Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі Оқу сабағының жоспары Сабақтың тақырыбы:Бөлшектің түрлері мен оларға қолданылатын амалдар.Пайыз
Модуль /пән атауы: Математика теория негіздері және бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі
Дайындаған педагог: Ажибеков Нуржан
Күні: 21.04.2022ж
1.Жалпы мәліметтер Курс, оқу жылы, топ: 3-курс,2021-2022 оқу жылы,МИБ 19 -9
Мамандығы: Негізгі орта білім беру.
Біліктілігі:Математика мұғалімі
Сабақ түрі: Пысықтау
2. Мақсаты, міндеттері: Бөлшек сандар туралы, бүтін сандар жиынын қандай сандар құрайтынын, рационал сандар жиынын қандай сандар құрайтыны туралы түсінік беру; таңбалар ережесімен таныстыру, берілген санның қарама-қарсы санын тауып үйрету. Бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру
Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу
3.Оқу-жаттығуы процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін мәселелер және кәсіби дағдылар тізбегі:
Оқуға бағыт-бағдар беру;
Топта жұмыс істеу арқылы тақырыпты меңгеріп шығу;
Студенттердің өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
. 4.Қажетті ресурстар: А.Е.Әбілқасымова, З.Ә. Жұмағұлова. Алгебра және анализ бастамалары. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2019.
5.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу міндеттері студенттерге таныстырылады.
Үй жұмысының Дұрыс орындалуын тексеру
Өтілген тақырыпты қайталау тапсырмалар беріледі. Және тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру