Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады?



бет2/3
Дата24.04.2017
өлшемі1,16 Mb.
#14770
түріСабақ
1   2   3

II.Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырмаларды Өлеңді мәнерлеп оқу және мазмұндау сұрап пысықтау.

Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау- Бөлтірік Тезек төрені қандай  сөзбен жеңетінін айтты?


IV. Мақсат қою кезеңі:

Сондай, орақ ауыз, шешен тілді тағы тұлғаларымыздың тапқыр ойлы сөзін ойға түйіп алайық.


V. Жаңа сабақ:

Досболдың тапқырлығы. Бұл әңгіме ел аузынан таралған. Мәтінді оқу


VI.Жаңа материалды пысықтау:

Досболмен кім түстеніп отырған?

Үй иелері түскі асқа не дайындаған?

Балаби не істемекші болды?

Досболға қандай сөз айтты?

Ол сөзді айтып отырып не істеді?

Жолдасының қулығын сезген Досбол қандай айла , тапқырлық жасады?

Мәтін кім туралы айтылған?

Мәтіннің негізі ойы не?

Бізді неге тәрбиелейді?

Сөз айтсаң да не іс қылсаңда тауып ойланып жасау керек екені туралы айтып тұр. Тапсырма беру. Мәтінмен досбол шешеннің Балабиге  берген жауабын тауып оқыту.
VII.Сабақты қорытындылау

Мәтін бізге ұнады ма?

Ұнаса несімен ұнады?
VIII. Үйге тапсырма

207-208 бет мазмұндау. Ереже жаттау



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: дүниетану

Күні: 13.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:.Жаз. Адамдардың жазғы еңбегі.

Сабақтың мақсаты: Жаз мезгілі туралы түсінік беру. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу, жазғы өсімдік , табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу.

Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгіліне байланысты суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.                         

Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі. Бунақденелердің көктемгі тіршілігі тақырыбы бойынша оқушылардан мазмұнын түігендерін сұраймын және осыған,и өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып жауап аламын.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: 

Көктемде адамдар қандай жұмыстар істейді?


ІҮ. Мақсат қою:тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жаз мезгілі туралы түсінік беру. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу, жазғы өсімдік , табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу.


Ү. Жаңа сабақ:

а) Жаз көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, ауа райында,табиғаттан қандай өзгерістерді байқағанын әңгімелету. 

ә) Жаз туралы оқып беру.

б) Дауыстап оқыту.



Сергіту сәті.
ҮІ. Жаңа білімін тексеру:

-Суреттегі өсімдіктерді қандай жерлерде кездестіруге болады?

-Жазда өсімдіктер тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

-Жаз айы қай айдан басталады?

-Адамдардың жаздағы еңбек түрлерін ата?

-Ауыл шаруашылық машиналарының атын ата.?

-Қандай ағаштар мен бұталар гүлдеп жеміс салады?
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Біз  не  жайында  білдік?


ҮІІІ.Үйге тапсырма.

Мазмұндау
ІХ. Бағалау:

Оқушыларды мадақтап бағалаймын.



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: бейнелеу өнері

Күні: 11.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті нақыштар бойынша пішіндік-түстік композиция. Қазақтың ұлттық сәнді қолданбалы өнері


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы мағлұмат беру. Ою - өрнектердің ерекшеліктері, мазмұны жайлы түсінік беру, оқушылардың ою - өрнектерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту, эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиялеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сәнді қолданбалы өнер шығармаларының туындылары, суреттер, плакат, интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сайыс, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Сынып оқушыларды сабаққа даярлау..
2. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.

II. Өткен сабақты тексеру.


1. Оқушылардың үй жұмысын тексеру.
2. Өткен тақырыптан ауызша сұрақтар қою, анықтамасын сұрау. 3. Қандай ұлттық аспаптарды білесіздер?

4.Ұлтық аспаптар неден жасалады?

5.Қазақ ұлттық аспаптары ерекшілігі неде?
III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Кіріспе. Қазақтың сәндік қолданбалы өнері көркем өнеркәсіптің дамуына, маман суретшілер мен халық шеберлерінің қызметіне зор ықпал етті және көршілес жатқан халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып отырады.


Оқушыларды үш топқа бөлу: «Зергерлер», «Шеберлер», «Суретшілер»
Сәндік қолданбалы өнер ою - өрнек, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруден тұрады. Қазақ халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою - өрнек өнері, ши тоқу, алаша (қазіргі гобелен), сырмақ сыру және т. б. өнер түрлері ұлттық өнер мақсатына айналып, басқа елдерге де танымал болған. Қазақтың осы күнгі ою - өрнегін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды.

1-Бөлім. Сөзжұмбақ «Ою - өрнек»


1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)
2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)
3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)
4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)
5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )
6. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)

2 - Бөлім.


Әрбір сайыста дұрыс жауапқа бір оюдан(ұпай) беріледі, сайыс соңында ұпай саналады.
«Қолөнердің қыр - сырлары» Сұрақ - жауап сайысы.
1. Қолөнері дегеніміз не?
2. Зергер дегеніміз кім?
3. Ісмер дегеніміз кім?

3 - Бөлім.


«Сегіз қырлы бір сырлы» Топпен жұмыс.
Ұлттық аспаптар суретін салу

4 - Бөлім.


«Өнер алды қызыл тіл» Мақал - мәтелдер сайысы.
Қай топ көп мақал біледі?

5 - Бөлім.


Әр топтан бір баладан шығып салған суреттерін қорғайды

Оқушылардың алған ұпай сандарын есептеп ,жеңімпаз топ анықталып марапатталады..


ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушыларға жаңа сабақтан сұрақтар қою.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.


«Сәндік қолданбалы өнер» туралы мәліметтер жинау
ҮІІІ. Бағалау

Оқушылардың кемшілік жетістіктерін ескере отырып, жасаған жұмыстарын мадақтап бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 13.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Тоқыма жіппен сәндеу. Жіптен кітап арасына салатын тілша жасау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мататану, мақта және зығыр маталардың алынуы туралы білім беру; оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту;
тәрбиелік: оқушыларды әдемілікті сезіне білуге, ұқыптылыққа тәрбилеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілік құралы: мата қиындылары, қайшы, ине - жіп

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Шайдың қандай қасиеті бар?
2. Шайдың қандай сорттары өсіріледі?
3. Олардың бір - бірінен қандай ерекшелігі бар?
4. Шайды дұрыс демдеу туралы айтып беріңдер.
5. Какаоның қандай қасиеттері бар?
6. Оны қонақтарға қалай ұсынады?
7. Кофенің қандай қасиеттері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Барлық тоқыма маталар талшықтардан тұрады. Ең алғаш адамдардың жіп алуға қолданған талшықтары қалақай (крапива) және кенешөп (конопля) талшықтары болды.
Қазіргі жағдайда түрлі табиғи (мақта - мата, зығыр, жүн және т. б.), сондай - ақ, химиялық талшықтар қолданылады.
Өсімдік талшықтарынан алынған табиғи мата шығаруда мақта мен зығыр қолданылады.
Қоза – 1 метр биіктікке дейін өсетін біржылдық бұталы өсімдік. Қоза өскеннен кейін ұрық қабыршағы ашылады. Қабыршақ ішіндегі тар өзегі талшықтармен оралған. Мақта талшықтары – ақ түсті, үлпілдеген, қысқа, жұмсақ, жіңішке болады. Нақ солардан мақта - мата жіптері мен маталарын алады. Сонымен қатар, мақтаның тұқымын май, жануарларға қорек ретіндегі жемді алады. Мақтаны құнды қасиеттері үшін ақ алтын деп атайды.
Мақтаның шыққан Отаны – Үндістан, Қытай және Мысыр. Ол 30 градустық ыстықты және өте көп мөлшердегі ылғалды жақсы көреді. Біздің елімізде қоза оңтүстік аймақта өсіріледі.
Зығыр – биіктігі 1 метрге жетпейтін өсімдік, сабағының қабықты бөлігінен талшық алынады. Талшықтан мата шығарылады. Бұл талшықтар талшықтан жасалған (лубяные) деп аталады. Олар тегіс, ұзын, тіке, берік және қалың болады. Зығыр матасы әдетте сұр түсті. Өзіне тән жылтыр сұр түсіне қарай зығырды солтүстік жібегі деп атайды.
Киімді тігуде оның айырмашылығы білу керек. Матаның өң беті мен ішкі бетін айырудың белгілері мынадай:
1. матаның өң бетінде түйіндер аз болады.
2. өң бетінің суреті анық айшықталған.
3. өң бетінің жиегі жатық.
4. матаның өң беті жылтырайды, ішкі беті жылтырамайды.
Әрлеп безендірілген матаның өң және ішкі беті болады. Өң бетінде сурет анық айшықталады.
Жіп иіру дегеніміз - жекелеген қысқа талшықтардан ұзын жіп (иірілген жіп) шығарып алу. Тоқымашылық – мата алу үшін иірілген жіптерді өзара өріп - тоқу процесі. Жіп иіру де, тоқымашылық та ерте замандардан - ақ белгілі болған.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Талшықтар қандай болып келеді?
2. Зығыр және мақта - матасының айырмашылығы қандай?
3. Жіп иіру дегеніміз не?
4. Тоқымашылық деп қандай процесті атайды?
5. Тігін матасы неден тұрады?
6. Матаның негізін қалай анықтаймыз?
7. Матаның өң бетін анықтау неге қажет?

Ү. Сабақты қорыту. Міне, қыздар бүгін біз мататану, мақта және зығыр маталары туралы көп мағлұмат алдық. Матаның өң және терістеме жағын ажыратуды білдік.

ҮІ. Үйге тапсырма.
Тоқыма жіптерін алып келу
ҮІІ. Бағалау

Жұмыстарына байланысты мадақтап бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 14.05.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың  тақырыбы :  Күлтебас жасау.

Сабақтың мақсаты: Жіптен күлтебас жасау жолын түсіңдіру. Күлтебас жасау арқылы оқушылардың  қол  икемділіктерін дамыту. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, қол өнерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  Аралас

Сабақтың әдістемелік тәсілі:

Сабақтың қолданбалы көрнекілігі:  Күлтебас

Сабақтың пайдаланатын құралдары: жіп, қайшы, қатты қағаз.
Сабақ барысы:  

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жіптен құрамақ құрастыру.



1. Шайдың қандай қасиеті бар?
2. Шайдың қандай сорттары өсіріледі?
3. Олардың бір - бірінен қандай ерекшелігі бар?
4. Шайды дұрыс демдеу туралы айтып беріңдер.
5. Какаоның қандай қасиеттері бар?
6. Оны қонақтарға қалай ұсынады?
7. Кофенің қандай қасиеттері бар?

ІІІ. Жаңа материалдармен танысу.

Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы:  «Күлтебас жасау»  деп аталады.


ІV. Жаңа сабақ.

1.Күлтебасты қандай бұйымдарда пайдаланамыз?

2.Күлтебасты неден жасауға болады?


Практикалық бөлім.

Күлтебас жасау тәсілі.

1- 4 сурет бойынша жасау.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет