және әдістемелік құрал, суреттер


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі



Ми гимнастикасы.

Өткен сабақтағы жаттығуларды қайталау.


Ширату

Әкеңнің әкесін қалай атайсың? (ата)

«А» әрпінен басталатын бес ұлдың атын айт (Абылай, Айдын, Асхат, Арман, Айдар).

Өзіңдіқайдан көре аласың? (айнадан)

Иттің баласын калай айтады? (күшік)

Атасы немересін калай айтады? (немере)
Тапсырма №1.

Оқушыларға диалог құрғызу. Бұл адамдар бір-біріне не айтуы мүмкін?




Тапсырма №2.

Мына төмендегі фигуралардан құралған заттарды ойлап тауып, олардың суретін сал.


Көңілді үзіліс. Өткен сабақтағы жаттығуларды қайталау ұсынылады.

Логикалық ізденіс тапсырмалары.
Тапсырма №3.

Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен тапсырманы оқып, түсіндірме мысалды талдайды. Осы мысалға сүйене отырып, келесі тапсырманы шешеді. Жауабы: автобуспен адамдарды тасыса, ал жүк машинамен жиһазды тасиды; күн жылыда көйлек киетін болса, аязды күні тон киеді.
Тапсырма №4.

Жауабы: қияр артық, өйткені ол көкөніс. Басқасы жеміске жатады. Шие, алмұрт, алма-жеміс.
Көзге арналған жаттығулар. Мұғалімінің таңдауы бойынша.
Графикалық диктант.

Нүкте арқылы сурет салу. Нүктелерді қосып сызу арқылы құмырсқаның илеуге дейінгі жолын көрсет. Құмырсқаның илеуi және оның еңбекқорлығы туралы әңгіме-дүкен кұруға болады.
Сабақты қорытындылау.

Біз сабақта не үйрендік?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қызықты грамматика

Күні: 10.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық талдау

Сабақтың мақсаты:Өткенді тиянақтау, пысықтау. Білім , білік ,дағды машықтарын тексеру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Кім шапшаң Ойыны


Сергіту сәті
IV. Мақсат қою кезеңі

Бүгінгі сабағымызда өткенді қорытындылау мақсатында тест орындаймыз


V.Өз бетімен жұмыс

Н н әрпін көркем жазу

Тест
1Жіңішке дауысты дыбыстары бар сөзді тап:

асхана шыбын әңгіме


2 Бір буыннан тұратын сөзді тап:

Ыдыс топ ұя


3 Бес сөзден құралған сөйлемді тап:

Біз ауамен демаламыз.

Адамға таза ауа қажет.

Дәрігер науқасқа дәрі береді.


4. Тасымалдауға болатын сөзді тап:

Доп ыдыс ертегі


5. Артық сөзді тап:

Қарбыз қияр қозы сәбіз


6. Қанша? Неше?сұрағына жауап беретін сөзді тап:

Желім отыз әдемі


7. Не ?сұрағына жауап беретін сөз

Немере балықшы кесіртке


8. Кім? Сұрағына жауап беретін сөз:

Сабын қақпашы тауық


9. Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді тап:

Шеге күшік жапалақ


10 . Төрт буынды сөз:

Тамақ домбырашы ойыншы


VI. Жаңа материалды пысықтау

Орындаған тапсырмаларын жинап алып текеріп, қорытыны жасау, орындағандарына байланысты кемшілігін, жетістігін ескеріп мадақтау.



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 10.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №8
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бақылау жұмысы арқылы теңдеуді шешудің қарапайым әдістерін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Әртүрлі тапсырамаларды шешу арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа, логикалық ойлау жылдамдығына тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дәптері мен тақтадағы бақылау жұмысы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын аудару

Оқушыларды бақылау жұмысына даярлау
ІІ. Мақсат қою

Балалар, біз бүгін бақылау жұмысын орындаймыз. Біз бірінші рет емес осымен бесінші рет орындайын деп тұрық. Ережесін сендер білесіңдер, тағы да айта кетем:



  • құрал-жабдықтарыңның барлығы дерлік дайын тұруы

  • жан-жаққа алаңдамауың керек

  • көршіңе және өзге балаларға кедергі келтірмеу

  • өз бетімен орындау

ІІІ. Бақылау жұмысы



№1 а мен 3 санының қосындысын жаз. а-7,6,5,4,3,2,1,0 деп алып өрнектің мәнін тап
А мен 40 сандарының айырмасын жаз. А-100,90,80,70,60,50,40 деп алып өрнектің мәнін тап
№2 Салыстыр

5-3*10-5 70-20*20-20 5-3*7-4

4+5*7+1 90+10*50+30 8+0*10-5

7-2*2+2 100-50*30+70 5-3*1+5

1+7*9-5 50+0*60-20 3+3*10-6
№3 Өрнектер құрастыр

7 мен 2-нің, 9 бен 7-нің, 50 мен 40-тың, 5 пен 1-дің, 5 пен 3-тің, 80 мен 30-дың, 20 мен 10-ның айырмаларын құрастырып жаз.
№4 Сөз есепті шығар

Мұрат 5 ойыншық бояды. Айдос одан 3 ойыншық артық бояды. Айдос неше ойыншық бояды?
Кәмшат 6 ою ойып алды. Гүлнәр одан 2 ою кем ойды. Гүлнәр неше ою ойды?
№5 Теңдеуді шешу

A+3=8 a-5=5 4+a=10 9-a=4 10-a=8
ІҮ. Бақылау жұмысын бекіту

Балалармен бірге барлық есептерді талдап шығару.

Балалар енді біздер мына орындаған тапсырмаларымызды тексеру үшін мына есептерді талдап шығайық.
Ү. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың өз қателерін біліп отыруға жағдай жасау
ҮІ. Үйге тапсырма беру

Есептер шығару
ҮІІ. Бағалау

Оқушылардың тапсырманы талдауларына байланысты мадақтап бағалаймын.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 11.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Кесінділерді сызу

Сабақтың мақсаты: Геометрияның және алгебраның элементтері (көпбұрыштардың төбесі, бұрышы, қабырғасы) жайында түсінік беру; көпбұрыштың кейбір түрлерін мәнді белгілеріне қарай анықтаудың үлгісін пысықтау. Геометрияның және алгебраның элементтері жайлы білімдерін дамыту. Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.

Көрнекілік: Геометриялық фигуралар.Көпбұрыштар, сызғыш, түрлі борлар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Түзулер:

Нүктелер:

Дөңгелектер:

Бұрыштар:

Шаршылар:

Қисық сызықтар:

Кесінділер:

Сәулелер:


ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Ұзындығы 4см болатын кесінді сыз.

Осындай 4 кесіндіден геометриялық фигура құрастыр.


──────────── 4 см


Төртбұрыш

Кесінділердің ұзындықтарын өлше, оларды салыстыр.

Ең қысқа кесіндіден 3см ұзын кесінді сыз.

Ең ұзын кесіндіден 4см қысқа кесінді сыз.
3 см + 3 см═ 6 см

10 см ─ 4 см ═6 см


ІҮ. Сабақты қорыту:

Біз не білдік? Талқылау.


Ү. Үйге тапсырма:

Тіктөртбұрыштың периметрін табу


ҮІ. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 12.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Кестелік қосу мен азайтуды үйрендік.

Сабақтың мақсаты: Кестелік қосу мен азайту дағдыларын тиянақтау. Геометрияның және алгебраның элементтері жайлы білімдерін дамыту. Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.

Көрнекілік: Кестелер


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Балаларға үйге берілген тіктөртбұрыштың периметін тапқандарын дәптерлерінен тексеріп тақтаға шығартып сол есепті талдатқызамын.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Кестелік қосу мен азайтуды үйрендік.

1. Қосылғыштары бірдей қосындыларды жазып, мәндерін тап.

0+0═0 1+1═2

2+2═4 3+3═6

4+4═8 5+5═10

6+6═12 7+7═14

8+8═16 9+9═18

10+10═20


  1. Мәні 0─ге тең болатын айырмаларды жаз.

10─10═0 9─9═0

8─8═0 7─7═0

6─6═0 5─5═0

4─4═0 3─3═0

2─2═0 1─1═0


  1. Математикалық диктант. Тек жауаптарын ғана жаз:

3+2 5─2 4+3 7─3

6─2 4+2 8─3 5+3

5+2 7─2 6+3 9─3

8─2 6+2 10─3 7+3

7+2 9─2 5+4 9─4

10─2 8+2 10─4 6+4




  1. Айырмалардың мәндерін тап. Олардың қандай қосындылармен байланысты екенін анықта:

5─3 8─6 7─4 10─7

6─4 9─7 8─5 9─5

7─5 10─8 9─6 10─6


ІҮ. Сабақты қорыту:

Біз не білдік? Талқылау.


Ү. Үйге тапсырма:

Ауызша шапшаң есептер шешіп үйрену


ҮІ. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 13.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №9
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бақылау жұмысы арқылы теңдеуді шешудің қарапайым әдістерін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Әртүрлі тапсырамаларды шешу арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа, логикалық ойлау жылдамдығына тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дәптері мен тақтадағы бақылау жұмысы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын аудару

Оқушыларды бақылау жұмысына даярлау
ІІ. Мақсат қою

Балалар, біз бүгін бақылау жұмысын орындаймыз. Біз бірінші рет емес осымен бесінші рет орындайын деп тұрық. Ережесін сендер білесіңдер, тағы да айта кетем:



  • құрал-жабдықтарыңның барлығы дерлік дайын тұруы

  • жан-жаққа алаңдамауың керек

  • көршіңе және өзге балаларға кедергі келтірмеу

  • өз бетімен орындау

ІІІ. Бақылау жұмысы



1. Есепті шығар.

Әсем 4 тәрелке, одан 2─еуі артық кесе жуды

Әсем неше кесе жуды?
2. Өрнектердің мәнін тап;

7+2═ 20+50═ 80─30═

7─5═ 90─20═ 20+40═

7─2═ 40+60═ 70─50═


3. Әйнекшеге тура теңдік шығатындай етіп сан жаз:

80─30═40+ □□ 50+40═60 + □□

70─40═ 80─ □□ 90─70═ 70─ □□
4. Теңдеуді шеш:

А+20═30 а─40═10 20+а═70


5. Ұзындығы 3 см, 4 см, 6 см болатын кесінділер сыз
ІҮ. Бақылау жұмысын бекіту

Балалармен бірге барлық есептерді талдап шығару.

Балалар енді біздер мына орындаған тапсырмаларымызды тексеру үшін мына есептерді талдап шығайық.
Ү. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың өз қателерін біліп отыруға жағдай жасау
ҮІ. Үйге тапсырма беру

Есептер шығару
ҮІІ. Бағалау

Оқушылардың тапсырманы талдауларына байланысты мадақтап бағалаймын.
Каталог: uploads -> doc -> 0d88
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d88 -> Сабақтың тақырыбы: Егеменді, тәуелсіз ел ұланымыз, Қазақ тілін құрметтеу -ұранымыз!
0d88 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сүйектердің құрылысы бойынша оқушылардың білімдерін бір қалыпты тиянақтау
0d88 -> Сабақ: қазақ тілі «Тағам түрлері»
0d88 -> Сабақ Пән мұғалімі: Шалдыбаева Асемгул Матайкызы 35/35 сабақ жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет